Цифрлы эфирлік телевизия –мемлекеттік хабар таратудың жаңа стандарты

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында елімізде цифрлы эфирлік телерадио хабарларын тарату бағдарламасы қолға алынды. Ақпарат және коммуникация министрлігінің ұйымдастыруымен цифрлы эфирлік телевизияға көшу әкімшілік-аймақтық бірлік мерзіміне сәйкес, қолданыстағы хабар таратудың ұқсас желілерінен кезең-кезеңімен ажырату арқылы іске асырылмақ.  

Егемен Қазақстан
06.09.2018 4487
2

Айта кету керек, цифрлы телевизияға ауысу халықаралық «Женева-2006» ха­лықаралық келісімі аясында жүзеге асырылды. Мемлекеттік бағдарламаны атқарушы ұлттық оператор – «Қазтелерадио» АҚ. Бұл жобаның негізгі мақсаты – қалалар мен елді мекендер тұрғындарының арасындағы ақпараттық теңсіздікті азайту арқылы телеарналар санын көбейту. 

Осылайша ақпаратқа қолжетімділікті арттыру көзделіп отыр. Сондай-ақ ел аумағында отандық телеарналарды көру аясын кеңейтудің негізінде мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін арттыру және жалпы телеконтент нарығында отандық телеарналардың хабар тарату үлесін көбейтуді көздейді. Сонымен бірге тұрғын­­дарға және телеарналарға қызмет көрсетудің, бейне және дыбыс сапасының халықаралық талапқа сай болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Бағдарлама нәтижесінде Қазақстан тұрғындарының 99,8%-і көпбағдарламалы телехабар таратудың жоғары сапалы цифр­лы желісіне тегін қол жеткізетін болады. Осыған дейін хабар таратудың ұқсас желілерінде ел тұрғындарының жартысы орта есеппен 5 телеарнаны ғана көрген болса, цифрлы эфирлік хабар тарату бағдарламасын іске асыру барысында қабылданатын арналар саны айтарлықтай артады. Мұндағы басты факторлардың бірі – Қазақстан ТРК облыстық хабар тарату желісінің жұмыс жағдайын барынша жақсарту болмақ. Цифрлы хабар тарату негізінде облыс орталықтары 30-ға тарта телеарнаны көру мүмкіндігіне ие болса, ал қамту аймағы шегіндегі елді мекендер 15 телеарнаны тамашалай алады. Көрермендер бейне мен дыбыстың жаңа сапасына қол жеткізеді. Айталық ұқсас желілерде хабар алу кезінде болатын артық дыбыстар мен кедергілерге жол берілмейді. Цифрлы хабар таратудың артықшылықтары мұнымен шектелмейді. Бұлай дейтініміз, ерекшелігі басым жаңа бағдарлама мәзірі екі тілде, қазақ және орыс тілдерінде жасалған. Хабарлардың электронды бағдарламасы, жаңалықтар мен өзгерістер және профилактикалық жұмыстар туралы тв-пошта арқылы теледидар экранына хабарлама жіберілетін болады.

Цифрлы эфирлік телевизияның басым­дықтарына тоқтала кетсек. Мәселен, жал­пыға бірдей қолжетімді арналардың бірінші және екінші мультиплексі бойынша абоненттік төлем алынбайды. Телеэкранда көмескілік мүлдем болмайды. Сонымен қатар көрсету сапасы жоғары телеарналарға жеке пакет алу мүмкіндігі беріледі. Бұған қоса дәстүрлі телевизияда таңсық саналатын ақпараттық қызмет түрлері іске қосылады. Яғни төтенше жағдайлар туралы хабардар ету және тағы басқа ақпараттар лезде беріледі. Қарапайым теледидарды DVB-T2/MPEG-4 форматтағы цифрлы құрылғыға және дециметрлік диапозонды антеннаға жалғау арқылы цифрлы эфирлік телехабар тарату желісіне қосылуға болады. Хабар таратудың ұқсас желілері сияқты цифрлы эфирлік телевизия жалпыға бірдей қолжетімді, тегін әрі қосылуы қарапайым болғанымен бейне және дыбысты өте жоғары сапада ұсынатын болады. Эфирлік телехабар таратудың цифрлы желісінің айрықша басымдықтарының бірі – жиілік ресурстарын тиімді пайдалану арқылы көрсетілетін арналардың санын көбейтуге мүмкіндіктің берілуі. Бір жиіліктегі сәйкес бағдарламаның орнына 15 цифрлы арналар топтамасының толық пакеті (мультиплекс­тер) ұсынылады. Сонымен қатар эфирлік телехабар таратудың цифрлы желісі негізінде әзірге баламасы жоқ саналатын (телегид, телетекст, субтитр және т.б.) электронды қызметтер қатарын ұсыну ұйғарылып отыр. Бұған қосымша телехабар таратуды сапалы дамыту мақсатында (HDTV-жоғарғы са­­­па­дағы телевизия, интерактивті ТВ және т.б.) жаңа мүмкіндіктерді қолға алу көзделуде.

Бір сәтке отандық телевизия тарихына тоқтала кетсек, 1958 жылдың 8 наурызында негізі қаланған Қазақ телевизиясы 1992 жылы «Қазақ КСР мемлекеттік телерадиосы», «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясы», деп қайта ұйымдастырылды, ал 1995 жылы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» болып ресми аталды. Тәуелсіз Қазақстанға жаңа ақпараттық кеңістік қажет болды. Тәуелсіздікпен бірге жаңадан «Ха­бар» агенттігі құрылды. 1997 жылы «Хабар» тәулігіне 14 сағат хабар тарату мүмкіндігіне қол жеткізді. Десек те, қазіргі заманның көрермені үшін дәстүрлі телеарнаның хабар тарату мүмкіндігі жет­кіліксіз болып отыр. Кабелді және жерсеріктік хабар тарату желісінің дәстүрлі телеарнамен салыстырғанда аясы кең, мүмкіндіктері шектеусіз екені анық. Кабелді телевизия технологиясының мәні көрерменді сапалы жиілікпен қамтамасыз етуінде деуге болады.

Тоқсаныншы жылдардың орта шенінде кабелді телевизияның локальді бренді саналатын «Алма-ТВ», «Секател» және «Қаз­орталық ТВ» Алматы мен Астана және Қарағанды шаһарларына аяқ басты. Дәл осы жылы жерсеріктік хабар тарату желісі – «Жарық» құрылып, елді мекендердің тұрғындары «Қазақстан» телеарнасын көре бастады. 1995 жылы ұлттық хабар таратуды жерсеріктік хабар таратуға ауыстыру туралы жарлық шықты. Қазақ елі экватор үстінде қалықтаған ғарыштық жерсерік белгілерін алу мүмкіндігіне ие болды. Пираттық хабар тарату контентін қадағалауға индустрия сол кезде қауқарсыз еді. Ақпараттық қауіпсіздікке қауіп төніп, арзанқол және ұрлықы контент локальді брендпен бәсекелестікке сай бола алмады. 2012 жылы Қазақстан аналогты желіден цифрлы хабар таратуға ауысты. Осы уақыт аралығына дейін еліміздегі телекөрермендер саны 2,3 миллионға жетті. 

2018 жылдан бастап Қазақстанда цифр­лы эфирлік хабар таратуды кезең-кезеңімен жүзеге асыру арқылы аналогты хабар таратудан түбегейлі бас тарту жоспарланып отыр. Теле және радио арналар цифрлы эфирлік хабар тарату желісінде телерадио­компаниялар мен телехабар тарату операторлары арасындағы келісімге сәйкес қызмет көрсететін болады.

Цифрлы эфирлік телерадиохабарларын таратуға көшу мерзімдері кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Мәселен, 2018 жылдың қазан айында Маңғыстау облысы, желтоқсан айында Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары қамтылады. Ал алдағы жылдары Атырау, Қызылорда, Алматы облыстары қосылмақ. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарын қамту да жоспарда бар. Бұдан кейінгі кезең бойынша Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстары, Астана және Алматы қалаларын қамту көзделіп отыр.

Экономикалық тұрғыдан алып қара­ғанда, цифрлы хабар тарату – телеком­муникациялық қызмет түрлеріне жол ашу арқылы жиілік спекторын үнемді қолдануға мүмкіндік береді. Отандық телеарналарды цифрлы сапа көмегімен эфирлік телехабар таратудың сандық желісі бойынша облыс орталықтарының тұрғындары 30 телеарнаны цифрлы сапада көреді, ал елді мекендердің тұрғындары цифрлы сападағы 15 телеарнаға абоненттік төлемсіз қол жеткізетін болады. 2020 жылға дейін бағдарлама бойынша цифрлы жүйемен ел тұрғындарының 95%-ін қамту жоспарланып отыр. Қалай десек те, отандық телевизия саласының заман талабына сай ұқсас хабар тарату жиілігін толықтыру немесе хабар таратудың цифрлы жүйесімен толықтай алмастыру – уақыт талабы.

Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Б.Сағынтаев энергия үнемдеу жобалары бойынша инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу