Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2018

QazaqGeography «Менің Қазақстаным» фотобайқауы 30 қыркүйекке дейін жалғасады

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

QazaqGeography 2018 жылғы 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасатын «Менің Қазақстаным» фотобайқауын жариялайды.

QazaqGeography «Менің Қазақстаным» фотобайқауы 30 қыркүйекке дейін жалғасады

Байқаудың міндеті — табиғат, қалалар, адамдар, Астана – төрт тақырыптық санатындағы ең қызықты, шығармашыл және әдемі фотосуреттерді табу. Қазылар алқасының құрамында QazaqGeography басшылығы Қанат Байғарин және Жана Рүстем, жобалар менеджері Нұржан Алғашов, сондай-ақ, PrimeMinister.kz бас редакторы Александр Белиловский және кәсіби фотографтар Деонисий Мить, Максим Золотухин бар.

Әрбір тақырыптық санаттың жеңімпаздары сыйлық сертификаттарына және басқа да жүлделерге ие болады, ал қазылар алқасы іріктеген үздік фотосуреттер QazaqGeography фотокөрмесінде ұсынылады.

Астана суреттері, сондай-ақ, елорда тарихы жөніндегі қызықты графикалық, мәтіндік, картографиялық ақпаратты қамтитын «Астана: тарих кезеңдері» интерактивті жобасында жарияланатын болады.

Фотобайқауға қатысу үшін QazaqGeography мүшесі болу қажет. Мүшелік Қоғамның іс-шараларына және экспедицияларына қатысуға мүмкіндік береді. 

Соңғы жаңалықтар