Әлем • 04 Қыркүйек, 2018

Этнографиялық қалашық ашылды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше түстен кейін Көшпенділер ойынының мәдени бағдарламалары ұйымдастырылған Қыршын жайлауында (Шолпан-Ата қаласынан 50 шақырым)  этнографиялық қалашықтың ашылу рәсімі өтіп, оның тұсауын Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков ашып берді.

Этнографиялық қалашық ашылды

Көрермендер «Көшпенділердің алтын дәуірі» деген театрландырылған қойы­лымды тамашалады. Сондай-ақ рәсім қырғыздың байырғы ұлттық ән-күйлерімен қосталды.

Рәсімге Венгриядан келген қадірлі мейман Виктор Орбан қатысып отырды.

Этноқалашықта «Келін алу», «Тұсау кесу» сияқты түркі халықтарының дәс­түр­лі салттық жоралғылары көрсетіліп, қолөнер, қырғыз киіз үйінің көркемделуі, көшпенділердің тамақ-астары, киімдері бойынша сынақтар өткеріледі және шабан­доз­дардың ойындары, т.т. ұлттық іс-шара­лар болмақшы.

Назарбек БАЙЖІГІТОВ,

журналист, арнайы «Егемен Қазақстан» үшін

Қырғыз Республикасы,

Шолпан-Ата қаласы