Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2018

Кәріпбек Күйіков БҰҰ мінбесінде сөз сөйлейді

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық суретші Кәріпбек Күйіков БҰҰ мінбесінде сөз сөйлейді. Бұл туралы БҰҰ-дағы Қазақстан тұрақты өкілдігінің кеңесшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті.

Кәріпбек Күйіков БҰҰ мінбесінде сөз сөйлейді

«Кәріпбек Күйіковті Қазақстанға таныстырудың қажеті жоқ, оны шетелде де бәрі таниды», - деп жазды Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында. Оның айтуынша, Кәріпбек Күйіков БҰҰ жаңалықтар студиясы мен Kyodo News жапониялық агенттігінің журналистеріне берген сұхбатында өз өмірі туралы айтты. Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай «Анам мені дүниеге әкелген кезде қолдарымның жоқ екенін біліп, менің жаныма екі күн бойы жақындай алмапты. Дәрігерлер ата-анама маған инъекция салып, ұйықтатып тастауды ұсынған. Бірақ, әкем қарсы болып, анам екеумізді үйге алып кетіпті... Бала күнімде барлық балалармен бірдей екенімді дәлелдегім келіп, өз-өзіммен көп жұмыс істедім», - деп атап өтті Кәріпбек. «6 қыркүйекте жерлесіміз Нью-Йоркте, БҰҰ бас мінбесінде сөз сөйлеп, өз өмірі туралы барша әлемге айтып береді», - деді А. Жайнақов.

Еліміздің бастамасымен бекітілген Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай БҰҰ Бас Ассамблеясының бірінші ресми отырысы Астана уақытымен сағат 20:00-ге жоспарланған. Оны БҰҰ барлық ресми тілдерге аудармасымен БҰҰ сайтында тікелей эфирден тамашалауға болады.