Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2018

Астанада өзбек мәдениеті мен асханасының көрмесі өтеді

1450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 қыркүйекте сағат 12:00-ден 19:00-ге дейін Астана қаласы әкімдігінің алаңында Қазақстандағы Өзбекстан туризмі жылы шеңберінде өзбек гастрономиялық және ұлттық асханасының көрмесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астанада өзбек мәдениеті мен асханасының көрмесі өтеді

Іс-шараны Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұйымдастыруда.

Көрме қонақтарына шырайлы Өзбекстанның бас асханасы мен Қазақстан халқының ұлттық тағамдары ұсынылатын болады. Атақты бас-аспазшы дәстүрлі ұлттық тағамды дайындау бойынша шеберлік сағатын көрсетіп, шеберлігінің құпиясын ашатын болады.

Көрмеге келушілер дәмді тағамнан дәм татып, ыстық тандырдан шыққан күрең қалаштан сарқыт алуларына болады. Сонымен қатар, қонақтардың назарына концерттік бағдарлама ұсынылады.

Бұдан басқа, шығыс жәрмеңкесі мен «Ас иесімен тәтті» лотереясы ұйымдастырылатын болады. Онда ересектер мен балалар үшін сыйлықтар ойнатылатын болады.