Тұрар Әліпбай, күйші: Үзілмейтін үн іздеп жүрмін

Осыдан төрт жыл бұрын халқымыздың киіз үйімен қоса ежелден қастер тұтылған қасиетті күй өнерінің ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне еніп, бүкіл адамзаттың асыл құндылығы қатарына қосылуы ел мерейін өсірген айтулы оқиға десек, биыл Елбасы Жарлығымен белгіленген Ұлттық домбыра күні сол дәстүрлі төл өнерімізді көз қарашығындай сақтап, дамытудың тағы бір жақсы жобасы ретінде қабылданды. 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, «Жігер» фестивалінің, Құрманғазы атындағы халық аспаптарында орындаушылар байқауының лауреаты, белгілі күйші Тұрар ӘЛІПБАЙ бізбен әңгімесінде соған орай өз пікірлерін ортаға сала келіп, шығармашылығы туралы айтып берді.

Егемен Қазақстан
07.09.2018 2491
2

– Тұрар Байдөсекұлы, бұл өнерге өзіңізді алғаш баулыған кісі кім?

 – Түркі дүниесінің үлкен өкілі Махмұд Қашғари өзінің «Диуани-лұғат-ат-түрк» атты жина­ғында «күй» сөзінің көне түркідегі «көк» сөзінен шық­қан­дығын түсіндіріп талдайды. Ғалымның ойы бойынша «көкпен» түбі тамырлас болған­дық­тан күйшілік өнер оқу-тоқу ар­қылы ие болатын кәсіптен гөрі адамға Тәңірден қонатын қасиет­ке жақын құбылыс дегенге саяды. Яғни «күй» сөзі қай жердегі қол­даныста болсын адамның жан тебіренісімен, ішкі сезімімен тікелей ұштасып жататынын алға тартады. Қазір университетте сабақ беріп жүрген студенттеріме күй туралы білетінімді үйретпес бұрын алдымен осыны мық­тап санаға тоқу керектігін айтамын. Сондықтан кез келген қиын­дыққа төтеп беріп, кәсібіне адал­дық таныта алған адамның ғана өнері бағаланып, ерекше құрметке ие болатынын көрдім. Яғни киелі аспапты қолға алған кісінің әуелі жүрегі, ниеті таза болмаса, басқасының бәрі бос әуре­шілік. Әкем Байдөсек кезін­де ауыл-аймаққа асқан дом­быра­шы­лығымен танылған кісі еді. Қа­сиетті қара домбыраға қол соза­рда қадір-қасиетін сезінуді, ұқып­тап ұстауды алғаш сол кісі­ден үйрендім. Оның тартқан күйі­нен жұрт қатты әсерленетін. Әкем көбіне Қазалы, Қармақ­шы өңірі­нің жыр-термелерін төгіл­те шырқайтын. Махамбеттің «Аққошқар» күйін құйқылжыта орын­дағанда, домбыраның бебеу­ле­ген үні тұла бойыңды ерекше жігерлендіріп, маңайынан желдің гуілі естілместей бір жайлы ты­ныш­тық орнайтын. 

– Ұлттық домбыра күні ме­ре­кесін келешекте қалай атап өткен жөн деп ойлайсыз?

– Үйімізде, төрімізде домбыра ілулі тұрса, ол жерге бүркеншек бөтен ой тұмсық тыға алмайды. Мұны енді алдағы уақытта қалай атап өтуіміз керек деген мәселеге келсек, биыл мысалы «Бәйтерек» монументінің маңында «Ұлы Дала үні» жобасы аясында өнер көрсеткен домбырашылар шеруі жұрт­шылықты сүйсінтті. Оған елі­міздің түкпір-түкпірінен 500 өнерпаз қатысты. Олар бір мез­гіл­де, бір деммен Құрманғазы баба­мыздың «Сарыарқа» күйін орын­дағанда, қатты тебірендік. Шалқыдық. Еңкіш тартқан еңсе тікте­ліп, рухтандық. Ұлттық төл құн­дылығымызды төрге озды­ру сәтінде буылған үніміз шеші­ліп, тіл бұғауы бырт-бырт үзі­ліп, кеу­демізді кернеген күй күм­бірі жор­ғадай бүлкілдеп кеңіс­тікке ұмтылды. Бұл күні телеарна, радио біткен тек домбыра үнін на­с­и­хаттап, жастардың бетін дәс­түрлі төл өнерге бұруға көбі­рек көңіл бөлінсе деймін. 

Алқалы жиында Елбасы Май­төбенің тұсынан домбыра­ның суреті бар таңбалы тас табыл­ғанын тілге тиек етті. Ғалымдар: «Ол сурет берісі 4 мың, арысы 6 мың жыл бұрын бедерленген» дейді. Домбыра ұстаған адам­ның мүсіні Арал маңынан ке­зі­гіп­ті. Ал Алтайдан аршылып алынған ата домбыра дүйім жұрт­ты өткен ғасырлар тылсымы­на тартпай тұрмайды. Сонда аспап сонау Күлтегін заманынан бері келе жат­қан жәдігеріміз екен-ау. Қазақ одан бергі тарихын тілмен емес, әрдайым күймен өрнектеп жаз­ғаны мәлім. Ұлттың үнін ай­шық­тайтын осынау мерекені дәс­түр мен өнерді дәріптеудің тағы бір тағылымды өнегесі ретінде қабылдауымыз керек.

– Күйді, халықтық шығар­маларды эстрадалық рок, рэп, поп жанрында орындаушылар туралы не айтасыз?

– Кейде қазақтың «қасиетті қара домбырасын әр жерге бір тықпалаудан өзімізді тым төмен түсіріп алып жатқан жоқпыз ба осы?» деген күдіктің қылаң беріп қалатыны рас. Әлемдік деңгейдегі музыка сыншыларының айтуынша, бүгінде музыканың поп, рэп және рок жанрлары өте қарқынды дамып отыр. Ондай жаңаша үрдістен қазақ музыкасының да тыс өмір сүре алмасы белгілі.

Алайда батыстық музыканың көмегімен домбыраның басына үйіріліп тұрған бұлтты сейілте аламыз деу – қате долбар. Мұндай дарақылықты айтпағанның өзінде тіпті бір кездері күйлеріміздің түрлі аспапта ойналып, оркестрде орындалуының өзіне сыни пікірлер жиі жазылатын. Мұны әлі де құптап, күйдің алғашқы нұсқасында сақталғанын жөн санайтын жандар баршылық. Өйткені халықтық шығарма жаңа жанрда орындала келе өзгеріске ұшырамай тұрмайды, бастапқы таза қалыбынан ауытқиды. Көне күйлерді дәл автордың өзіндей, болмаса алғашқы нұсқасын­­дай қазір ешкім орындай алмайтыны содан. Заманауи музыка мен халықтық музыканың син­тезі­нен шыққан жанр фолк-рок деп аталып жүр. Бүгінде не көп, музыканың түрі көп. Поп-рок, фолк-рок, панк-рок, пси­хо­де­ли­калық рок, хеви-металл... дей­сіз бе, жылда бұрын-соңды есті­меген жаңалары туып жатады. Жалпы, қазақ даласына өт­кен ғасырдың 70-жылдарында рок-музыканың элементтері, тіп­ті рок жанрындағы жекелеген ком­­позициялар ене бастаған екен. Дәс­түрлі төл туындылары­мыз бен домбыра үнінің кеміп кетуі­нің бір себебін сондай түрлі топ­тар мен ансамбльдердің көбеюі­мен сабақтастырған жөн шығар. Бір данышпан: «Адамды үйіріп, билете жөнелмеген музыка – музыка емес» депті. Бұл қағида басқа халықтардың табиғатымен үндесуі мүмкін, ал бірақ мен рухани тұрғыдан тәрбиелемейтін музыканың біз үшін құны көк тиын дер едім.

– Еңбек жолыңыз туралы айтып берсеңіз. 

– 1987 жылы консерватория­ны бітірген соң, еңбек жолымды Торғайдағы музыкалық колледж­де оқытушы болудан бастадым. Онда он жыл қызмет істедім. 1997 жылы 20 шілдеде елордаға біржола қоныс аудардық. Әуелі Ақмола қалалық музыкалық кол­леджіне жұмысқа орналас­тым. Қалалық филармонияның жаңа­­дан құрылып жатқан кезі бола­­тын. Көп ұзамай филар­­мо­ния­ның жанынан халық аспаптары оркестрі ашылды. Онда қа­та­­рынан он үш жыл өнер көр­сет­­тім. Астанаға алғаш кел­ген жыл­­дардың әсері өз алдына бө­лек әңгіме. Жылу атымен жоқ. Жарық бір өшіп, бір жа­на­­ды. Суық залда репетиция жаса­дық. Кірпіштің үстіне оты­рып та дом­­быра тарттық деген сөз­ді бү­­гін­де бір адамға айт­саң сен­бейді. Мем­ле­кет­тік дең­гей­дегі бар­­лық кон­церт­ке қатыс­тық. 1998 жылы ор­кестр­дің ал­ғаш­қы ди­рижері Мыр­зағали Ай­да­болов­­тың ұсы­нуы­мен «Қазақ­стан­ның еңбек сі­ңір­ген қай­рат­кері» атағын Ел­ба­сының өз қолынан алға­ным мен үшін зор мерей. Содан бері Пре­зи­денттік мәде­ниет орта­лы­ғын­да, Конгресс холл мен Бейбіт­ші­лік және келі­сім сарайында бір­неше концертім өтті. Мем­ле­кет­тік шараларда, Аста­­наға ат ба­сын тіреген көп­теген елдің прези­денттері алдында өнер көрсеттік.

– Репертуарыңызда кімдер­дің күйлері бар?

– Кіндік кескен жерім батыс өңірі болғандықтан сол жер­дің төкпе күйлерін көбірек тар­тамын. Құрманғазының «Төре­мұрат», «Терісқақпай», «Бай­жұма», «Серпер», «Сары­арқа­сын», Дәулеткерейдің «Жігер», «Топан», «Аңшылық», «Ақ желең», сондай-ақ «Қос ішегі» мен «Жеңгем сүйерін», Есір, Ес­бай­дың «Ақжарма», «Жал­дықара», «Күлтай», «Теріс­қақ­пай», Өскенбайдың «Бұлбұл ақ желең», Дина апамыздың «Бұл­бұл», «Байжұма», «Жігер», «8 март», «16-шы жылы» мен «Ме­­реке» күйін, жалпы күй ата­сы мен күйші апамыздың бі­рен-саран ғана болмаса, түгелге жуық күйін орындаймын.

Жалпы, күйшінің еңбегі қан­ша күй тарта алатынында, бол­м­аса көптігіне байланыс­ты өл­шен­бейді, мұнда негізі­нен күй­ді түсініп, жүрекпен же­т­кізе білу маңызды. Арқа күй мек­­тебі өкілдерінен асырып жі­­бер­­месем де шертпе күй­ді ака­­де­­мия­лық тұрғыда бел­гі­лі бір дең­гейде орындап жүр­мін. Шір­кін, Сүгірдің күйлері қан­дай де­­сең­ші, кісіні еріксіз елі­тіп әк­е­теді. Қаратау күй мек­те­бі өкі­­лі­­нің «Қосбасары», «Боз ін­гені», «Май­да қоңыры» мен «Наз­қоңыр» күйлері, Тәттім­бет­тің «Сары­­­жай­­лауы», «Сылқыл­дағы», «Қос­б­асары», Әбікен Қа­се­нов­тің «Қоңы­ры» жүрегіме жақын. 

– Бүгінде Құрманғазы мен Динаның қанша күйі орындалып жүр?

– Дина апамыздың 30-40 күйі, ал Құрманғазының 40-50-ге жуық күйі бар. Күй атасын Ахмет Жұбановтан бас­тап көп күйшілер зерттеген. Қазан­ғапты түбегейлі зерттеген Әбдулхамит Райымбергенов аға­мыз. Алла қаласа, алдағы уа­қытта Қазанғаптың үш-төрт томы шығады деп күтілуде. Оның ішін­де күйшінің қасында он жеті жыл бірге жүрген Қадырәлі деген күй­шінің орындауындағы күйлер табылып, ауқымды бір жинақ жарық көрмек.

– Өзіңіздің де біраз күй­леріңіз бар екен...

– Үлкен бір тарихи оқиғалар­ды естігенде оған арнап күй шы­ғар­ғым келіп тұратын әдетім бар. Бү­гінде 13-15 күйімді оркестр­лер, университет студенттері орын­дап жүр. Мысалы, ХVIII ға­сыр­дың аяқ шенінде орын ал­ған оқиға туралы «Сатай баба» атты күй шығардым. Ол үшін араб, өзбек, ұйғыр музыка­сын, Маң­ғыс­тау өңірінің жыр­­ларын тың­дауға тура келді. Мұнда Сатай баба Меккеге екінші рет бар­ғалы жатқанда әкесі түсіне кіріп, «саған топырақ сол жерден бұйырады» деп аян береді. Меккеге жеткеннен кейін үш күннен кейін қызуы көтері­ліп қайтыс болады... Қазір мұны Құрманғазы оркестрінен бастап, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, Қарағанды оркестрлері орындайды. Әбіш ағамызға арнап 70 жасқа толғанда «Әбіш-таған» деген күйді сыйладым. Ол кісі көзі тірісінде бұл күйді тыңдап, риза­шылығын білдіріп, өзінің жоға­ры бағасын берді. Күй негізі Маңғыстау әуендерінен алынды. Абылдың ізімен жазылды. Ал «Бәйге» күйім өмір мен өнердің жарысы қызған елордамыздың тойына тарту етілді.

– Әннің, күйдің құрылы­­­мы­на қарай домбыраның түр-түрі кездеседі. Аспап жасаушылар өз еңбектерінде осы ерек­ше­лік­ті қаншалықты ескеріп жүр?

– Күйге арналған домбыраның үні камералық дауыс сияқты таза әрі қоңыр болып келеді. Қазір мен Қазақстандағы ең мықты шебер, марқұм Жақсылық Оспановтың жасаған домбырасымен өнер көрсетіп жүрмін. Қызылорданың тумасы, Алматыда тұрған. Сол кісіге жасатқан өр домбырамды жиырма жылдан бері қолымнан тастамай ұстап келемін. Домбыра жасаушылардың «Үкілі домбыра» байқауында шебердің домбырасы Гран-приді жеңіп алған болатын. Сұлтан Мұсаев есімді шебердің де қазір қолымда домбырасы бар. Ол консерватория­ны домбыра мамандығы бо­йынша бітірген, қазіргі уақытта Астанада тұрады. Домбыраны күйдің табиғатын ескере отырып жасайтын мұндай мамандар өте сирек. Мұнан басқа тағы біраз шебердің аспабын пай­да­ландым. Бірақ біразын көп ұс­тамай сыйлап жібердім. Домбыра таңдағанда аспаптың алдымен дыбысына қатты мән беремін, күйге жақын үндерді іздеймін. 

– Шетелге гастрольдік сапар­­мен шыққанда халқы­мыз­дың төл аспабын басқа жұрттар қалай қабылдайды? 

– Қазақтың төл өнерін әлемге насихаттап, танытуда домбы­раның орны қашанда бөлек. Түркияның Анкара қаласында Қостанай облысының күндері өтті. Сонда Анар Мұздаханова екеу­міз сахнаға шыққалы тұр­ғанбыз. Біздің алдымызда «Наз» би ансамблі түріктің биін билеген кезде қала мэрі бастап, тағы қалған түрік ағайындар қош­тап қосылып билей жөнелді. Мынадай қошеметті үнсіз бақы­лап тұрған Анар қобалжи бастады. «Қазір жұрт біздің күйімізге осылай әсерлене қояр ма екен?» деді. Әріптесімнің көңілін басу үшін: «Еш уайымдама, бізді бұл сыннан қасиетті домбыра­ның күмбірі алып шығады» дедім. Сахнаға шықтық. Күйтартыс басталды. Сонда біздің делегацияны бастап барған Төле­ген Мұхамеджанов ағамыз ор­нынан атып тұрып, шыдамай бар дауысымен қолдау білдірді. Күйге делебесі қозған жұрт дүр сілкінді. Түріктер түрегеп тұрып қол соқты. Сол сәт әркез есімізге түсе береді. Зал бес-он минут біз­ді жібермей, тікесінен тік тұр­ды. «Міне, күйдің құдіреті!» де­дім Анар әріптесіме мақтаныш се­зім­­мен көңілім марқайып. Ол да мынадай қошеметке жүрегі жарылардай қуанып, булыққан көзіндегі жасты іркіп тұра алмады. Одан кейін Еуропа елдеріне талай мәрте сапар шектік. Құр­ман­ғазының «Төремұрат», Нұр­ғи­саның «Аққу» күйлерін тарт­қанымда халық сахнаға шығуым­ды қайта-қайта сұрап, ерекше ризашылықтарын білдіретін. 

– Домбыра Қазақстанның брендіне айналды дейсіз ғой.

– Домбыраның қоңыр үнінде құдіретті бір тылсым күш бар. Неміс, ағылшын, француз, қай халықты болсын баурап ала­тын аспап. Осыған көзіміз анық жетті. Халық домбырамен күй тар­тыл­ғанда басқаша әсер­ле­неді. Қазақтың атын дүние жүзі­не күй арқылы танытуда мар­құм Қаршыға (Ахмедьяров) ағамыз­дың сіңірген еңбегі шексіз ғой. 

– Соңғы кездері күйді өзгер­­тіп орындауға әуестену­ші­лер бой көрсетіп қалып жүр. Осы­ған қалай қарайсыз? 

– Құрманғазы оркестрін құруда Ахмет Жұбановтың орнын бәрінен биік қоямыз. Күй домбырадан бастап қобызға, басқа да түрлі аспапқа түсірілді. Ғажап құбылыс емес пе? Күй ажары ашылып, бүкіл даланы су­рет­тейді. Сіздің сұрағыңызды тү­сініп отырмын. Қазір эстрада жанрында күй тарту қаптап кетті. Ол аздай мұны компью­тер­ге түсірдік. Тойларда ет тар­ты­­­­лып жатқанда «Адай» күйін орын­­­дау әдепсіз модаға айнал­ды. Бұл – күйді қорлау. Ол үл­кен сахналарда ғана ойнала­тын туынды. Еуропа музыкаларынан артық болмаса, кемшін соқпайтын төл туындыларымыз Американың Карнеги-холын­да, Англияның Алберт-холын­да ойналса қай жері кем?! Кең даланы мінсіз суреттейтін Тәт­тім­беттің «Сарыжайлауы» әлем­дік классиктердің қай шығар­ма­сы­нан кем. Карнеги-холда бес мың адамды аяғынан тік тұр­ғыз­ған Құрманғазының «Сарыар­қа­сы» құдіретті емей не! Эст­ра­да­ның бәріне бірдей то­пы­рақ шашу­дан аулақпын. Мұн­дай жаң­ғырулардың көбеюі өмір заң­ды­лығы шығар, бірақ өз басым дәс­түрлі өнерден гөрі күй­дің эстра­дамен керемет орын­дал­ғанын көрген емеспін. 

– Мұны төл өнерді түлету мақ­сатындағы әрекет деп түсін­діргісі келетіндер бар ғой.

– Әрине мұндай жағдай бар­лық халықта кездесуі мүмкін. Түрік, өзбек, қырғыз ағайын­дар­да да солай. Бірақ әр нәрсенің өз шегі бар емес пе? Соны шектен шықпай өз мөлшерінде пайдаланса оған ешкім қарсы емес. Алайда бояуы тым қалың жағылып кетсе, сабыр сақтау мүмкін бе? Күй­дің бүкіл құры­лысын өзгер­тіп жібергенін көр­генде, қара­дай күйіп кетесің. Ой­на­сын. Пайда­лан­сын. Бірақ қиянат жасалмаса. 

– Астанада күй өнерінің дәріптелуі қай деңгейде?

– Бізде халық аспаптары ор­кестрінің концертіне жұртты те­гін шақырып кіргізе алмайсың. Билет су тегін бағаға сатылады. Соған қарамастан өтпей жатады. Не­лік­тен бұлай? Бұған кім кінәлі? Жеңіл-желпі сала дей алмайсың. Өйткені домбыраны он жыл жү­ріп оқисың. Өз басым төрт жыл колледжде, бес жыл консерваторияда, екі жыл аспирантурада оқыдым. Осы салаға көз майымды тауыстым дейтіндей адаммын. Сонда да төл аспаптың қыр-сырын түгел зерттеп-зерде­ле­дім деуге тілім бармайды. Оның си­қыры ешқашан таусылмай­ды. Бұл өмір бойы оқумен өте­тін, инемен құдық қазғандай ұзақ та қиын сала. Сондықтан қа­зір халықты өзінің дәстүрлі төл ө­неріне оралтудың жолын қа­рас­тыруымыз керек. Әсіресе бұл ел­ор­дада көбірек насихатталуы тиіс. Халық аспаптары ор­­­кестр­­­лерінің концертінен гөрі жұрт­­тың көбіне арзанқол әнші­лер­­дің кешіне баруды қалай­ты­нын сынай бастасаң, мұныңды эстр­а­даны көре алмағандықтан ай­­­тып отыр дейді. Олай емес. Адам­ның миын шаршататын есі­рік үн ескіреді, ешкімнің есін­де қал­­майды, ал халықтық шы­ғар­ма мәңгілік қой. Күйде қан­шама тарих жатыр. Ғасырдан-ғасыр­ға өш­пей жалғасып келе жат­қан сол құн­дылыққа құрмет артса деймін. 

– «Тәрбие басы – талбесік» демекші, бар мәселе кісінің немен сусындап өскендігіне байланысты емес пе? 

– Ұлттық домбыра күніне орай алдағы уақытта қандай істер қолға алынуы керек дегенде, осы мәселе алдымен жоспарланса құба-құп болар еді. Күйді балапан кезден санаға сіңдіре білуіміз керек. Миына қазақтың қасиетті күйі құйылып өскен өрен өз қағынан жерімейді. Қоңырау орнына Құрманғазының күйі тартылатын мектептер бар деп естідім. Міне, сондай істер кең көлемде насихатталса құба-құп. Домбыра мен күй өнеріне сүйіс­пеншілік сезімі балабақша мен мектептен бастау алғаны жөн.

– Жақында жасөспірім домбырашылар арасында сондай байқау өткен жоқ па?

– Елімізде Құрманғазы, Дина, Тәттімбет атындағы домбырашылар байқауы өтіп тұрады. Мұнан бөлек ең ірі «Шабыт» фестивалі бар. Кеше ғана жасөспірімдер арасында халықаралық байқау өтті. Бүкіл туысқан елдер­ден, атап айтқанда, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан талантты балалар келді. Түрлі халықтың аспаптары ойналды. Екі күн қазы­лар алқасының мүшесі ретінде балғындар өнерін сараптадық. Сондағы байқағаным, күй өнері бойынша бақ сынаған өрен­дердің талпынысы сүйсінтті. Бұл – Пре­зиденттің бастамасымен қол­­­ға алынған айтулы байқау. Бү­кіл облыстан 10-18 жас аралығындағы ба­л­ғын­­­­дар қатысты. Басқаларға қа­ра­­­­ған­да, біздің балалар күй өне­­рін меңгеруімен биік тұра­ты­­нына қуандық. Домбыра тар­тып отырған баланың көзінен ла­пыл­даған от көрдік. Домбыра­ның ғажап үніне елтіген кіп-кіш­кентай жүректің сезімге бөлен­ген сәтін, сүйрік саусақтар бағын­дыр­ған ғаламат асуды сөзбен ай­т­ып жеткізу қиын. 

– Күй өнерін зерттеумен айналысып жүр екенсіз. Алдағы жоспарларыңыз туралы айтып берсеңіз.

– Күйді нотаға түсіріп, жеке кітап етіп шығарып жатқан жандар баршылық, әрине. Бірақ мені қазір күйдің дыбысы мен құрылысы қызықтырады. Орын­дау­шылық шеберлік жайында еңбек жазу ойымда бар. Мәсе­лен, баяғы Диналар ойнаған күй­дің дыбыстары мен бүгінгі орын­дау­шылардың арасында әжеп­тәуір айырмашылық бар. Біз әлі де болса шебердің сол шынайы деңгейіне жете алмай келеміз. Күйдің бастапқы шық­қан қалыбын бұзбай, автор­дың дәл өзінен айнытпай ой­наған адамды көрген жоқпын. Күйшілерге Динадай болу оңай бола қоймас, бірақ соған қара­мас­тан, әр адамның өзіне тән стилі, өзегін жарып шыққан төл дыбысы болады. Әр күйшінің өзінің орындаушылық машығы қайталанбайды. Соны еңбегіме арқау еткім келеді. 

– Жастардың арасында көзге түсіп жүрген мықты күй­шілер бар ма?

– Шәкіртім Айбек Бек­бо­сынов­тың есімі жұртқа мәлім. Құрманғазы атындағы бай­қау­да, «Шабыттан» жүлде алды. Құрманғазы байқауының Гран-приін иеленген Еркебұлан Соң­ғы­баев, Айым Бекбаева, Әмина Бо­шымова есімдерін ата­ғым ке­леді. Олар Арқа, Қара­тау, батыс, жалпы бүкіл күй мектеп­терін қал­дырмай орындайды. Ал үл­кен­дерден консерваторияда бес жыл оқытқан ұлағатты ұстаз, зерттеуші-ғалым, күйші Орын­бай Дүйсен ағамызды, үзеңгі­лес әріптесім Анар Мұзда­ханова­ны айрықша атап өткім келеді. Домбырашы әрі дирижерлер Айтқали Жайымов пен Дәурен Ғылымовқа құрметім зор.

– Күйшілік өнер жасқа қарамайды деп жатады. Мұны қалай түсінесіз? 

– Дина апамыз жетпіс сегіз жасқа дейін, Қали Жантілеуов жасы сексенге келгенше күйде дес бермеді. Бойына ананың ақ сүті­мен күй дарыған күйші­лер дом­бырадан ешқашан қол үз­ген емес. Қаршыға аға өмір­ден өт­кенше ойнады. Сағын Жал­мы­шев кешке үйіне көңілін сұрап бас сұққанымызда домбыра ойнап отырған болатын. Таңертең жүрек соғуы тоқтапты. Сержан Шәкіратовтың домбырасы әлі қолында. Құдайдың берген ерекше сыйының қасиеті сонда. Бірақ үнемі еңбектену керек. Өйткені күйдің киесі болады. Домбыраны күнде қолыңа бір ұстап күмбірлетпесең, көңілдің көзін тот басады, кірлейді. Сон­дықтан сахнаға шығардың ал­дын­да төрт-бес сағат үзбей да­йын­­­даламын. Ал негізі күнде айна­лысамын, жәй тартпаймын, дыбыс іздеп отырып ойнаймын. 

Әңгімелескен 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

FIFA-2018 марапаттау рәсімінде Роналду болмайды

24.09.2018

Ұлы Дала Еліне саяхат — «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша экспедиция Таразға келді

24.09.2018

«Егемен академиясының» жаңа маусымына тіркелу басталды

24.09.2018

Мақтаарал құрылыс саласымен де танымал болмақ

24.09.2018

Атырауда «Тау тұлғалы Таумыш» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

24.09.2018

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет мектебін ашылды

24.09.2018

Алматыда III Baikonyr Short Film Festivalдің жабылу салтанаты өтті

24.09.2018

Ақтөбелік полицейлер Агенттіктің «Пара алма!» үндеуіне құлақ асуда

24.09.2018

Қыздар Университетінің студенттері республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

24.09.2018

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

24.09.2018

25 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

24.09.2018

Ақтауға үлкен футбол оралды

24.09.2018

Үш дзюдошымыз да алғашқы айналымда ұтылды

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу