Қала прозасына арналған «ҚАЗАҚ пен ҚАЛА» республикалық байқауын жарияланды

Республикалық «Жас Алаш» газеті мен «Алтын қалам» қоры, Қазақстан жазушылар одағы бірлесіп, Алматы қалалық әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауы және қаржыландыруымен қала прозасына арналған «ҚАЗАҚ пен ҚАЛА» республикалық байқауын жариялайды. Қала прозасына арналған байқау Қазақстанда тұңғыш рет өткелі отыр.

Егемен Қазақстан
04.09.2018 1479
2

Қазақ прозасында бірлі-жарым шығармалар болмаса, қаланың күнделікті тыныс-тіршілігі мен қала адамдарының ойлау жүйесі, дүниетанымы мен мәдениеті, қазақтың қалаға бейімделуі мәселелері әлі күнге толық қамтылмай келе жатқан тақырып. Байқаудың негізгі мақсаты – соңғы жылдары жиі көтеріліп жүрген осы мәселеге ­– қазақ әдебиетінің қала прозасы жанрын дамытуға үлес қосу.

Байқаудың міндеті:

жазушыларға шығармашылық қолдау көрсету;

қазақ прозасының тақырыптық ауқымын кеңейту;

қазақ жазушыларын қала тақырыбын игеруге ынталандыру;

бүгінгі заманғы қала келбеті мен тыныс-тіршілігін әдеби шығармалар арқылы тарихта қалдыру.

Байқаудың шарттары: Байқауға қатысушылар әдебиет пен мәдениеттің орталығы – Алматының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен ондағы тұрғындардың қилы тағдырларын суреттеген прозалық шығармаларын жолдай алады;

байқау, жалпы, қала прозасына арналғандықтан, қала атының нақты аталуы шарт емес;

прозалық шығарманың көлеміне (әңгіме, повесть, роман) шектеу қойылмайды;

байқауға ұсынылған шығарма бұрын ешқайда жарияланбаған болуы тиіс;

байқауға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды;

шығармалар 5 қыркүйектен бастап 30 қарашаға дейін қабылданады.

Байқау жеңімпаздарын елге белгілі әдебиетшілер мен ақын-жазушылардан құрылған қазылар алқасы анықтайды.

Байқауға ұсынылған шығармаларды бағалау кезінде олардың:

көркемдік деңгейінің жоғары болуы;

қала прозасы жанрына қойылатын талаптарға сай болуы;

қала адамының психологиясы мен қала көріністерінің сенімді суреттелуі;

әріптік және стильдік қателіктердің болмауы талап етіледі.

Талапқа сай емес немесе көркемдік деңгейі төмен шығармалар іріктеуден өтпейді.

Байқауға ұсынылатын шығармалардың тақырыптық ауқымы:

Байқау қатысушыларына тақырыптық шектеу қойылмайды. Қала, урбанизация, урбанистік мәдениет тақырыбына арналған кез келген шығарма қабылданады.

Соның ішінде:

қазақ пен қала;

Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі;

тарих толқынындағы қала;

бүгінгі қала тіршілігі;

қаладағы жастар өмірі;

қазақтың қалаға бейімделуі;

урбанизация;

қала мәдениеті;

қазақ ұғымындағы қала мен шынайы өмірдегі қала («қала – қазаққа жау»; «қала – қазаққа жанашыр» т.б.);

қалада туып, қалада өскен адамдардың бейнесі;

ауылда туып, қалада өскен адамдардың бейнесі;

қылмысты қала (детектив) т.б.

Байқауға қатысу үшін: шығармалар компьютерде теріліп, Times New Roman қарпі, 14 кегль өлшемі бойынша (1 жоларалық өлшем) жазылып, электронды нұсқада тиісті мекенжайға жолданады;

қатысушы аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электронды адресі, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпаратты электронды нұсқада қоса жолдауы тиіс.

«ҚАЗАҚ пен ҚАЛА» республикалық байқауының жүлде қоры:

1-орын – 1 миллион (1 000 000) теңге;

2-орын – 500 мың (500 000) теңге;

3-орын – 300 мың (300 000) теңге;

Арнайы сыйлықтар – 200 мың (200 000) теңге;

Ынталандыру сыйлықтары – 100 мың (100 000) теңге.

Қосымша ақпарат: Байқауды әділ түрде өткізу мақсатында барлық талаптарға сай жазылған шығармаларды оқырмандар «Жас Алаш» газетінен оқи алады. Жоғарыда көрсетілген өлшемге сәйкес, алты беттен аспайтын шығармалар газет бетіне, алты беттен асатын шығармалар газет сайтына жарияланып отырады. Бұл өз кезегінде қазылар алқасының әділ шешім шығаруына және байқаудың ашық түрде өткізілуіне ықпал етеді.

Байқау жеңімпаздары анықталған соң, байқауға қатыстырылған (газетте жарияланған) барлық шығармалар жинақталып, прозалық жинақ шығады.

Үміткерлер шығармаларын «Қазақ пен қала» байқауына қатысу үшін!» деген ескертпемен zhasalash2017@gmail.com электронды поштасына жолдайды.

Байқау қорытындысы марапаттау рәсімінде ғана жарияланады. Марапаттау Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы қаласында өтеді (өзгерістер болса арнайы хабарланады). Байқау жеңімпаздары анықталған соң, авторлар жеке хабарландырылады.

Мекенжайымыз:

050044, Алматы қаласы

Достық даңғылы 97/Б үй, 7/3 кеңсе

Республикалық «Жас Алаш» газеті

Телефондар:

Қабылдау бөлімі – 8(727) 346-89-54

Электронды пошта: zhasalash2017@gmail.com

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

Шымкентте дәрігерлер тұрғындарға арнайы медициналық көмек көрсетті

21.11.2018

Израильдегі халықаралық турнирде Маңғыстаулық гимнасшылар 8 медаль иеленді

21.11.2018

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұшақ ер адамды қағып кетті

21.11.2018

«Туған жерге тағзым» жобасы Түркістаннан басталды

21.11.2018

Елбасы: «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға мүмкіндігіміз бар

21.11.2018

Алмасбек Әбсадық: Мазмұны терең ой-толғам

21.11.2018

Ертең бокстан шешуші сайыстар басталады

21.11.2018

Маңғыстауда 171 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

21.11.2018

Б.Көшімбаев: Рухани жаңғырудың қайта түлеген жалғасы көңілімізді демдеп отыр

21.11.2018

Кәсіпкер мен әкімдік арасындағы дау «Атамекеннің» араласуымен шешілді

21.11.2018

Қарағандыда алты көшенің атауы өзгереді

21.11.2018

Ауылдарға көгілдір отын келіп жатыр

21.11.2018

Қызылордада полицейлер қан тапсырды

21.11.2018

Қазақстан құрамасы бесінші себетте

21.11.2018

Жаңақорған ауданында 63 пәтерлік 2 көпқабатты қызметтік тұрғын үй пайдалануға берілді

21.11.2018

Павлодарда Тұңғыш Президент күні  27 жаңа нысан пайдалануға беріледі

21.11.2018

Н.Назарбаев: «Ұлы даланың ұлы есімдері» энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек

21.11.2018

Таэквондошылар Әбу-Дабиге аттанды

21.11.2018

Елбасы: Деректі-қойылымдық фильмдердің, көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу қажет

21.11.2018

Польшалық заңгерлер Алматыға келді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу