Келін

Егемен Қазақстан
10.09.2018 2543
2

Дәрігердің ұйғаруымен келінше­­гім біраз күн ауруханаға жататын болып, сонда алып келгенмін. Екі адам­дық палата. Көрші төсекте бір апа ұйықтап жатыр екен, оятып жібермейік деп аяғымыздың ұшымен басып орна­ластық. Келіншегім үйден әкелген тіскебасарынан шағын дастарқан дайындап жіберді. Апаға амандасып, «шайға келіңіз» деп едім, өзінің де басының сақинасы ұстап жатса керек, ширақ қозғалды. Түйекөз кесемен екі кесе ыстық шайды ылдилатқаннан кейін-ақ апаның құрыс-тырысы жазылып, тершіп сала берді. Әжімін бойлаған жылтыр жібек терін әр жерінен үзе отырып әңгіме бастады. Әңгіме бастағанда жай бастаған жоқ, менің руымды сұрап, «табынмын» дегенімде орнынан атып түрегеліп «төркінім екенсің ғой» деп еміреніп маңдайымнан иіскеді. Туған бауыры демей-ақ қояйын, көп жыл көрмеген туысқан бауырын көргендей толқыды. Айналасына немқұрайды, қарайтын қала мінезінен бе, аздап таңырқап та отырмын.

«Төркінімді сағынып көп зарыққан адаммын, шырағым. Соғыстың алды, еңбекте жүрген жас қыз едім, қыз-бозбала жиылысындағы бір кеште еңгезердей бір жігіт алып қашып, алып қашқанда алысқа алып кетті. Сырдың бойынан Шудың бойына бір-ақ келіппіз. Күйеуім үйінде ауру анасы мен кереге қармап жатқан суқа­раңғы әкесі бар жалғыз жігіт екен. Жағдайы ауыр еді. Қолдарында мал-сұлы бар дегенмен, отырған жер­лері де қолайсыз, ауылдан жырақ. Жал­ғыз үй отырады. Бардым да, таусы­лып бітпес шаруа, арылып бітпес азапқа белшемнен баттым да кет­тім. Азап деп отырғаным жай тұрмыс­тың күйбеңі емес, ай өтер-өтпес соғыс басталып кетті ғой, күйеуімді майданға алып кетті. Бүкіл шаруа маған қалды. Оның үстіне… айтсам ба, айтпасам ба, енем өте қиын адам болды. Ақыл-есі кішкене ауытқыған адам еді. Ала таңнан қара кешке дейін мені қарғайды. Орыс-герман соғысын менен көреді. «Сен келгелі пәле-қала қаптады» дейді, «Жалғыз ұлымның мың қыздың ішінен сені тапқанын қарашы» дейді, кейде тіпті «Үйіңе қашан кетесің, кетсеңші» деп тілін безейді. Ал атамның көзі соқыр болса да, көкірегі даңғыл адам еді, ала таңнан қара кешке дейін мені алқайды да жатады. «Бар бол, Алла жа­рылқайды сені». «Бізге сені бұйырт­қан Аллаға шүкір» дейді. Ал бұл мәселеде кемпіріне бір ауыз ләм-миім демейді. Маған қатты батқаны тұрмыс та, енемнің сөзі де, күйеуімнің соғысқа кеткені де емес, төркінімнің қатынасты үзгені болды. Әкем қатал адам еді. Қашып кеткенімді ар көріп, «болды, барсын! Енді мен оны көр­мейін, ол мені көрмесін» депті. Жыл уа­ғына дейін төркінімнен тірі жан кел­ген жоқ. Күйеуім соғысқа кеткенде аяғым ауыр еді, аман-есен босандым…

Не керек, балам үшке келгенде әкем келді ғой. Бақандай үш жыл! Әр күні, әр сағаты саналған үш жыл! Жыладым келіп. Еңіредім келіп. Сағынғанда өлуге таяған екенмін. Рас айтам. Өлуге таяппын… Әкем менің тұрмысымды көріп шошып кетті. Бір апта жатып, көмектесті. Басқа шаруа­ны қойғанда қоралы қойға құдықтан су тартып суарамын. Әкем келгенде тылға тың күш келгендей сағынышым өз алдына шаршағанымды сонда білдім. Босаңсығаннан ба, орнымнан кейде екі-үш ұмтылып тұрам…

Әкем кетерден екі күн бұрын жанына шақырып алып ауыл жақтың әңгімелерінен айтты. Басымды тізе­сіне қойды. Жасыратын несі бар, ора­малымды сырып шашымның арасын ашып сірке қарады… мінезі қатал адам еді деп айттым ғой, басым­ның сіркесін сығып отырғанда шашым­ның түбі жып-жылы болып сулан­ғанын сездім. Ішім удай ашыды. Ер­келегенім бе, күйінгенім бе, білеймін. Солқылдап жылап жібердім. Әкем де. Бірақ ол үнсіз. Қатып қалыпты. Екі көзінен аққан сора таудан жылап ағып жатқан қардың суы секілді. Әжімдерін қуалап, жүзін шайып кетті…

Бір кезде әкем маған бұрылып, бажайлап қарады да: «Қызым, сенің маған «әке, кетсек кеттік» деген бір ауыз сөзің ғана керек! Бұл жерде өлсең көметін біреу бар ма өзі?! Ба­лаңды ертіп жүр, болды!», деп орнынан тұрды. Қандай ауыр? Тұлабойы тұңғышы маған үш жыл бойы ат ізін салмаған қаталдық, одан кейін «көр­меймін» деген сөзінен қайтқан әкелік жүректі енді қайта қатайтсам, не болмақ? Ол үш жыл оған да оңай соқпағанын, сөзін жұтып іздеп келу одан да оңай соқпағанын білем… құмығып қалдым. Ауыз ашып бірдеңе айту қиын болды. Көз алдымда ата-енем… Әкемнің «қаусаған кемпір мен шал аштан өлген көп қазақтың бірі болады да» деп ойлап тұрғанын іштей сезіп-ақ тұрмын. Оның тұла бойынан тіпті сөйтіп айтып тұрғандай анық ұқтым. «Жоқ, әке! Сіз бара беріңіз» дедім. «Ел қызын ұзатып қалың алып жатқанда қызың қашып кетіп қарабет болғаның да жетер. Енді қайтып барып қалған абыройыңды төкпейін. Келдіңіз, рахмет! Сол жетеді. Сұрағандарға «жақсы екен» дей салыңыз. Менің жайымды мұнда келіп біреу көре ме? Аштан өле қой­маспын» дедім. Әкем жауап қатқан жоқ. Екі күн жатып, жұмысыма көмек­тесті де, ауылға қайтты.

«Е, е, е, мұның бәрін бекер айтып отыр­ған жоқпын, шырағым», дейді апамыз. Рас бекер айтып отырған жоқ. Әңгіме арасында келіншегім сарқын төкпекке сыртқа шыға қалып еді, апамыз «тұра тұр, тыңдасын ана бала да» деп әңгімені үзе қояды. Әрі қарай қайта жалғайды.

Әкем кете күйеуім келді. Қуанып қалып ек, ұзаққа бармады. Жарақаты денеде ғана емес, ақыл-есіне де әсер етіпті. Арақты да суша сіміреді екен. «Өлінің күйігінен тірінің күйігі қиын» деуші еді әжем, рас екен. Енді сонымен алыстым. Айлап жоғалып кетіп келіп тұратын…

Тағы бір бала көтердім. Шүкір ол да аман-есен бойжетті. Сол бір үйлі жан қолымнан аттанды ғой. Атам да, енем де, күйеуім де. Біреуінің бетіне тік келмей, шамамның келгенінше қызмет қылдым. Аллаға шүкір, сол бейнетімнің зейнетін көрсетіп жатыр Алла. Мен де ел қатарлы келін алдым. Енді, келінім келін болғанда, мың шүкір! Табаныма алақанын тосады. Өзің қандай келін болсаң, Алла сондай келін нәсіп етеді-ау деймін. Кейде менің кешірмелерімді тыңдап отырып жылап қалады. Дәрігер «бір көзіңіз нашарлап қалыпты» деп еді, ұл мен келінім қолды-аяққа тұрмай кетті. «Қанша жасым қалды, ендігі қалған ғұмырыма бір көзім де жетеді ғой» десем, көнбейді. Бір күн болса да дүниенің жарығын анық көріп отырыңыз, деп мал-сұлдарын сатып осында әкелді қарақтарым. Бір жаққа кетіп еді, қазір ұшып жетер біреуі.

…Солай, қарағым! Жас күнімде төркіннің зары қатты өткеннен бе, біреу «табынмын» десе жүрегім елжі­реп, төркінім келгендей болам да тұрам айналайын… «Бұл қайдағым еді?» деп, шекеңнен сүйгенімді ерсі көріп қалма, – деп тепшіген терін сүр­тіп қояды апамыз. Әсерлі әңгімені тұтас жүйке-жүйесімен тыңдаған келін­шегім де көз моншағын үзіп-үзіп алды.

*  *  *

Бұл әңгімені досым Нұрмат айтып еді, тап осылай айтып беріп еді. Бір басынан ғасырлық өнегелі тарих көшіп өткен қайран, қазақтың аналары-ай! Енелері-ай! Келіндері-ай!

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Қ.Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысты

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

17.02.2019

Дәрігерлер балаларды көңілді бимен оятты

17.02.2019

Алакөл ауданында көпбалалы отбасыларға пәтер берілді

17.02.2019

Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінен екі медаль жеңіп алды

17.02.2019

Жансель Дениз Turkish Open турнирінде жеңімпаз атанды

17.02.2019

Елена Круглыхина могулшылар алдындағы басты міндетті атады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу