Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2018

Павлодар облысында су басқан үйлердің қатары 500-ге жетті

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Толассыз жауған жаңбыр Ертіс өңіріндегі Екінші Павлодар шағын ауданындағы жағдайды ушықтырып жіберді.

Павлодар облысында су басқан үйлердің қатары 500-ге жетті

Салдарынан жерасты суларының деңгейі тағы көтерілді. Бүгінде су басқан үйлердің қатары 500-ге жетті. Күз жақындап қалса да, мәселе шемімін таппақ емес.

Үш баланың анасы Зухра Касеинова осы үйді сегіз жыл бұрын сатып алған. Соңғы екі жыл қатарынан резеңке етік киіп, күн кешуге мәжбүр. Жертөлеге жиналған су бір жарым метрге көтеріліп, баспананың іргесін сөгіп жіберген.

Қанат Желдібаев, қалалық әкімдігі әкімдігі тж және азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлім басшысы:

– Бұл қазаншұңқырдан бөлек, нөсерлі кәріз және дренаж жүйесі тартылады. Алдағы уақытта сорғы құралдары әкелініп, орнатылады. Бұл су деңгейінің төмендеуіне сеп болуы тиіс. Сонымен қатар қазіргі кезде кәріз жүйесі жобаланып жатыр. Жаңа кәріз жүйесі су басқан 15 көшенің барлығын қамтымақ. Тиісті түзетулер енгізілген соң, жоба мемлекеттік сараптамаға жолданады. Кейін жүйе құрылысы басталады.

24.kz