Кино • 09 Қыркүйек, 2018

«Өзен» фильмі 75-ші Венеция кинофестивалінің «Үздік режиссер» жүлдесін жеңіп алды

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эмир Байғазин түсірген «Өзен» («Река») фильмі 75-ші Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» (Горизонты) бағдарламасында «Үздік режиссер» жүлдесін жеңіп алды.

«Өзен» фильмі 75-ші Венеция кинофестивалінің «Үздік режиссер» жүлдесін жеңіп алды

Фильмнің әлемдік тұсаукесері 4 қыркүйекте өткен болатын. «Көкжиектер» атты конкурстық бағдарламасында отандық фильмнен басқа кинематография саласы дамуының жаңа тенденцияларын ұсынатын көркем  18 авторлық туындылар қатысты. Мерейтойлы Венеция фестивалінің жеңімпаздарын 8 қыркүекте жария болды.

Атаулы «Үздік режиссер» жүлдесін – «Арыстанды» – фестивальдің марапаттау салтанатында Польша ко-продюсерінің өкілі Агнешка Пучило алды. Режиссер Эмир Байғазин марапаттау рәсіміне қатыса алмады, өйткені ол «Өзен» фильмін Торонто кинофестивалінде таныстыру үшін Канадаға арнайы барған болатын ( «Өзен» фильмі негізгі конкурстық «Платформа» бағдарламасы шеңберінде көрсетіледі).

Айта кетсек, Эмир Байғазин бұл фильмнің сценарий авторы, режиссері, қоюшы операторы, продюсері, сонымен қатар, картинаның монтаж жұмыстарын да өзі жасаған. Трилогияның соңғы бөлімінің (трилогияның алғашқы екі бөлімі -  «Асланның сабақтары» («Уроки гармонии») және «Төрт оқиға» («Раненый ангел») фильмдері) жарыққа шығуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ,  Польшаның кино институты және Sorfond  (Норвегия)  атсалысты. Бұл туынды сценарий кезінде MPA APSA Азия-Тынық мұхиттық киноассоциациясы грантының қолдауына ие болды.

Фильмнің әлемдік тұсаукесерінен кейін Батыстың әлемге әйгілі басылымдары «Өзен» фильмі туралы жарыса жазып, оң пікірлерін білдіріп жатыр.