Сал-серілік – өзіндік бір әлем

Ежелден ән-жырдың алтын бесігі атанған Көкшетау – сал-серілер мекені. Ықылым заманнан бері табиғаты тамылжыған ғажайып өлкеде ән ұшып, өлең қонғандығы белгілі. Ендігі бір мәселе – салдық дәурен, серілік ғұмыр кешкен ұлы тұлғаларымыздың ұлық бейнесін танып-білу. Осы орайда Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек айтар әңгіме де аз емес екен. 

Егемен Қазақстан
04.09.2018 1258
2

– Сәбит Нұрмұхамбетұлы, алдымен әңгімеміздің басында сал-серілер үрдісін зерттеудің жай-жапсарын таратып өтсеңіз?              

– Қазақ мәдениетінде өзінің түп-төркінін ежелгі дәуірлерден алатын сал-серілік – ұлттық өнеріміздің асыл тастай жарқыраған жауһары, алтын тіні, тұма бұлақтай қайнар көздері, жо­та­лы белестері болып табылады. Сал-серілік өнер жөнінде аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Бұл тарапта көп­теген ғалымдар, зерттеушілер өз ой-пікір­лерін, тұжырымдарын жаса­ған. Сал мен серіліктің өнер ретін­дегі болмысы, табиғаты, шығу тегі мен төр­кіні жөнінде Ш.Уәлиханов, Г.По­та­­нин, А.Алекторов, А.Васильев, М.Ж.Кө­пеев, Ә.Диваев, С.Сейфуллин, М.Әуе­зов, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, Б.Бек­­­жанов, М.Ғабдуллин, С.Садырбаев, С.Қас­қабасов, Т.Әсемқұлов, т.б. еңбектерінде қызғылықты байламдар жасалған.

Осы зерттеушілердің байыптауларына көз жүгіртсек, сал-серіліктің түп-төркіні ерте замандардан басталғанын аңғарамыз.

– Сал-серіліктің түп бастауында кімдер тұр деп ойлайсыз?

– Ғұлама ғалым, тарихшы-архео­лог, өнертанушы, этнограф, әдебиет­тану­шы-фольклорист Әлкей Марғұланның сал-серіліктің шығу төркініне байланысты мына бір байламдарына құлақ түрелік: «Сал, сері екеуі де ескі дәуір­ден сақталып келе жатқан халық­тың тір­ші­лігіне көп жаңалық кіргізген, әде­биетке, ой-санаға көп әсер еткен қазақ мәдениетінің бір жарқын белгілері... Тарих көзімен қарағанда, серілік ту баста түрік қағанаты кезінен шыға баста­ған. Серілікті әдет қылған ойшыл кісінің бірі атақты Иоллық деген кісі. Ол өзі ғажайып аңшы, мерген, атты әдемілеп ұстайтын ат сейіл, сонымен қатар ол асқан ақын, жырау. Ағалары Білге хан мен Күлтегін қайтыс болғанда оларға арнап эпикалы оқиғаларды әдемілеп құрып, оны тасқа жазып қалдырған да осы атақты Иоллық тегін».

Сал-серіліктің түп бастауындағы Әлекең тоқталып кеткен екінші бір тұлға – Қорқыт ата. Қорқыт жайында: «Қазақ аңыздары бойынша Қор­қыт – ескі дәуірдегі серілікті бастау­шы­лар­дың бірі. Осыдан он үш ғасыр бұрын жасаған атақты шешен, ел басқарушы, сонымен қатар атақты жырау, ақын, күйші, бірінші қобыз жасаушы қазақ музыкасының атасы».

Қазақ мәдениетінде сал-серілер – сегіз қырлы, бір сырлы, яғни, ақын, әнші, күйші, композитор, ойыншы, би, спортқа бейім ерекше өнерпаз, қыс­қа­сы, осылардың барлығын жинақ­та­ған синкреттік тұлға. Олар – ұлттық өнер­д­ің хас жүйріктері, шашасына шаң жұқ­тырмас көрнекті өкілдері бола білді.

– Сал-сері сөзінің этимологиясы төңірегінде әртүрлі пікірлер өрбіп жүр. Осы орайда мәліметтер бере кетсеңіз?       

– Академик Ә.Марғұлан «Қазақтың сал, серілік дәстүрі» деген мақаласында сал мен серіге төмендегідей сипаттама береді: «Сал» Еуропа тілімен айтқанда эксцентрлік, болмаса өз бағытымен жүретін бір аяулы адам. Оның бір арманы сылқымдық, кербездік, киімді әдемі кию, өзімен қатар жүретін адам­ның бәрінен де қияпатымен де, киімі­мен де артық болу, асып түсу. Ертоқы­мының өзі өзгеше болады, алтынмен, күміспен өрнектелген, ерекше салтанатпен жасатады.

«Сал» сөзі киімді салпаңдатып кең тігуден шыққан, сал, салпаң. Әрбір сал­д­ың шалбарының балағы сондай кең, оған бір кісі толығымен сыйып кетеді.

«Сері» сөзі серпілуден шыққан, бой жазу, серпер осы сөзбен бірдей, шалқыту, асқақтау» – деп, анықтама берсе, қазақ халық әндерін жинаушы А.Затаевич: «Сери были детьми белой кости, богатыми, но их эксцентризм не принимал крайних форм», – деген пікір айтады.

Әдебиеттанушы-ғалым Е.Ыс­ма­йылов «сері» сөзі араб тіліндегі «сейір» немесе «серуен», «сайран салу» дегенінен туындады десе, «сал» ұғымын «салдырту», «салтанат» сөздерінен іздейді.

Зерттеуші: «Ақындық, әншілік, өнерпаздық дәстүр жағынан сал мен серілердің арасында айырма аз бол­ғаны­мен, сыртқы жүріс-тұрысында, киіну, сыпайылық әдетінде бірқыдыру айырма барлығы байқалады», – дейді.

– Ал, енді бәзбір зерттеушілер сал-серілік өнерді сал сөзі шығу төр­кінін қазақ хандығындағы әскери, діни, саяси жүйемен байланыстыра қарастырушылар да бар. Сол төңіректе әңгіме өрбітсеңіз?

– Иә, сал-серілер тарихын қазақтың ескі әскери тарихымен байланыстырады. Сірә, осындай байламдардың жаны бар сияқты. Ал біз сал мен сері дегенде көбіне тіл ұшына Біржан мен Ақан есімдері оралады. Біржанды сал дейміз де, Ақанды сері дейміз. Себебі Біржанның бойында салдықтың белгісі мол көрінсе, Ақанда серілік өнердің қасиеті басым. Осыдан кейін Біржан сал мен Ақан сері есімдері сал мен сері сөздерінің баламасы, синонимі сияқты болып кеткен. Алайда, байыптап қарасақ, сал мен серілік тек Біржан, Ақан есімдерімен шектеліп қалмағандығына көз жеткіземіз. Сал мен серілердің қазақта көп болғандығын өткен тарих айғақтайды. Біржан мен Ақан құнарланған Сарыарқадағы өнерпаздық топырақта ХҮІІ ғасырдың аяғы мен ХҮІІІ ғасырларда Дәстем сал, Дүйсен сері, Салғара, Жанақ, Шағырай сал, Жанат сері, Сейтжан сал, Құман сері, Нияз сері, Көрпеш сал, Шәрке сал, Сегіз серілер өткен.

Біржан мен Ақанда сал-сері­лік өнер­дің әншілік, ақындық, музыкант­тық, эстетикалық қырлары көп көрінсе, ал басқаларында сал-серіліктің өзге де қырлары көрініс тапқан. Мысалға Нәбиден Әбуталиев өзінің «Сегіз сері» кітабында сал-серілік өнерге қатыс­ты мынадай пікір білдіріпті: «Сал-сері­лер тек әнші, ақын, күйші ғана емес, алды­мен атақты мерген, сұңқар, лашын, тұйғынмен құс ілгізген саятшы, тұлпар, аттың ең жүйрігін, ең сұлуын таңдап мінетін ат ойынының бап­кері, он саусағынан өнері тамған тең­дес­сіз шебер, керемет зергер де бо­л­ған. Сал-серілік өнермен айналысушы өнер­паздар етікшілік, өрімшілік, ұс­та­лық, зергерлік, балташылық, ою­шы­лық, тігіншілік өнерімен де ай­на­лыс­қан. Себебі сал-серілерге өз­­­дерін атпен, киіммен, құрал-жаб­дық­­пен, ән-күй аспаптарымен, ішім-жем қаражатымен қамтамасыз ету керек болған. Жоғарыдағы біз айтып отырған көп кәсіптің өзі оларды осы­ған мәжбүр етті. Сал-серілердің біразы көктемде егіншілікпен де шұғыл­данған. Көктемнен күзге дейін олар көшпелі жағдайға бейімделіп, түйеге, нарға шатырларын теңдеп, сойыстық малдарын айдап көшіп-қонып ел аралап жүрсе, күзде қысқы мекендеріне оралып, еккен астығын орып, бастырып жинап алып отырған».

Міне, сал-серіліктің осындай қыр­лары­мен бірге, оның жауынгерлік, батыр­лық, әскери өнермен байланыс­ты қырларын да ашу міндетіміз. Өткен тарихымыздағы сал-серілер Сегіз сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Иман Жүсіп, Мәди жігіт жинап, топ құрып, аламан жасақтап, қысылғандарға, қорғансыздарға пана болмап па еді?! Тіпті, Еуропа, Англия тарихындағы Робин Гуд бастаған серілер (рыцарь) жасағының іс-әрекетін еске түсірелік. Қазақ хандығының тарихында ерекше рөл атқарған жыраулық поэзияның өкілдері жыраулар әрі батыр, әрі ақын болған. Өз басым қазақ жырауларын да өз заманының сал-серілері дер едім. Қазақ жыраулары әрі батыр да болған. Тарлан жыраулар Қазтуған, Дос­памбет, Ақтамберді, Тәтіқара, Үм­бе­тейлер қол бастаған батыр, жауын­гер болған. Қазақтың аяулы ақыны Мағ­жан Жұмабаев «Батыр Баян» поэма­сында былай демеп пе еді:

«Әрі ақын, әрі батыр Қарабұжыр,

 Айтатын көкке өрлеп,

 аспанға сыр».

Олай болса сал-серіліктің түп-төркінінде батырлық, жауынгерлік дәстүр тұр. Осы мәселеге байланысты жазушы, мәдениеттанушы Таласбек Әсемқұловты сөйлетіп көрелік. Ол: «Орталық Азия сопыларының басты пірі – Қожа Ахмет Ясауи. Осы Қожа Ах­мет­­тің көп шәкірттерінің бірі және ең қа­біл­еттісі – Бекташ есімді сопы бол­ған. Қазақтың сал-серілерінің пірі – осы Бекташ. Қазақтың сал-сері­лері соғыс­қа жеке шерік болып және сауыт­­сыз, жанболатсыз шығатын бол­ған. Әрине, кәсіби әскери адам­ның қан май­данға бұлай қамсыз шы­ғуы күмән­ді сауалдарға жетелеуі мүм­кін. Мұн­дай сауалдарға жауап сал-сері­лер­­дің, пидагар, құрбаншыл әскер екен­­ді­гінде жатыр. Қарапайым тілмен ай­та­тын болсақ, сал-серілер – өз еркі­мен тұ­тастай өлімге кесілген әскер» – дейді.

Бұдан шығатын қорытынды, сал-серілер қазақ хандығындағы діни, әрі әскери ұйымның өкілдері болғандығы.

– Енді қазақ мәдениетінде ерекше құбылыс болып табылатын сал мен серінің айырмашылығы неде? Көп жұрт осы ұғымдарды бір-бірінен айыр­­май, қосып айтып жүр. Осы мәсе­­леге көзқарасыңызды нақтылы айтсаңыз.

– Қарапайым халықты былай қой­ған­да, сал мен серілердің өзі бұл сөзді алмас­тырып қолдана берген. Мысалы, Біржан сал бір кедей қызымен айтысында:

«... Жетеді тоқсан жасқа ердің ері,

Амандық ақындықпен Біржан сері.

Қарындас айтқан сөзің өтіп кетті,

Көжеңді басып-басып әкел бері!» – дейтіні бар.

Ал Ақан сері былай дейді:

«Серінің ел сүйетін қылығы бар,

Сөзімді қор қылайын саған неге?

Домбыра насыбаймен ер сипаты,

Салдарға жараспасын бұлар неге?...»

Сал мен серіге осы күнде бәріміз бірдей секілді қарағанмен, ол екеуінің айтарлықтай айырмашылықтары бар екенін байқаймыз.

Әдебиеттанушы-ғалым Е.Ыс­майылов: «Әлбетте, ақындық, әншілік, өнерпаздық дәстүр жағынан сал мен серіл­ер­дің арасында айырма аз бол­ғаны­­мен, сыртқы жүріс-тұрысында, киіну, сы­пайылық әдетінде бірқыдыру айыр­ма барл­ығы байқалады. Алды­мен сал ту­ралы баяндасақ, салдың қылы­ғы қы­зық. Ауыл не үй сыртында ат­тан тү­сіп, жер бауырлап жатып алады. Ауыл не үй сыртында аттан тү­сіп, ба­­сын көтеріп, шаңыраққа кіргі­зеді. Та­­мақ­ты өзі ішпейді, қыздар ішіп-же­­гізу­ді мін­детіне алады. Бір сөз­бен тү­­йін­­дегенде, сал не істесе де, қан­­д­ай еркелік көрсетсе де ел төзім­­ді­­лік танытатын салт, дәстүр болған. Бұ­лар­­дың киім киісіне келер бол­сақ, сал­дар жұрттың ортақ салтында жоқ, ерекше, күлкілі, көзтартарлық әле­меш­ті киімдер киініп, жарқылдақ моншақ­тар­ды тағынған. Бас киімнің, шапан, шалбар, байпақтардың шүберегі ала-құла, қырық құрау болады екен. Бөрік, тымаққа үкі, неше түрлі моншақ қадаған. Сырт киімді кейде бірыңғай ақ, қызыл-жасылды, кейде қым-қиғаш әр шүберектен араластырып тіктірген, оған тоқыған ішекпен де, құрым киіз де қоса тігілген болады» – деп көрсетеді. Бір­жан салдың көзін көрген Ілияс Мейір­банұлы деген кісі, «кең жаға­лы ақ көйлек, дөңгелек етекті оқалы қам­­зол, сыртында көкала қаптал ша­пан, ба­сын­да үкілі құндыз бөрік, үкі­сі бұ­л­­­ғақ-бұлғақ етеді. Қалтасында кү­рең шұ­ға тақиясы бар екен, – деп суреттейді.

Серілер бекзаттыққа үйірлігімен көзге түседі. Бойларын қылаусыз таза, кіршіксіз ұстап, сыпайылықты дағды етеді. Лас, кір үйлерге қонбайды. Кір ыдыс-аяқтан ас ішпейді. Төсек орны таза болмаса ол үйге жатпайды. Осы қасиеттердің Ақан серінің бойында болғанын М.Жұмабаев Ақан сері туралы мақаласында тамаша баяндайды.

Серілердің табиғаты салдардан мүлдем бөтен сипатта көрінген. Олар сондай бір жібек мінезді, сымбатты, әрі бойында әлденеше өнерді қатар игерген сегіз қырлы, бір сырлы тұлғалар ретінде көзге түскен. Сұлу қыздарды әнге қосып, жүйрік ат, қыран бүркіт ұстап, әсем сән-салтанатпен жүріп-тұрған. Салдар айлап-жылдап ел кезіп кететін болса, серілер түзде жүрсе де үй-жайын ұмыт қалдырмаған. Жалған сөйлеуді білмеген. Осы шарттарға сәйкес келген жанды ғана қазақ сері атандырған.

Ел аузында салдардың паң жүрісі, тәкаппар мінездері, киім киістері, сән-салтанаты туралы аңыз-әңгімелер көп. Мысалы, Жетісу өңірінде «Дәурен сал­дың белбеуіндей» деген теңеу қалып­тас­қан. Ол Ілені кешіп өткенде белбеуі­нің бір ұшы арғы жағада, екінші ұшы бер­гі жағада қалады екен деген аңыз бар.

– Сал-серілер туралы халық арасында алуан түрлі аңыздар бар ғой...

– Арқадан шыққан Қаспақ сал атын шәйі шүберекпен тұсаса, кей сал­дардың аттарына шөп орнына мейіз, су орнына бие сүтін беретінін ел аңыз қылып айтады. Қазақ халқының ежелгі салттарының бірі – салдық салыстыру. Бәсекеге түскен салдардың іс-әрекет, қылықтары басқа адамдар үшін ақылға сыйымсыз, ерсі көрінуі мүмкін.

Бәсеке кезінде астындағы мініп жүрген атын әп-сәтте бауыздап тастай берген. Салдық салыстыру кезін­де кісілік, жомарттық, мәрттік, тағы басқа өнер түрлері сыналған. Салдар сайқымазақ, әзілкеш-қулар секілді елді күлдіріп, думандатып жүрген. Салдар сияқты серілер де қымбат матадан киім киіп, арғымақ ат мініп, бүркіт бап­тап, құс салып, қасындағы жігіт-желеңімен ел аралаған. Серілер таза, етек-жеңі жинақы киінген, кербез, паң мінездерімен оқшауланып, жомарттық, алғырлық, білімдарлық қасиеттерімен ерекшеленген, өнер жолына беріліп, сауық құрып, аңшылық-саятшылықпен айна­л­ысқан өнер иелерінің жаңа түрі деуге болады. Сал-серілер топтаса жү­ріп ауыл-ауылды аралаған, ақын, әнші, балуан сияқты өнерпаз серіктері қатар жүр­ген. Серілердің бірдей ат мінуі, бір тектес киім киюі, салдардың елден ерек, алабажақ киімі, басындағы үкі­сі де көшпелі дала үлгісінде әдемі әсер қалдырған. Сал-серілердің іс-қи­мы­лы халықтық драма өнеріндегі (сах­­на­лық) ойын-сауық қызметін ат­қар­­ды. Сал-серілер ақын, композитор, әнші болуымен қатар әртістік, би­шілік, сиқыршылық, т.б. қасиеттерді бо­йы­на жинақтаған өнерпаздар еді. А.Жұ­банов­тың, Ә.Тәжі­баев­тың естелік­терін­де Шашубай Қошқар­байұлы туралы «ат үстінде тұрып баян­мен ән сал­ған­да бет-аузын адам таны­мас­тай өзгер­тіп, бас терісін жүгір­тіп ой­н­ат­қанда қалпағы төбесінде мөңкитін, таяғын сиқыр­шыдай ойнататын еді» дейді. Аяғы­на үлкен сырық байлап өнер көрсеткені үшін «ағашаяқ» деген атқа ие болған. Берік­бол 6-7 түйені қатар қойып, бір жағы­нан екінші жағына секіріп түсетін бол­ған. Ол қолына ағаш алып, керулі ар­қанның үстімен жүгірген, шапқан ат­тың үстінде төбесімен тұрып билеу, шал­қалап жерден аузымен тақия алу сияқты цирк ойындарын шебер орындаған.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

22.09.2018

Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауы өз мәресіне жетті

22.09.2018

Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

22.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

22.09.2018

Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

22.09.2018

Жаңа Жібек жолы: Алматы

22.09.2018

Катонқарағай ауданы тұрғынының сібір жарасынан көз жұмғаны расталды

22.09.2018

Сенаторлар сенбілікке шықты

22.09.2018

Б.Бекназаров Әзербайжан Парламентінің 100-жылдығына арналған шараға қатысты

22.09.2018

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

22.09.2018

Лондонда қазақстандық өнер көрмесі ашылды

22.09.2018

Түркия «Қазақстан» журналын шығарды

22.09.2018

Ақтөбеде «Анаға тағзым» орталығы ашылды

21.09.2018

Тимур Жақсылықов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

21.09.2018

Маман дайындау мәселесі талқыланды

21.09.2018

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

21.09.2018

Бүркітші қыз Айшолпан түскен «Көшпенділер» фильмі көрерменін қуантады

21.09.2018

Павлодарда биыл 1655 жұп қосылса, 1101-і ажырасқан

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу