Қазақстан • 09 Қыркүйек, 2018

Бүгін Қазақстанда Отбасы күні мерекесі атап өтіледі

6138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2013 жылы Елбасы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын. 

Бүгін Қазақстанда Отбасы күні мерекесі атап өтіледі

«Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді», - деген болатын Нұрсұлтан Нзарбаев Отбасы күніне арналған алғашқы құттықтауында.

Бұл күні еліміздің әр аймағында отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылып, жергілікті атқарушы органдар тарапынан үлгілі отбасыларға сый-құрмет көрсетіледі.