Спорт • 07 Қыркүйек, 2018

Қазақстандық көкпаршылар қола медалға үміткер

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстандық көкпаршылар қола медалға үміткер

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аясында Шолпаната қаласында өтіп жатқан көкбөрі бойынша сайыстарда Қазақстанның көкпаршылары кезектегі ойынын Өзбекстанның құрама командасымен күш сынасып, 4:5 есебімен ұтылып қалды. Үш таймдан тұрған сайыстың бірінші айланымда жерлестеріміз басым болған. Бірақ, одан кейінгі таймда өэбекстандықтар үстемдігін танытты.

Сөйтіп, алтын медаль үшін бәсекеге Қырғызстан мен Өзбекстан шығатын болды.

Бүгін кешке қазақстандықтар үшінші орын үшін Ресейлік шабондаздармен бақтарын сынайды.

 

Назарбек Байжігітов,

Қырғыз Республикасы,

Шолпан ата қаласы