Спорт • 04 Қыркүйек, 2018

Алғашқы екі күнде қазақстандықтар 5 алтын медалға ие болды

588 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Шолпаната қаласындағы Орталық спорт кешенінде күрестің түрлері бойынша жарыстар өтіп жатыр. Алыш (алысу-қырғыз күресі) күресі бойынша күш сынасуда қазақстандық палуандардан қыздар жақсы көрсеткіштерге ие болды. 

Алғашқы екі күнде қазақстандықтар 5 алтын медалға ие болды

Перизат Жақыпбекова және Арайлым Ханзада күміс, Қайыпхан Ақжол және Ұлжан Дүйсенбаева қола медалдарды қанжығаларына байлады. Ал енді Айдос Құлманбетов 80 килограммдық салмақ дәрежесінде қола медалға ие болды.

«Енді, бұл қырғыз күресі болып, тәжрибем аздық етті ме, үшінші орынмен қанағаттанып қалдым»,- деді Айдос бізбен жолығысқанда.

Тәжік күресі бойынша бүгінгі ойында қола медалды бағындырған Мұратхан Берікбол «Тәжік күресі бойынша біз үш категорияда рингке шықтық. Обсолюттік салмақтағы палуанымыз Мақсат Жанділдаев және 68 кг салмақтағы мен қола медалды жеңіп алдық, 82 кг салмақтағы әріптесіміздің жолы болмады», деді.

Алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша ұлттық құрама команданың спортшылары 7 алтын,7 күміс, 5 қола медалдармен көш басында келеді.

Назарбек Байжігітов,

Қырғыз Республикасы,

Шолпаната қаласы.