Қыс қаһарына төтеп бере аламыз ба?

Биыл күздің алғашқы күнінен-ақ еліміздің біраз өңірінде жылдағыға қарағанда қара күздің ызғары ерте сезілді. Ал күз есіктен сығалады дегенше, қыстың қыр астында тұрғаны аян. Ендеше әне-міне дегенше жылу беру маусымы да басталмақ.

Егемен Қазақстан
05.09.2018 2698
2

Қыс-күз айларындағы аса маңызды әлеуметтік мәселенің бірі – әлеуетті жылумен қамту жайы. «Қыстың қамын – жаз ойлайтын» қазақ оған дайындықты қара күзге қалдырмай бастайтын. Ал қазір жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын күшейтіп, атқарылған жұмысты пысықтайтын кезең. Осыған орай ел Үкіметі тамыз айының ба­сында-ақ арнайы жиын өткі­зіп, тиісті орындарға нақты тапсыр­малар жүктеді. Әлеуметтік сала нысандары мен тұрғын үй­лерді жылумен, энергиямен уақ­тылы және сапалы қамтама­сыз етуге әлбетте әкімдіктер жауапты екенін еске салып, тұты­ну­шы­ларды, әсіресе халықты көмір­мен қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажеттігін баса айтқан еді Үкімет басшысы.

Халықты сапалы көмірмен қажетті көлемде уақтылы қам­та­масыз ету және оның бағасын белгілеуге өңірлердің әкімдері тікелей жауапты. Ішкі нарықта өткен жылғыдай жағдайға жол бермеу үшін облыс әкімдері екі апта мерзімде көмірді даяр­лау және сату пункттерінің жай-күйіне, көмірді жеткізу кесте­леріне, көмір бағасының негіз­ді­лігі мен сапасына тексеру жүргізуі керек. Ал жылу беру маусымы таяп қалды. Оған қаншалықты дайынбыз? Қыс қаһарына төтеп бере аламыз ба?

Бүгінде жергілікті әкімдік­тер­ден бастап, жауапты министр­ліктерге дейін осы мәселелерге айрықша назар аударып, жұмыс қарқынын күшейтуде.

Энергетика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жалпы энер­гия кәсіпорындарының күзгі-қысқы кезеңге дайындығы кестеге сәйкес өтуде. Мәселен, 2018-2019 жылдардағы жылыту кезеңін тұрақты өткізу үшін Инвестициялар және даму ми­нистрлігімен бірлескен бұйрық­пен жылу беру маусымына дайын­дық, электр стансалары мен ком­муналдық-тұрмыстық сектор­ларды және халықты кө­мірмен қамтамасыз етуге мони­то­ринг жасау жөніндегі штаб құ­рылды. Штаб құра­мына ми­нистр­ліктердің және әкімдіктердің жа­уапты қызметкерлері кірді.

Тамыз айының соңында жүргізілген есеп бойынша баян­дасақ, 4 энергоблоктың жөндеу жұмыстары аяқталған. Бұл жылдық көлемнің 50 процентін құрайды. Сонымен қатар 20 қа­зандық жөнделген, бұл жылдық көлемнің 36 процентін құрайды. Сондай-ақ 20 турбина, яғни жыл­дық көлемнің 44 проценті қай­та жөндеуден өткен. Қазіргі таң­да әртүрлі деңгейде 4 энерго­б­локта, 31 қазандықта және 25 тур­бинада жөндеу жұмыстары жүр­гізілуде. 21 мың шақырым электр желілері және 497 қо­сал­­қы стансалар жөнделді, бұл жыл­дық жоспардың 77 процентін құ­рай­ды. Орталықтандырылған жы­лу­мен жабдықтау айма­ғын­дағы 568 қазандықтың 413-і жөн­делген. Сонымен қатар электр стансаларында 2,8 млн тон­на көмір, 81 мың тонна мазут қоры әзірленген.

«Орталықтандырылған жы­­­лу-
мен қамтамасыз ету ай­мағындағы қазандықтарда 979 мың тонна көмір жинақталған не­месе жоспардың 66 проценті жә­не 32 мың тонна мазут жи­нақ­талған, бұл жоспардың 22 про­центін құ­рай­ды», дейді Қ.Бозымбаев. Энер­гетика министрі қыс­қы ең көп жүктеме 14 800 МВт кө­ле­мінде болады деп кү­ті­ле­ті­нін айтты. Бұл өткен жылмен са­лыстырғанда 185 МВт-қа жоғары.

Ал Инвестициялар және даму министрлігі жариялаған мәлімет осы жылдың 7 айында 60 млн тонна көмір өндірілгенін, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,9 процентін құрайтынын, яғни 2,3 млн тоннаға артық екенін алға тартады. Министрлік де­рек­тері бойынша, құрылған штаб аясында күнделікті күзгі-қысқы кезеңнің дайындығы мен өтуіне, еліміздің электр стан­саларындағы нормативтік отын қорын жинауға мониторинг жүргізіледі. 2018-2019 жыл­дар кезеңінде тұрғындарға, ком­муналдық-тұрмыстық кәсіп­орындарға және бюджеттік ұйымдарға республика бойын­ша көмір жеткізудің жалпы сұра­нысы – 9,8 млн тонна, оның 2,3 млн тоннасы коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдарға, ал 7,5 млн тоннасы тұрғындардың тұты­нуына жоспарланған. Биыл жылу беру маусымына дайын­дық басталғалы (1 мамырдан 16 тамызға дейін) темір жол көлі­гімен 18 621,2 мың тонна кө­мір тасымалданған. Бұл 2017 жыл­дың сәйкес кезеңімен салыс­тыр­ғанда 753,9 мың тоннаға артық.

Бұдан өзге, тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық нысандарын алдағы жылу беру маусымына дайындау аясында 2018-2019 жылдарға арналған жұмыс жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкім­діктеріне 15 қазанға дейін барлық нысандардың дайындығын аяқтау, оның ішінде, автономды қазандық және инженерлік желілер, сонымен қатар барлық автономдық жылыту көздерін отынның нормативтік қорымен қамтамасыз ету қажет.

Жалпы, жылу беру маусы­мына дайындық бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде және тұрақты бақылауға алын­ған. Қыс түскенше барлық тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шылық және әлеуметтік сала ны­сандарының дайындығын аяқтау керек. Сонымен қатар автономды қазандықтарды қажетті отын қорымен қамтамасыз ете отырып, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдіктеріне жылу беру маусымына дайындық мәселелерін тұрақты бақылауда ұстау қажет. Әрине арқаны кеңге салар уақыт емес, жұмыс әлі жалғасуда, себебі қолға алар шаруа әлі де аз емес. Ал атқарылған жұмысқа алдағы «алты ай қыс» сыншы.

 

Динара БІТІК,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Б.Сағынтаев энергия үнемдеу жобалары бойынша инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу