Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2018

Тіл – бірлік бесігі

451 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Биылдан бастап еліміз Қазақстан халқының тілдері күні мерекесін 5 қыркүйек­те, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күні­не орай  атап өтуді бастады. Б­ұл – ұлт тіл ғылымын зер­де­­леудің көшбасында тұрған тұлғаға құрметпен қатар, рухани дамудың жаңа­ша сипатта жүзеге асуына жол ашатын қадам.

Тіл – бірлік бесігі

Мереке құрметіне Талдықорған қаласында Алматы облысының тіл­дерді дамыту жөніндегі басқар­масы­ның ұйымдастыруымен «Тіл – бір­ліктің бесігі» атты форум өтті.

– Ырыс дарып, құт қонған жеті өзеннің маңайын жағалай жай­­­­ла­ған Жетісу жұрты киелі мекен­­­­нің саф ауасын, тұран даласын, ас­қарлы шы­­ңын қалай айбар тұтса, тілін де дәл со­лай бейбітші­­лік­тің қазығы деп біледі. Ел мүд­десі жолында атқаратын іс қа­шан­да жауап­­кер­шілікті талап етеді. Сол себепті алдағы күндерге артар жос­­парлар ауқымды. Оны бірі­гіп жүзеге асыратынымызға сенім­дімін. Ендеше бірлігі бекем елі­­міз­дің әлеуеті артып, қадамы қарыш­тасын. Ал сол бірліктің бесігі болған – тіл ғасырлар көшінің ең баға­лы қазы­насы, арда асылы болып ел­мен бірге мәңгі жасасын! – деді шараның беташарында облыстық тілдер­ді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Айдар Башбаев.

Форум аясында мемлекеттік тіл­дің дамуына өзіндік үлесін қо­сып жүрген облысымыздағы тіл жана­шыр­ларына Қазақстан Рес­пуб­ликасы Мәдениет және спорт министрлігі және Тіл саясаты ко­митетінің, Алматы облысы әкімі­нің, сондай-ақ басқарма тарапы­нан Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табысталды. Тілдер мереке­сі қарсаңында Алматы облысы­­ның тілдерді дамыту жөніндегі бас­қар­масы Тіл айлығын өткізген болатын. Аталған айлықтың аясында этнос өкілдерінің қатысуы­мен «Тілдарын», «Тіл шебері», «Славян жазуы» байқаулары мен «Тіл – тату­лық тірегі» дөңгелек үстелі ұйым­дастырылғандығын атап өткен жөн. Татулықты дәріптейтін айтулы сайыстар зор маңызға ие. Күні кеше ғана өткен облыстық «Тіл – парасат» байқауы да сөзіміздің айқын дәлелі. Шара барысында бірлік пен ынты­мақтың жығылмас туын қалқан еткен байқауда бабы мен бағы шапқан жеңімпаздар марапатталды.

Сонымен қатар аймақта бір жыл бұрын «Буккроссинг» еркін кітап алмасу жобасы қолға алынған болатын. Қай уақытта болмасын сенім­ді дос саналатын кітап бүгінде рухани жаңғыру құралы. Тіл байлы­ғын дамытатын, ойыңа ой қосатын да кітап болғандықтан, осы ара­­лық­та көшпелі кітапхана халық­­­тың кітап­қа деген қызығушылы­ғын ояту­­ға ай­тар­­лықтай үлес қосты. Талды­қор­­­ған қаласы мен облыстың аудан, қала­­ларында арнайы кітап сөре­лері қойылды. Жылжымалы кітап­хана сөрелеріне қойылған 5000-нан ас­там кітаптың 1000-ға жуы­ғын оқыр­ман­дар үйдегі кітаптарын алып келіп, ауыстырып алса, 875-тен аса кітап оқырмандарға берілді. Сый­ға тарт­қан кітаптардың саны да өлшеусіз.

Сондай-ақ жыл бойы жалғасын тапқан кезекті жобалардың бірі – «Жетісудың жыр керуені» атты челлендж болатын. Аталған жоба­ның мақсаты – Жетісу жеріне кіндік қаны тамған, дүниеден озған ақын-жазушыларды дәріптеу, шығар­маларын әлеуметтік желілер арқылы ел арасына кеңінен насихаттау. Челлендж талаптарына сәйкес әр қатысушы қалта телефонына белгілі бір автордың өлеңін мәнерлеп оқып, бейнежазбаға түсіріп, арнайы хештег арқылы әлеуметтік желі­ге жүк­те­ді. Аталған акция­ларда белсенді­лік танытқан қатысу­шыларға арнайы жүлде тағайын­далып, форум барысында салтанатты түрде марапаттады.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар