Әлем • 06 Қыркүйек, 2018

Кабулда болған жарылыстан 20 адам қаза тапты

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстан астанасы Кабулда болған 2 жарылыстан 20 адам қаза тауып, 70-і жараланды, деп хабарлайды BBC.com.

Кабулда болған жарылыстан 20 адам қаза тапты

Бірінші жарылыстан клуб ішіндегі төрт адам қаза тапқан, осыдан кейін автокөліктегі екінші жанкешті өзін-өзі жарып жіберді. Осы жарылыстан «Толо» жаңалықтар арнасының екі журналисті қаза тауып, тағы төрт адам жарақат алды.

Жарылыстар қала шииттерінің мұсылман ауданында болды.

«Толо» компаниясының басшысы Лотфилла Нажафизада Twitter-дегі парақшасында «бұл қайғылы оқиға арнамыздың ең білікті журналистерінен айырды» деп жазды.

Шабуылды әлі ешқандай топ мойнына алған жоқ, алайда «Ислам мемлекеті» террорлық тобы  Дашт-е-Барчи ауданында осындай шабуылдарды жасаған болатын.

Айта кетейік, қаза тапқан журналистердің бірі журналист Саид Самим Фарамарз Қазақстанда білім алған. Қазақ тілімен қатар, әлемнің 7 тілін жетік меңгерген. Осыдан үш жыл бұрын Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Оқуды бітірген соң, еліне барып, қызмет істеді.