Қазақстан • 09 Қыркүйек, 2018

Синоптиктер 9 қыркүйекке арналған ауа сапасы туралы айтты

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 қыркүйек күні еліміздің көптеген қалаларында метеорологиялық жағдай жайлы болады, деп хабарлайды  «Қазгидромет» РМК. 

Синоптиктер 9 қыркүйекке арналған ауа сапасы туралы айтты

Синоптиктердің мәліметінше, жағымсыз метеожағдай тек Атырау, Орал,  Шымкент қалаларында күтіледі.

Ал Ақтау, Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен  қалаларында ауа сапасы жағымды болатыны болжанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның жерге жақын орналасқан қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.