Жыл басынан бері инфляция деңгейі жаңа дәліз 5–7% аралығында сақталып отыр - ҰЭМ

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018 ж. сегіз айындағы инфляция деңгейі туралы деректер қаралды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрлігің баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
04.09.2018 8734
2

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың баяндауынша, жыл басынан бері инфляция деңгейі жаңа дәліз 5-7% аралығында сақталып отыр. Тамызда инфляция 0,2% құраса, жылдың басынан бері — 2,9% құрады. Жылдық инфляция 6% құрады.

«Ағымдағы жылдың басынан бері 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда инфляцияның барлық құрамдауыштары бойынша баға өсуінің бәсеңдегені байқалып отыр. Азық-түлік тауарларына баға өсуі 2,3% құрады. Азық-түлік емес тауарларға – 3,6%. Ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 3%», — деп хабарлады ұлттық экономика министрі.

Оның айтуынша, соңғы үш айда азық-түлік тауарларына бағаның төмендеген байқалып отыр, бұл инфляция құрамдауыштарының ішінде ең төмен мәнге әкелді.

Сонымен қатар, азық-түлік емес тауарларға бағаның ең көп өскені тіркелді. Бұл ретте, дизель отынына, аяқ киімге, сұйытылған газға, дәрі-дәрмекке және тұрмыстық бұйымдарға бағаның өскені байқалып отыр. Т. Сүлейменовтың айтуынша, ақылы қызметтердің бағасы орташа қарқынмен өсті.

«Ақылы қызметтердің ішінде бағаның ең көп өскені әуе және темір жол көлігі қызметтеріне, құқықтық қызметтерге тіркелді. Сондай-ақ, автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуге және қонақ үй қызметтеріне баға төмендеді», — деді ол.

Жыл басынан бері өңірлік бөліністе жоғары инфляция деңгейі, орташа республикалық деңгейден (2,9%) шамаммен 1 пайыздық тармаққа асып, Атырау (3,8%), Маңғыстау (3,8%) өңірлерінде байқалады. Орташа республикалық деңгейден аз ғана Солтүстік Қазақстан (3,3%), Қызылорда облыстары (3,2%), Астана қ. (3,2%) және Павлодар облысы(3,1%) асты.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, теңгенің әлсәреуі баға мен тарифтерге қысым көрсететінін атап өткен жөн. Баға мен ұлттық валютаның арасындағы жоғары корреляцияны ескере отырып, ағымдағы теңге бағамында инфляция деңгейі 1 пайыздық тармаққа ұлғаюы мүмкін.

«Теңгенің біршама әлсіреуін және инфляцияның маусымдылығын ескере отырып, 2018 жылдың қорытындылары бойынша инфляция деңгейі бағалау бойынша жаңа аралықтың жоғарғы деңгейіне жақын болады — шамамен 6,6%–6,8%. IV тоқсанда инфляциялық процестердің күшейетінін назарға ала отырып, жергілікті атқарушы органдар тұрақтандырушы қорларын уақытылы толықтыруы, бағаға мониторинг жасай отырып көмір мен дизель отынының үзіліссіз жеткізілімдері бойынша жұмысты күшейтуі қажет», — деді Т. Сүлейменов.

Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев, өз кезегінде, Ұлттық банктің болжамдары бойынша инфляция деңгейі 2018 жылға жоспарланған дәлізде сақталатынын, алайда 2019–2020 жылдары белгіленген дәлізден асуы мүмкін екенін айтып өтті.

«Біріншіден, бұл Ресей Федерациясына қарсы санкциялар режимімен байланысты, екіншіден, бұған мұнай бағасының төмендеуі себеп, үшіншіден – әлеуметтік шығындар мен несиелердің өсімі себеп», — деп нақтылады Д. Ақышев.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәселені қарау қорытындысы бойынша тауарлар мен қызмет түрлеріне бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуді қатаң бақылауға алуды тапсырды. Аталған мәселе ай сайын қаралып отырады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.01.2019

ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлек «Болашақ» арқылы шетелдерде оқи алады

18.01.2019

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Ғали Исқалиев тағайындалды

18.01.2019

Ақтөбе облысының шаруалары былтыр 228 млрд теңгенің өнімін өндірді

18.01.2019

Полиция департаменті айыппұлды уақытылы төлеуге шақырды

18.01.2019

Елордалық аурухана тұңғыш рет неврологиялық асқынуды азайтатын құрылғыны қолданды 

18.01.2019

Елордалық құтқарушылар жанып жатқан үйден 6 адамды шығарды

18.01.2019

Колумбиядағы жарылыс салдарынан 21 адам қайтыс болған

18.01.2019

Тимур Қожаоғлы: «Егемен Қазақстан» – Еуропа құрлығындағы маңдайалды басылым

18.01.2019

Алматыдағы тікұшақ апатынан кейін «Sky Service» рейстері тоқтатылды

18.01.2019

Геннадий Головкин ұлды болды

18.01.2019

Солтүстік Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» акциясы жалғасты

18.01.2019

Головкиннің қарсыластары бір-бірімен жұдырықтасады

18.01.2019

Петропавлда ресейлік бас киімдер көрмесі ашылды

18.01.2019

Ақтөбеде жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету меморандумына қол қойылды

18.01.2019

Алматыда газбен жүретін жаңа автобустар іске қосылады

18.01.2019

СДУ-да IT технологиялары саласында білім беру жобасы басталды

18.01.2019

Мемлекет басшысы «Smart Aqkol» ахуалдық орталығына барды

18.01.2019

Елбасы кітапханасының Ақтөбеде өткен көшпелі көрмесін 120 мыңнан аса адам тамашалады

18.01.2019

Атырауда қазақтың үш биіне ескерткіш орнатылды

18.01.2019

Әліпби де, еміле-ереже де сараптаудан өте түсуі керек - Әлімхан Жүнісбек

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу