Санитарлық авиация сырқаттарға жедел әрі сапалы қызмет көрсетеді

Әлемде құстай ұшып жететін «әуе жедел жәр­демін» санаулы да­мы­ған мем­лекеттер ғана жү­зеге асы­рып отыр. Оның өзін­де санитарлық авиа­ция қыз­меті барлық елде бір­дей тегін емес. Ал біздің елде даму әлеуеті зор еркін са­ни­тарлық авиация қыз­меті 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Сондай-ақ әлем­нің қай жерінде болға­нына қарамастан еліміздің аза­маттарына санитарлық авиа­ция нысанында көмек көрсету мемлекет кепіл­ді­гімен қамтамасыз етілген.

Егемен Қазақстан
04.09.2018 3139
2

Арқыраған аяз бен аптап ыстыққа қарамай, қар мен дауылда бастарын қатерге тігіп науқастарға жедел көмек бе­ру­ді, оларды тасымалдауды, кеңес беріп, операциялар жасау­ды және донорлық органдар мен биоматериалдарды жеткі­зуді қамтамасыз ететін Респуб­ликалық санитарлық авиация орталығының қызметкерлері бүгінге дейін 15 мыңнан ас­там қазақстандыққа жедел меди­ци­налық қызмет көрсеткен. Оның ішінде акушерлік қауіп-қатері және патологиясы бар 2537 жүкті әйел, 2460 жаңа ту­ған нәресте мен патологиясы бар 3249 бала әуе жолымен жыл­дам жететін білікті брига­да көмегіне жүгінген. Бұған қоса қан айналымы жүйесі ауруы бар 2365 пациентке, жаза­тайым оқиғалардан, улану мен жарақаттанудан зардап шек­кен 3177 адамға және өзге де 1458 сырқатқа көмек көр­се­тілген. Қазірге дейін са­ни­тар­лық авиация орталығы тарапы­нан көрсетілген 15395 медици­налық қызметтің 11464-і нау­қас­тарды тасымалдау түрінде жүзеге асса, 3027-сі кеңес беру ар­қылы орындалған. Ал әуе же­дел жәрдемі жасаған операция­ның саны 904-ке жеткен. Сон­д­ай-ақ соңғы үш жылда 60-қа жуық донорлық орган мен биологиялық материал та­сы­малданған. «Бүгінгі таңда сани­тарлық авиацияда донорлық органдарды тасымалдау бағыты белсенді дамуда. Өйткені елі­мізде ағза ауыстыру операция­сы жыл сайын артып келеді. До­норлық органдарды ауыстыру жоғары технологиялық үдеріс болғандықтан ең алдымен, тасымалдау жеделдігін ерекше та­лап етеді. 2015 жылдан бас­тап санитарлық авиациямен 60-қа жуық донорлық орган мен биологиялық материал тасымалданды», дейді «Республикалық  санитарлық авиация орталығы»  РМК директоры Нұржан Отар­баев.

Орталықтың мәліметінше, қазіргі уақытта санитарлық авиа­ция қызметіне 33 әуе кемесі пай­даланылады. Оның 22-сі ұшақ, 11-і тікұшақ. Барлы­ғы па­циент­терді қауіпсіз тасы­мал­дауға мүм­кіндік беретін қажетті меди­ци­на­лық техникамен жарақ­тал­ған, лицензияланған әуеком­па­ния­лары арқылы қызмет көр­сетеді.

Барлық өңір қамтылған

Мемлекет басшысы  Нұрсұл­­тан Назарбаев «Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қол­жетімділігін кеңейтуге айрықша назар аудару қажет» деп атап өт­кен болатын. Орталық басшысы осы мақсатқа жету үшін еліміздің барлық өңірінде санитариялық авиа­ция ұтқыр бригадаларын жедел басқаруға және тұрақты дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін санитарлық авиация қызметі ұсынылғанын жеткізді.

«Санитариялық авиация қыз­метінің айма­ғын кеңейту бо­йынша, әсіресе ауылдық жер­­лерде белсенді жұмыс жүргі­зілуде. Оған жаңа ұшу бағытын, қону алаңдарын және ұшу-қону жолақтарын игеру жұмыстары кіреді. Алғашқы уақытта әр об­лыс­тың тек үш-төрт аудан орталық­тарында ғана ұшулар жүзеге асы­­рылған болса, бүгінде жағдай күрт өзгерді. Сани­та­рия­лық авиация нысанында меди­ци­налық көмекпен Астана, Алматы қа­ла­­лары мен еліміздің 14 өңірі, аудан орта­лық­­та­­рының халқы то­лықтай қамтылды. Сөйтіп шал­­­ғайдағы және жетуі қиын аудан­дардың тұр­­ғындарын уақтылы және сапалы ма­ман­дан­дырылған медициналық көмекпен қам­­тама­сыз етуге мүмкіндік туды», дейді Н.Отарбаев.

20-ға жуық елден 47 қазақстандық тасымалданды

Еліміздегі санитарлық авиация шетелде ауыр халде жатқан Қазақстан азаматтарын және қандастарды халықаралық тасымалдау­ды да жүзеге асырады. Жыл сайын ел территориясынан шетте жүрген 10-нан астам қазақстандық медициналық көмектің бұл түрін қажет етеді екен. Биыл жыл басынан бері шетелден 8 науқас елге жеткізілген. Сонымен бірге шетелдік медициналық мекемелерге емделуге пациенттерді тасымалдау да «әуедегі жедел жәрдем» арқылы орындалып келеді. Орталық қызметін бастаған 2011 жылдан бүгінге дейін санитариялық авиация­мен Тайланд, Түркия, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея, Египет, Қырғызстан, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы сияқты 20-ға жуық елден 47 қазақстандық елге жеткізіліпті.

Өлім-жітім деңгейі 20-30 процентке төмендеді

2011-2015 жылдары табысты жүзеге асырыл­ған «Саламатты Қазақстан» денсау­лық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдар­ламасы бойынша алғашқы медициналық кө­мекті дамытуға, озық медициналық технологиялар әзірлеп, енгізуге, мобильдік медицинаны және телемедицинаны, сани­­­тарлық авиацияны әрі қарай дамытуға баса ден қойылды. Соның нәтижесінде жалпы өлім-жітім деңгейі – 14%-ке, ана өлімі – 1,4 есе (аман-есен туған 100 мың сәбиге шаққанда – 12,7), сәбилердің шетінеуі 1,5 еседен артық төмендеді (дү­ниеге келген мың сәбиге шаққанда – 8,59). Ал 2016-2019 жылдарға арналған «Ден­сау­лық» мем­ле­кет­тік бағдарламасы негізінде жұ­мы­сын одан ары жандандырып жатқан Рес­пуб­ликалық  санитарлық авиация орталы­ғы жыл сайын жедел жәрдемге мұқтаж екі жарым мың­нан астам азаматқа қызмет көр­сетуде. Соны­­мен қатар санитариялық авиа­ция қызметі меди­циналық мекемелер ара­сын­дағы жол жақын болған кезде және ауа ра­йы­на байланысты әуе кемесімен жету мүмкін болмаған жағдайда жер үсті жедел меди­ци­налық қызметін де көрсетеді. Са­ни­­та­рия­лық авиа­цияның жасаған жер үсті жедел жәрдемінің өзі бір жылда бес мыңнан асатын көрінеді.

«Территориямыздың кеңдігі мен басқа да географиялық ерекшеліктерге байланыс­ты санитариялық авиация қызметі ерекше маңызға ие. Жедел және  сапалы көмек көр­сетудің арқасында ана мен бала өлімі, жара­қаттану, инфаркт,  инсульттен болатын өлім-жітімнің деңгейі бұрынғыға қарағанда 20-30%-ке төмендеді», дейді орталық басшысы.

Жаңа технологиялар қолданылады

Елбасы биылғы Жолдауында «Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және меди­­циналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады» деген болатын. Орталықтың жұмысымен танысу барысында санитарлық авиация қызметін дамытудың басым бағыттарының бірі де осы жаңа технологияларды – шұғыл телемедицинаны дамытып, кеңінен қолдануда және диспетчерлік қызметке арналған бірыңғай ақпараттық жүйе құруда заманауи техноло­гияларды пайдалану жоспар­ланып отырғанын, сондай-ақ көлік медицинасының халықаралық стандарттарын енгізу жұмыс­­тары жүріп жатқанына көз жеткіздік. Бұған қоса жақында Республикалық сани­тариялық авиация орталығының базасында Ұлттық шұғыл медициналық көмек көрсету орта­лығын құру да жоспарланған екен.

Нұржан Құрманғалиұлының айтуынша, санитарлық авиация қызметінің әр бағытын іске асыру әлемдік озық тәжірибені пайдалану қағидаларына (Good practice) және көрсетілетін көмек сапасын тұрақты түрде арттыруға (Total Quality Management) негізделуі тиіс. «Республикалық санитариялық авиация орталығымен ТМД аумағында алғаш рет көлік медицинасының халықаралық стандарттарын енгізу процесі басталды. Көлік медицинасының халықаралық стандарттарын енгізу көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін және сапасын арттыруға ықпал етеді. Осылайша біз аккредиттелген осы стандарттар жүйесі бойынша әлемнің 10 көлік медициналық ұйымдарының қатарына кіруге мүмкіндік аламыз», дейді ол.

Ал маман дайындау және оқыту бойынша шұғыл медициналық көмек көрсетудің тәжірибелік дағдыларын иелену маңызды рөл атқарады. «Бүгінгі таңда базалық реанимация (BLS) және кеңейтілген реанимация (ACLS) стандарты бойынша шұғыл медициналық көмек көрсетудің тәжірибелік дағдыларымен санитариялық авиация қызметкерлерінің 100%-і оқытылды», дейді Н.Отарбаев.

Біз көрсеткен әрбір санда ажал аузынан құт­қарылған адамның өмірі мен жылдың төрт маусымында ауа райының қолайсыз­ды­ғына қарамастан қатерге басын тігіп көкке көте­рілетін құтқарушы топтың еңбегі жат­қаны анық. Кез келген оқыс оқиғаға сақа­дай сай тұратын кәсіби біліктілік пен жауап­кершілікті қатар ұстанған бригада біз барған сәтте майға күйіп, ауыр халде жатқан 2 жастағы баланы құтқару үшін Мойынқұмға асығыс аттанды...

Майгүл СҰЛТАН,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.11.2018

Партия қызметі уақыт талабына сай болуы тиіс

15.11.2018

Мықтылармен бәсекелесе алмадық

15.11.2018

Әлеуметтік-еңбек саясатының маңызы зор

15.11.2018

Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы өкім

15.11.2018

Әлемдік әдеби сыйлықтар

15.11.2018

Бізге белгілі әрі белгісіз Горький

15.11.2018

Елбасы кітапханасының көшпелі қоры көрмесі – Ақтөбеде

15.11.2018

Қазақстан Республикасы Президентінің Жастар жылын жариялау туралы Жарлығы

15.11.2018

Qala jáne qazaq

15.11.2018

Pálsapa – таза ойлау жүйесі

15.11.2018

Заң жобалары мақұлданды

15.11.2018

Елбасы халықаралық биржаның алғашқы сауда-саттық рәсімін бастап берді

15.11.2018

Жемқорлықпен күрес жайы талқыланды

14.11.2018

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының білім беру саласының мамандарымен кездесті

14.11.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

14.11.2018

Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды

14.11.2018

Үкімет басшысы Жамбыл облысында болды

14.11.2018

Атыраулықтар жалпыұлттық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу