Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2018

Түркістанда жомарт жүректі азаматтар марапатталды

1007 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен еліне жа­са­ған еңбегі ерен жергілікті аза­мат­­­­­тарға «Атамекен» кіші бағ­дар­ла­масы аясында «Жомарт жү­рек» сыйлығының аталымдары бо­йынша ерекше құрмет көрсетілді.

Түркістанда жомарт жүректі азаматтар марапатталды

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, оны таяу жылдардағы мін­дет­тердің бірі ретінде атаған болатын. Халықты рухани жаң­ғыруға жетелеген, рухын көтер­ген, еліне деген патриоттық сезі­мін арттырған құнды құжатта ай­тылған маңызды бастамалар бүгінде нәтижелі жү­­­­зе­ге асы­рылып келеді. Жергілікті қо­ғам­­ның мәселелерін шешуде аза­мат­тардың, үкіметтік емес ұйым­­дар, қоғамдық бірлестіктер, еріктілер, меценаттар, бизнес өкілдері мен мемлекеттік ор­ган­дар күшін біріктіруге негіз­дел­ген «Атамекен» кіші бағ­дар­ла­масының «Жомарт жүрек» ба­­ғыты әлеуметтік бастамалар кар­­та­сының қисынды жалғасы іспетті.

Әрине жомарт жандарға ел атынан алғыс айтып, ынталан­дыру да маңызды. Осы орайда Түркістандағы салтанатты жиын­да туған жерінде ірі әлеу­меттік жобаларды іске асырып, қайырымдылық акциялары­на белсенді атсалысқан бірқатар азаматтың еңбегі бағаланды. Елдің алғысын алып жүрген Ерлан Ахметов, Абдыашим Есеналиев, Бақыт­­­­жан Бейсембаев, Еркінбай Шалтанов, Бекзат Байкөбеков сынды абыройлы азаматтар «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жыл тұлғасы», «Жылдың үздік ұйымы», «Ерен еріктілік» аталымдарымен, қала әкімінің Алғыс хатымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Салтанатты шарада Түркістан қа­ласының әкімі Ә.Өсербаев көпшілікті өнегелі іс жасауға, игі­лікті мұра қалды­руға шақырып, жомарт азаматтарға алғысын білдірді.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы