Қырғызстанда өткен Түркі кеңесінің VI сам­ми­ті интеграция аясы кеңейіп келе жатқанын айғақтады

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев Қырғызстанның Шол­пан-Ата курорттық айма­ғында өткен Түркі тілдес мем­лекеттердің ынты­мақ­тас­тық кеңесінің VI сам­ми­ті­не қатысты. Іс-шара­ның бас­ты тақырыбы ұлт­тық спорт түр­лері мен жас­тар сая­са­тын дамытуға арналды.

Егемен Қазақстан
04.09.2018 3725
2

Түгел түркі төрге озған күн 

Түбі бір түркі халықтарының басын қосқан саммитке Кеңеске мүше мем­ле­кет­тердің басшылары – Түр­кия Пре­зи­денті Режеп Тайип Ердоған, Əзер­байжан Пре­зи­­денті Ильхам Əлиев, Қырғыз­стан Президенті Соорон­бай Жээн­­беков және бақы­лаушы мəрте­­бесіне ие Өзбекстан Пре­зиден­­ті Шафкат Мирзиёев пен ар­­найы мейман Венгрия Пре­мьер-министрі Виктор Орбан келді.

«Рух Орда» мәдени орталы­ғын­да құрметті меймандарды қар­­сы алу рәсімі аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары ор­тақ суретке түсіп, жиын бола­тын залға өтті. Түркілердің ба­сын қосқан ал­қалы жиынды ашқан Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаев ұйымның аясы кеңе­йіп, маңызы артқанын мәлімдеді.

«Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің көп­тен күткен саммитінде сіздер­мен кездесіп отырғаныма өте қуа­ныш­­­­­тымын. Ең алдымен қыр­ғыз елі­нің жауһары – Ыстықкөл­дің жа­ға­сында қонақжай көңіл­мен қар­­сы алған қырғыз елі мен оның Пре­зиденті Сооронбай Жээн­беков­ке айрықша алғысымызды біл­ді­реміз», деді Қазақстан басшысы.

Сонымен қатар Н.Назарбаев жиынға қатысып отырған Өз­бек­стан Президенті Шафкат Мир­­зиёев пен арғы бабалары түркі тектес Мажарстанның Пре­мьер-ми­­­нистрі Виктор Орбанның қа­ты­­суын ерекше атап өтті.

«Қадірлі қонақтардың бү­гінгі басқосуға келуі Түркі кеңе­­сінің аясы кеңейіп, маңызы арт­қа­нын көрсетеді. Саммитте қол жет­кі­зіл­ген уағдаластық пен сая­си ше­­шімдердің арқасында өза­ра ын­­ты­мақтастығымыз бен бауыр­лас­тық байланыстарымыз одан әрі арта түсетініне сенімдімін», деді Қазақстан Президенті.

Одан әрі Нұрсұлтан Назарбаев Түркі тілдес мемлекеттердің ын­­ты­мақтастық кеңесінің төраға­лы­ғын Қыр­ғыз­станға тапсырды.

«Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің төра­ғасы мәртебесін шаңырақ иесі Қыр­ғыз Республикасының Прези­денті Сооронбай Жээнбековке та­быстай отырып, оған ұйым жұ­­мысы барысында мол табыс ті­леймін», деді Н.Назарбаев.

Өз кезегінде С.Жээнбеков Қа­зақстан тарапына алғысын біл­ді­ріп, ат­қа­рылған жұмыстарды жо­ғары баға­лады.

«Ең әуелі, Қазақстанға және құрметті Нұрсұлтан Әбішұлына Түркі тілдес мемлекеттердің ын­ты­мақтастық кеңесінде сәтті төра­ғалық еткені үшін ерекше алғы­сымды айтқым келеді. Осы уақыт аралығында Қазақстан Түр­кі кеңесінің абыройын асқақтатып, мүше-мемлекеттер арасындағы маңызды келісімдерді жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Қазақстан тарапының атқарған жұмысына алғысымыз зор», деді Қырғызстан басшысы.

С.Жээнбеков биылғы саммит­тің ерекше форматта өтіп отыр­ғанына тоқталды. Өзбекстан Пре­зиденті Шафкат Мирзиёев пен Ма­жарстан Премьер-ми­нис­трі Вик­­тор Орбанның іс-шараға ке­луі Кеңестің ауқымы ке­ңейе түс­кенін көрсететінін айтты.

«Өзбекстан Республикасының Түркі кеңесіне мүше ретінде кі­ру­ге талпынысын жоғары баға­лай­мын әрі қолдаймын. Бұл қа­­дам Түркі кеңесінің ауқымы ке­­ңейіп, халықаралық аренада абыройы артуына қолайлы жағ­дай жасайды. Алдағы уақытта Өз­бек­станның қо­сылуы ұйымға жаңа серпін беріп, көптеген жаңар­­туға сеп бола­ды деп сене­мін. Еу­ропаның ортасында орна­ласқан Венгрияның шыққан тегін ұмытпай, тамырлас елдермен достық қарым-қатынасты сақ­тап, мәдениеті мен әдет-ғұр­пына құр­мет білдіруі бізді қуан­тады. Бүгін Венгрия тарапы Түр­кі кеңе­сіне бақылаушы мемлекет мәрте­бесіне ие болады», деді С.Жээн­беков.

Қырғызстан Президенті ұйым аясының географиялық тұрғыда кеңеюі, ынтымақтастықтың нығая түсуіне сеп болатынын атап өтті. Бауырлас Түрікменстанға Түркі кеңесінің есігі әрдайым ашық екенін мәлімдеді. Сондай-ақ Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің жас­тары арасындағы байланыс­тарды нығайтуға шақырып, эко­но­­ми­калық және гуманитарлық ба­ғыт­тағы арнайы жобаларды бір­лесе атқарудың қажеттігін айтты.

Табысты төрағалық

Саммитте сөз алған Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан төра­ғалығы кезінде атқарылған шара­ларға тоқталып, Түркі кеңесінің тиімді жұмыс істеп отырғанын атап көрсетті.

«Қазақстанның төрағалығы кезінде Түркі мемлекеттерінің ин­те­грациясы өз жалғасын тапты. Атап айтқанда, Астанада өткен сам­митте түркітілдес мемлекет­тер интеграциясының тұжырым­да­масын әзірлеу жұмыстары тапсырылған болатын. Бүгін сол құ­жат қабылдауға дайын. Мұнда ин­теграцияның мақсаттары мен қағидаттары, даму кезеңдері мен іске асыру жолдары айқындалды. Сондай-ақ бәсекеге қабілетті ұлт­тық экономика құруға, мәде­ни-гуманитарлық байланыстар­ды тереңдетуге ықылас таныттық. Бүгін ақпараттық технологиялар, энергетика, көлік-транзит, қаржы салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды», деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті ғылыми-ағартушылық жұмыстарға да айрықша көңіл бөлінгенін жеткізді. Мәселен, ор­тақ түркі тарихы оқулығы әзір­леніп, мектеп бағдарламасына енгі­зіле бастады. Халықаралық Түркі академиясы тарихымызды таны­тып, сананы жаңғыртуға бағыт­талған 90-нан астам кітап шы­ғарды. Төрт мың жылдық мәде­ни мұрамызды жинақтап, оны жа­риялауға арналған «Аталар мирасы» порталы іске қосылды.

«Туысқан елдердің тіршілік дамуын басып отыратын «Түрк барометр» әлеуметтік зерттеу жобасы жүзеге асырыла бастады. Туризм саласындағы әріптестігімізді жандандыру мақсатында «Заманауи Ұлы Жібек жолы» жобасы іске қосылды. Бұл Ұлы Жібек жолында орналасқан елдеріміздің көне тарихынан сыр шертетін киелі орындарын 14 күнде аралап шығуға мүмкіндік береді. Мұның бәрін түркі интеграциясының табыстары ретінде бағалаймыз», деп атап өтті Н.Назарбаев.

Қазақстан Президенті 2015 жылы Астанада өткен V саммиттен бері түркі тіл­дес халық­тар­дың саяси байла­ныс­тары нығая түс­кенін айтты. Мәселен, осы мер­зім ішінде Түр­кі кеңесіне мүше мемлекеттер басшылары екі­жақты кездесу­лер өткізіп, өзара сапар алмасты. Аталған ынты­мақ­тастық сауда-эко­­номика­лық, әлеуметтік қа­ты­нас­тардың ке­ңеюіне мүмкіндік бер­ді. Мыса­лы, 2015 жылмен са­лыс­тырған­да Түркі кеңесі мем­ле­­кет­тері ара­сындағы сауда айна­лы­мы 2017 жылы 22 пайызға артқан.

«Күллі Түркі интеграциясы үшін маңызы зор Орталық Азия мем­лекеттері ынтымақтастығы жаңа белеске көтерілгенін атап өткім келеді. Бұған дәлел ретінде биылғы наурызда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Астанада басқосуын айтуға болады. Мұндай басқосуды одан әрі жүргізе беруге келістік. Ендігі кездесуі келер жылы наурызда Ташкентте өтеді. Он күн бұрын Тү­рікменстанда өткен Арал сам­миті түркі тілдес елдердің ортақ мәселесін бірлесе шешуге әр­дайым әзір екенін тағы да дәлел­деді», деді Қазақстан Президенті.

Елбасы қазіргі таңда әлемдегі саяси ахуал өзгеріп, экономика тұрақсызданып, халықаралық қатынастар шиеленісе түскенін айтты. Оған себеп болған саяси және сауда бәсекелестігі, тауарлар биржасы, қаржы нарығы, құйылған инвестицияның азаюы секілді мәселелер мен терроризм, діни экстремизм, ұйымдасқан қылмыс, заңсыз миграция және есірткі тасымалы секілді сын-қатерлер Түркі дүниесіне әсер етпей қоймайтынына тоқталды. Осы­ған байланысты Елбасы жиынға қатысушылар назарын бірқатар бастамаларға аударды.

«Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастарды нақты істер арқылы кеңейту қажет. Ең алдымен, ел­деріміздің транзиттік әлеуетін то­лыққанды пайдалануымыз керек. Біздің елдеріміз құрлықтың ортасында Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасын жалғастырып жатыр. Жақында Ақтау қаласында қабылданған Каспий теңізінің құқықтық мәр­те­бесі туралы конвенция еліміз­дің транзиттік әлеуетін одан әрі арт­тыруға серпін береді. Осы сала­дағы істердің бәрін үйлестіру, то­лық транзиттік жобалары­мыздың тиімділігін еселеуге мүм­кіндік береді», деді Президент.

Елбасының сөзіне қарағанда, Қазақстан жағында Құрық теңіз порты, Ақтау теңіз порты 26 мил­лион тонна жүкті өткізетін әлеует­ке жетті. Оның үстіне Иран мен Түрік­менстан арқылы Парсы шыға­на­ғына шығатын, Каспий ар­қы­лы жүк тасымалы жолы ашыл­ған. Н.Назарбаев осы мүм­кін­­дікті тиімді пайдалануға үндеді.

Сонымен қатар Астана ха­лық­аралық қаржы орталығын бірле­сіп пайдалану қажеттігін атап көр­сетті. «Орталықтың өңір­лік хаб болуы үшін жаңа техно­ло­­гия­ны қолданып, қаржы қор­­ла­рын да­мытуға, капиталды шоғыр­­лан­ды­руға және танымал инвес­тор­­лар мен қаржы сарапшыларын тар­­ту­ға барлық жағдай жасал­ған. Осы орайда, сіздерді орталық­тың қыз­­­­метін кеңінен қолдануға ша­қы­­­­ра­мыз», деді Қазақстан Прези­денті.

Түркі ынтымағын ұйыстыратын жобалар
ұсынылды

Бұдан кейін Мемлекет басшысы елімізде «Рухани жаңғыру» бағ­­дар­ламасы табысты жүзеге асы­ры­лып келе жатқандығын, ла­тын гра­фикасына негізделген жа­ңа әліп­би әзірленгенін мәлімдеді.

«Қазақстанның латын графикасына көшуі – түркі тілдес ел­дердің жазу мәдениетін жақын­дастыра түсетін айтулы жа­ңалық. Сонымен қатар «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жүзеге асырылды. Тағы­лымы мол тарихымызда әл-Фараби, Ясауи, Абай, Юнус Эм­ре, Низами, Физули, Ұлықбек, Айт­матов секілді ірі тұлғалар бар. Осыған байланысты Түркі кеңесі аясында «Түркі әлеміндегі 100 жаңа есім жобасын әзірлеуді ұсынамын», деді Президент.

Н.Назарбаев Түркістан қала­сының түркі әле­мін­ің рухани әрі мәдени орталығы екенін еске сала отырып, таяуда Түркістан облысы құрылып, ор­талығы Түркістан шаһарына ауысқанын жеткізді.

«Ежелгі дәуірден тамыр тартатын Түркістан қаласы облыс мәр­тебесін алды. Осылайша түбі бір түркі халықтары үшін қас­терлі атау өзінің тұғырына қай­та қонды. Бұл – біздің тұтасты­ғы­мызды нығайтып, елдігімізді бе­кем­дей түсетін тарихи оқиға. Ал­тай­дан Анадолыға, Бай­кал­дан Балқанға дейінгі атырапта, Саха­рада байырғы баһадүр ба­ба­лары­мыздың іздері сайрап жа­тыр. Түркі халықтары үшін қа­сиет­ті ұғымдарды көзіміздің қара­шы­ғын­дай сақтап, кейінгі ұрпаққа лайық етіп қалдыру үшін «Түркі әлемі­нің киелі жерлері» жобасын қолға алуды ұсынамын. Жоба түркі әлемінің мәдениеті мен тари­хын насихаттауға зор үлес қоса­тынына сенімдімін. Жас­тар саясатына қатысты жұмыс­тарды жандандырған жөн. Осы ретте, Түркі кеңесі жас­та­ры­ның құ­рылтайын жүйелі түрде ұйымдас­тыруды ұсынамын. Жоба аясында ғылыми конференциялар, се­минарлар және басқа да іс-шара­лар өткізуді қарастыруға болады. Бұдан бөлек, жастардың түркі әле­мін бірегей тарихи жерлерге өл­кетану экспедициясын ұйымдас­тыруды ойластыру қажет. Атал­ған шаралар жастарымызды жа­қындастырып, елдеріміздің мә­дени ерекшеліктері туралы бі­лім­­дерін тереңдетуге өз септігін тигі­зеді», деді Қазақстан басшысы.

Н.Назарбаев Түркі кеңесінің жұмысын жүйелендіру қажеттігін де мәлімдеді. Өйткені қазіргі Хат­­шылықтың мандаты тех­ни­­ка­лық және хаттамалық мәселелермен шектелген. Оған қоса, түр­кі ын­ты­мақтастық институт­тары­ның қыз­метінде қосарланушылық жиі кездеседі.

«Ұйымның тиімділігін, функ­­цио­налдық икемділігін және инс­ти­туттардың әлеуетін күшей­ту мақ­сатында Түркі академия­сын, Түр­кі мәдени «Мирас» қорын, және Ақ­сақалдар кеңесін ТҮРК­СОЙ-мен біріктіру керек. Бар­лы­ғы ТҮРКСОЙ-дың аясында жұмыс істесін. ТүркПА Түркі мемле­кет­тері парламенттері арасындағы ынтымақтастықты орнату бойынша өзінің мақсатын орындады. Бүгінде оның қызметінде жүйе­лілік байқалмайды. Сондықтан ұйымның жұмысын сараптау қажет. Тиімді болса, онда оның функцияларын Хатшылыққа берген жөн. Егер тиімсіз болса, онда оны толығымен қысқартуды ұсынамын. Бұл шаралар ұйым жұмысын тиімді оңтайландыруға,  мәдени-гуманитарлық қыз­мет­терін бір жерде реттеуге, қызметкерлер санын қысқартуға, сондай-ақ қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде Хатшылық түр­кі­тілдес ел­дер­дің әкімшілік ор­талығы болып қана қоймай, ұйымның интел­лектуалдық өзегіне айналуы тиіс. Осылайша, біздің ұйым бірін-бірі толықтыратын екі деңгейден тұрады. Олар – Хатшылық және мәдени-гуманитарлық саламен айналысатын институт. Осы орайда ұйым Хатшылығы барлық тараппен бірлесе, бүкіл бастамалар мен ұсыныстарды мұқият пысықтап, Түркі кеңесін заман талабына сай жаңғырту бағ­дар­ламасын ұсынуы қажет. Әрине, бұл мәселені талқылау керек. Әріп­тестер келісетін болса, қыс­қаша шешім қабылдауға болар еді. Ал Хатшылық келесі кеңес­ке дейін бәрін талқылап, бізге ұсы­ныс енгізуіне мүмкіндік бар», деді Президент.

Соңында Елбасы Қырғызстан тарапын Түркі кеңесіне төрағалық етуімен тағы бір мәрте құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Ұйым географиясы кеңейді

Сондай-ақ жиын барысында сөз сөйлеген Әзербайжан Прези­денті И.Әлиев бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды.

«Бүгін Қырғызстан тарапы­на осындай іргелі жиын ұйым­дас­тырғаны үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ Түркі кеңесіне сәтті төрағалық еткен Қазақстанға да разылығымды білдіремін. Әзер­байжан түркітілдес мемлекет­термен ынтымақтастығын артты­рып келеді. Энергетика, көлік-тран­зиттік және басқа да салалар­да әріптестігіміздің тамыры те­рең­дей түсті. Бүгінде Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық ке­ңесі оған мүше елдер үшін ор­­тақ құндылықтың символы іс­пет­ті. Ке­ңес аясында өңірлік мәсе­ле­лер­­ді талқылау қажет», деді И.Әлиев.

Бұдан кейін сөз алған Түркия Президенті Р.Ердоған Түркі кеңесінің ауқымды жұмыс атқарып отырғанын атап өтіп, осындай жиынға қатысуды мәр­тебе санайтынын жеткізді. Сон­дай-ақ Қырғызстанды шараны өткізуімен, 31 тамыздағы тәуел­сіздік күнімен құттықтады.

«2009 жылы Нахчыван келі­сіміне сай құрылған Түркі кеңе­сінің бүгінде іргелі ұйымға ай­нал­ғанына куә болып отырмыз. Осы игі әрекетті жүзеге асыруда Түркі әлемінің ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаев пен Әзербайжан Пре­зи­денті Ильхам Әлиевтің ең­бе­гі орасан екені сөзсіз.

Бүгін жиынға қатысып отыр­ған Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанға ерекше сәлемімді беремін. Мажарстанның Түркі кеңесіне, Түркі академиясына бақылаушы болуын және Түркі әлеміне қызығушылығын жо­ға­ры бағалаймын. Ортақ мақса­ты­мыздың, арманымыздың, әреке­ті­міздің жемісіне айналған Түркі кеңесі аса құнды символға айналды», деді Р.Ердоған.

Саммитте Өзбекстан Пре­зи­денті Шафкат Мирзиёев те сөз алып, түркі халықтарын рухани құндылық, әріптестік, тіл ұқ­састығы біріктіретінін, елдер арасында саяси түсініспеушіліктер жоқ екенін айтты. Сондай-ақ ол Түркі кеңесіне мүшелікке өту­ге қызығушылық білдіріп, алдағы уақытта бұл мәселені кеңінен талқылайтынын жеткізді.

Жиынға арнайы шақырылған Венгрия Премьер-министрі Вик­тор Орбан да өз елі түркі ха­лық­тарын етене жақын санайтынын айтты. «Сіздермен әріптестік орнату мүмкіндігі туғаны біз үшін үлкен абырой», деді В.Орбан.

Саммит қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары Түркі тілдес мемлекеттердің ын­ты­мақтастық кеңесі VI саммитінің декларациясына, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы мен оның орынбасарын тағайындау туралы шешімге, Венгрияға Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық ке­­ңесіндегі бақылаушы мәрте­бе­сін беру туралы шешімге қол қойды.

Сондай-ақ Түркі тілдес мемлекеттер интеграциясының тұжы­рымдамасы, Түркі тілдес мемле­кеттердің ынтымақтастық кеңесі мемлекеттері басшыларының ұлт­тық спорт түрлері саласындағы ын­тымақтастықты дамыту және жастар саясаты туралы бірлескен мәлімдемесі, Түркі тілдес мем­ле­кеттердің ынтымақтастық кеңесі мемлекеттері басшыларының Шыңғыс Айтматовтың 90 жыл­дығына байланысты бірлескен мәлімдемесі қабылданды.

Бұдан бөлек, жиын соңында С.Жээнбеков Түркі тілдес мем­ле­кет­тердің ынтымақтастық кеңе­сі­нің жаңадан тағайындалған Бас хат­шысын таныстырды. Атал­ған мін­дет Қазақстан өкілі Бағдат Әміреевке жүктелді. Ол бұған дейін Қазақстанның Ирандағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған-ды. Көп­теген араб мемлекеттерінде және Түркияда елшілік қызметте бол­ған Б.Әміреев еліміздегі тәжі­ри­белі дипломаттардың қатарында.

Сонымен қатар Халықаралық Түркі академиясының төра­ғасы Дар­хан Қыдырәлінің өкі­лет­тілік мерзімі ұзартылды. Ол осы қыз­метке 2014 жылы тағай­ын­далған болатын.

Аспанмен таласқан Ала­тау­дың етегінде жатқан Ыстық­көл­дің жа­ғасында өткен жиын­ның ма­ңызы зор. Мәселен, Түркі тіл­дес мемлекеттердің ынты­мақ­тас­тық кеңесі саммиті үш жыл­ғы үзі­ліс­тен кейін қайта ұйым­дас­тырылды.

Саммит жұмысына арнайы мейман ретінде Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан қа­тыс­ты. Қарт құрлықтағы мажар ұлы­сының Түркі кеңесіне қызы­ғушылық танытуы шарта­рапқа ша­шылған тамырлас халық­тар­дың ынтымақтастығы нығая түсіп, жаңа сатыға көтерілгенін көр­­сетеді. Оған қоса, Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде Ха­лық­аралық Түркі академия­сының (TWESCO) бірқатар құ­рыл­тайшы құ­жаттарына қол қойылды. Со­ған сәйкес, Венгрияның Түркі ака­де­мия­сын­дағы бақылаушы мәрте­бесі ай­қындалды. Осылайша TWES­­CO еуропалық мемлекет­пен толы­ғып, қанатын кеңге жай­ды.

Қорыта айтқанда, тамыры бір түркі халықтары өзара ын­­ты­­мақ­тас­тығын нығайта түссе, дамудың жаңа сатысына шығу­ларына мүм­­кіндіктері мол. Бұған Түр­кі ке­ңесінің саммиттері  зор үлес қоспақ. Ендеше тари­хы ортақ, тілі жақын, тамыры бір, руха­ни және мəдени құнды­лықтар бай­ланыстырған түркі мем­лекет­тері­нің төрт құбыласы түгенделу үс­тінде деп айтуға толық негіз бар.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан» –

Шолпан-Атадан (Қырғызстан)

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Қ.Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысты

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

17.02.2019

Дәрігерлер балаларды көңілді бимен оятты

17.02.2019

Алакөл ауданында көпбалалы отбасыларға пәтер берілді

17.02.2019

Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінен екі медаль жеңіп алды

17.02.2019

Жансель Дениз Turkish Open турнирінде жеңімпаз атанды

17.02.2019

Елена Круглыхина могулшылар алдындағы басты міндетті атады

17.02.2019

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» биыл «Авангардтан» төртінші мәрте жеңілді

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу