Спорт • 05 Қыркүйек, 2018

Көшпенділер ойыны: Қазақ күресінен 2 алтын, бір қола

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Көшпенділер ойыны: Қазақ күресінен 2 алтын, бір қола

Кеше Шолпаната қаласындағы Орталық спорт кешенінде өтіп жатқан қазақша күрес бойынша күш сынасуда еліміздің палуандары ерледі. Финалдық беттесуде 70 кг салмақ дәрежесінде шаршы алаңға көтерілген Абулхаир Мауленин қырғызстандық қарсыласы Мирлан Эралиевді жеңіп, алтын медалды жеңіп алды.

90кг салмақтағы Ерсұлтан Мұзапаров өзбекстандық бәсекелесі Сарвар Икромовтан үстем болып, ол да алтын медалдан алқа тағынды. Сондай-ақ осы белдесулерде ауыр салмақтағы Нұрдәулет Жарылғапов қола медалды жеңіп алған болатын.

Назарбек Байжігітов,

Қырғыз Республикасы,

Шолпаната қаласы