Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2018

Бабаларға тағзым жасалды

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен түркі әлемінің рухани кеңіс­тігіне иелік етіп, мәдениетін тұтастандыру бағытында құрылған ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы биыл 25 жылдық мерейтойын атап өтуде. 

Бабаларға тағзым жасалды

Игі шараның бір парасы күллі түркі дүниесінің киелі шаңырағы Түр­­кістан қаласында жалғасты. Халық­ара­лық түркі әлемі гуманитарлық ғылым­дар конгресінің қолдауымен ұйым­дас­ты­рылып отырған аталмыш басқосуға ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов бастаған 50-ден астам түркі-­тектес халықтардың өкілдері келіп қатысты. 

Мәртебелі жиын барысында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілетті кеңе­сінің төрағасы Мұса Иылдыз және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Бо­лат­­бек Әбдірасылов бастаған ғылым-білім қай­раткерлері күллі түркінің құт мекені Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зия­рат етіп, ғұлама бабамызға хақтың ілімін үйреткен ұстазы Арыстан бабтың да басына барып, тағзым етті. 

Құрметті меймандар Оты­­рар ауданы әкімінің орынбасары Әбдіғали Жүні­сов­тің жол бастауымен өңірдегі киелі та­ри­хи орындарды аралап, аудан кө­лемінде ру­хани туризмді дамыту ба­ғы­тында атқа­ры­лып жатқан жұмыстармен танысты. 

«Түркістан өңірі түркілер үшін киелі мекен. Мұнда мұ­сылман әлемінің қос алыбы Ясауи мен оның рухани пірі Арыс­тан баб бабамыз жатыр. Сондықтан да бұл өлке – бірліктің туын көтерген түр­кі жұртының мақтанышы, ортақ орда­сы. Барша түркі халқының алтын шаңырағына айналған құт мекен. Осын­дай рухани кемел тұлғалар мәң­гілік дамыл тапқан жерді көзбен көріп, топы­рағын басқаным үшін өзімді бақытты се­зінемін», деді Түрік әлемін зерттеу қо­ға­мының төрағасы Көзхан Язған мырза.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, 

«Егемен Қазақстан»