Құрылыс заңманасы дамуының жаңа кезеңі талқыланды

Құрылыс саласындағы бизнес өкілдеріне Қала құрылысы кодексін дайындаудың алғашқы нәтижелері таныстырылды.

Егемен Қазақстан
06.09.2018 415
2

Қала құрылысы кодексін әзірлеудің орындылығын анықтауға бағытталған зерттеудің алғашқы нәтижелері «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Құрылыс және тұрғын үй-шаруашылық комитеті отырысында  талқыланды. «Атамекен»  аталған зерттеуді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, салалық қауымдастықтар және бейінді сарапшылармен бірге жүргізіп отыр.

 «Қазақстанда бұл саланы реттейтін бірнеше заң бар, бірақ олар бір-біріне кереғар. Әзірленіп жатқан Қала құрылысы кодексі ережелерді нақтылап, жиналып қалған мәселелерді ретке келтіруі тиіс», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы   Құрылыс және тұрғын үй-шаруашылық комитетіның төрағасы Александр Белович.

Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов бұл мәселе 2015 жылдан бері көтеріліп келгенін, ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірқатар талқылау өткенін айтты, соның нәтижесінде  кешенді талдау жүргізу туралы шешім қабылданған.

«Мәселені шешу үшін нақты, дәйекті ұсыныстар керек, қалғанын барлығын талқыладық. Комитет мүшелерін мәселеге атсалысуды сұраймын, сарапшыларды ұсыныңыздар, барлық тараптардың жұмылуы шарт», – деді Елдос Рамазанов.

Қала құрылысы кодексін құру жұмысының бірінші кезеңі бойынша талдау нәтижелерін Құрылысшылар қауымдастығының өкілдері таныстырды. Олар сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларындағы ұлттық және халықаралық заңнаманы, құқық қорғау және сот практикасын салыстырмалы-құқықтық талдау жасады, салалық заңнамалардағы қайшылықтарды, кемшіліктер және қарама-қайшылықтарды анықтады.

Комитет мүшесі Мелик Алпысбаев инвестициялау алдындағы кезеңнен бастап инвестициялардан кейінгі кезеңдерге дейін объектінің тіршілік  циклына назар аударуды ұсынды.

«Сәулет және қала құрылысы саласында бақылау-қадағалау функциялары мен инженерлік жұмыс түрлері іргелі болатыны белгілі, ал олар талдауда жоқ. Бұл жобаны басқару, техникалық қадағалау, авторлық қадағалау, нысан-ғимаратты зерттеу жұмыстары. Жобаны басқару – тапсырыс беруші, құрылыс салушыны тартып, құрылыс жұмыстарына дайындық жүргізіп, құрылыстың тіршілік кезеңдерінің барлығын басқаратын қызмет», – деді Мелик Алпысбаев.

«Қала құрылысы кодексі бізге өте қажет құжат, уақыты келді. Біздің ойымызша талдауды халықаралық тәжірибе тұрғысанан күшейту керек», – деді «Сараптамалық ұйымдар палатасының президенті Серік Әлібаев.

Заңнама институты қатысушыларға толығырақ ақпарат берді.

«Қазір барлық заңға қосымша актілер, техникалық құжаттарды егжей-тегжейлі зерттеп жатырмыз, көп олқылықтарды анықтадық. Әдетте, норма жақсы жазылған, құрылымы дәйекті болады, алайда практикаға келгенде басқаша түсіндіріледі немесе ол норманы қолдануға қорқады. Тағы мынадай жағдай бар, норма бұйрық немесе нормативті-техникалық құжатта бар, ал заңға қосымша актіде қатынастарды реттеу қиынға соғып жатады. Кодекс әзірленсе барлығы реттеледі. Өйткені кодекс, бұйрыққа қарағанда жиі өзгеріске ұшырамайтын құжат. Ал негізгі нормативті мазмұн заңға қосыша актіде болғаны тәуекелдерді көбейтеді. Егер барлық материалды жүйелеу уақытында кодекске енгізілетін барлық нормативті-құқықтық актілер сәйкестеніп, сонымен қатар саланың өзіне әдістемелік өзгерту жасалса,  құқықтық реттеу механизмі өзгерсе, онда шоғырландыру ғана емес, кодтау процесі де жүргізілді деп айтуға болады», – деп түсіндірді Заңнама интситутының өкілі.

Маманның дәйегі Комитет мүшелері тарапынан қолдау тапты. Құрылыс саласы мен тұрғын үй-құрылысы шаруашылығын дамыту департаментінің директоры Дархан Сақанов зерттеу жұмыстары осы түсіндірмеге негізделіп жасалуы керек деп санайды. Осылайша кодекске шоғырландырылған заңнама болып отырған сәулет туралы заң түрін өзгертудің шын мәнінде дәлелдемелі  базасы болады.  Оның айтуынша, егжей-тегжейлі зерттеудің қажеті жоқ, керегі нақтылық: кодекске енгізудің нақты себептері болуы шарт. Дархан Сақанов талдау қажетті деңгейде құрылымдалмаған және әрі бағыт бойынша нәтиже керектігін алға тартты.

«Алдағы уақытта зерттеудің екі кезеңі барына қарамастан, салаға тиісті реформа жасау керек екені анық», – деді Александр Белович.

Қорытындылар мен ұсыныстарды көрсететін зерттеудің екінші кезеңінің нәтижелерін талқылау биыл қараша айына жоспарланып отыр.

«Жаңа құжат барлық нормативті-құқықтық актілерді жүйелендіріп, құрылыс жұмыстарын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру, саладағы олқылықтар мен қайшылықтарды жою керек. Бизнес өкілдері құрылыс заңнамасын жүйелендіру мен кодтау бойынша мәселені бұрыннан бері көтеріп келеді. Ал «Атамекен» бизнес мүдделерін шоғырландырушы ұйым ретінде уәкілетті орган алдында бастама көтерді. Талдау жұмысы барлық аспектілерді ескеріп, құрылымдау қажет. Әр қауымдастықтан бір сарапшыдан бөліп, әр норма бойынша қорытынды берілуі керек», – деді Елдос Рамазанов.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда өткен ел біріншілігінде Н. Жарылғапов «түйе палуан» атанды

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда «Қозыбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

18.11.2018

Қор нарығы ел экономикасына серпін береді

18.11.2018

Қостанайда Батырбек Байназаровтың «Қобыз – аңыз» атты жеке концерті өтті

18.11.2018

Мәулен Әшімбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

18.11.2018

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

18.11.2018

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша екі спорт кешені ашылды

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу