Спорт • 07 Қыркүйек, 2018

Көшпенділер ойындары: Қазақстан үшінші орында

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ыстықкөлде облысында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қырғызстанның спортшылары ұтып алған медалдарының есебі бойынша үш күннен бері біріншілікті басқаларға бермей келеді. Мұның бір себебі алаң иелерінің ұлттық спорттың барлық түрлеріне көптеп қатысқандығынан да болып тұр.

Көшпенділер ойындары: Қазақстан үшінші орында

Алдыңғы 5 күннің қорытындысында ақ қалпақты бауырларымыз 30 алтын, 25 күміс, 23 қола медалға (барлығы 78) ие болып, бағы жанып тұрған кез.

Олармен үзеңгілесіп, ккінші орында 16 алтын, 9 күміс, 18 қола медалмен (барлығы – 43) ресейліктер келеді.

Үшінші орындағы қазақстандықтардың қоржынында 11 алтын, 17 күміс, 21 қола медал бар.

Көшпенділер ойындарында, жалпы алғанда, 594 медаль, 174 алтын, 173 күміс, 247 қола медаль тігілген. Бәйге қоры – 28 миллион сом. Еске салсақ, көшпенділер ойындарына 234 қазақстандық спортшы қатысуда.

Назарбек Байжігітов,

Қырғыз Республикасы,

Шолпан ата қаласы