Чехияда Елбасының жаңғыру реформаларымен таныстырылды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңғыру реформалары Прагада жұмысын бастаған «ЕҚЫҰ аумағында инновация, адам капиталын дамыту, қоғамдық және корпоративті жақсы басқару арқылы экономикалық даму мен қауіпсіздікті нығайту» тақырыбына арналған 26-шы ЕҚЫҰ Экономика және қоршаған орта форумы барысында таныстырылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
07.09.2018 14014
2

Форумның қорытынды отырысы биыл Вена және Венецияда болған дайындық жиналыстарының негізінде ұйымдастырылды және іс-шараның сессиялары барысында үкімет, жеке сектор, азаматтық қоғам өкілдерімен қатар халықаралық сарапшылар цифрлық экономика дәуіріндегі мүмкіндіктер, бизнес секторында цифрлық қауіпсіздік, мемлекеттік және корпоративті жақсы басқаруда цифрлық инновациялар, цифрлық дәуірде адам капиталы мен экономикалық өзара байланыстықты ілгерілету мәселелері талқыланды. Осының негізінде биыл Миланда жоспарланған ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлер кеңесінде экономика және қоршаған орта тақырыбына арналған шешімдер жобаларын қабылдау мүмкіндігі қарастырылды.

Форумның ашылу сессиясында  Мемлекет басшысының  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауындағы басымдықтарына Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі – ЕҚЫҰ Экономика және экология комитетінің төрағасы Қайрат Сарыбай назар аударды.

Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Джулиельмо Пикки цифрландыру ЕҚЫҰ үшін жаңа тақырып болғанына қарамастан, ұйым осы тақырыптың төңірегінде өзін жандандыра алатынын мәлімдеді. Сонымен бірге, қазіргі таңда цифрландыру бизнестің дамуына әрі жаңа деңгейге шығуына оң ықпал етіп жатқанын және жаңа жұмыс орындарының ашылуына себепкер болғанын атап өтті. Сондай-ақ цифрландырудан туындайтын қауіп-қатерлерге байланысты ұйымға мүше елдердің кеңесе бірлесе жұмыс жүргізудің маңыздылығы мен қажеттілігіне тоқталды.

Чехия сыртқы істер министрінің орынбасары Томаш Петричек ЕҚЫҰ Экономика және экология форумының өзара сенім және диалог орнату тұрғысынан ерекше платформа болғанын жеткізді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Қамқорлық қанат бітіріп...

19.11.2018

Алматы – олимпиадашылар ордасы

19.11.2018

Ирина Смирнова: Мүгедек жандардың мәселелерін ескерген жөн

19.11.2018

Кондитерлік кәсіпке машықтануда

19.11.2018

Ұрлық тыйылмай тұр

19.11.2018

Газдандыру ісін жалғастырудың маңызы зор

19.11.2018

Киноиндустрияға айрықша назар қажет

19.11.2018

Румынияда қазақ киносының фестивалі өтті

19.11.2018

Maǵjan murasy zerttele beredi

19.11.2018

Комедияға көрермен көп келеді

19.11.2018

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

19.11.2018

Zaman talabynan týǵan qadam

19.11.2018

Аза Шәден. Кесілген бұрым

19.11.2018

Бөдене шаруашылығының бәсі жоғары

19.11.2018

Алаңсыз өмір сүрудің жаңа кезеңін бастаймыз

19.11.2018

Kúmis latyn – altyn latyn

19.11.2018

Зайнидин ҚҰРМАНОВ: Назарбаев батыл реформалар жасады

19.11.2018

Барымташылар неге басынады?

19.11.2018

Елбасы Татарстан Республикасының Тұңғыш Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда өткен ел біріншілігінде Н. Жарылғапов «түйе палуан» атанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу