Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2018

Қырғызстандағы Түркі кеңесі саммиті жоғары деңгейде өтті - Асқар Омаров

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ыстықкөл жағасында Түркі елдері ынтымақтастық кеңесінің кезекті саммиті жоғары деңгейде өтті. Бұл туралы ТМД ақпараттық кеңесінің отырысында Кабар агенттігіне «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Асқар Омаров мәлімдеді.

Қырғызстандағы Түркі кеңесі саммиті жоғары деңгейде өтті - Асқар Омаров

Ол Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков саммитті өте жоғары деңгейде өткізгенін атап көрсетті.

«Бұл Қырғыз Республикасының кемелдене түскенін көрсетті, саммит тамаша өтті. Біз оқырмандарымызды қарқынды дамып келе жатқан Қырғызстандағы процестермен таныстыру үшін көптеген материалдар әзірледік», - дейді Асқар Омаров.

Ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас Қырғызстанға ерекше назар аударатынын тілге тиек етті. А. Умаров қазақстандықтар Қырғызстанмен өзара байланыстардың дамуына үлкен мән беретінін айта келе: «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанға бауырлас ел ретінде қарайды. Ол Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен мейлінше жақсы, бауырлық қатынастарын орнатқан», - деді.

«Бүгінгі таңда әлемнің 140 еліне хабар тарататын «Қазақ.ТВ» телеарнасында қырғыз тіліндегі бағдарлама бар, біздің меншікті тілшілеріміз Бішкекте қызмет етіп жүр. Біз Қырғызстан Орталық Азия өңірінде маңызы зор ел деп санаймыз, сондықтан да көптеген БАҚ-тың мұнда меншікті тілшісі болуы қажет деп санайды», - деді Асқар Омаров.