Әлем • 10 Қыркүйек, 2018

Молдавия президенті көлік апатына ұшырады

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кишинев-Калараш жолында қарама-қарсы бағыттағы жүк көлігі Молдавия президенті Игорь Додонның көлігіне соғысты. Апат барысында көліктегі 3 адам жарақат алған, деп хабарлайды euronews.com.

Молдавия президенті көлік апатына ұшырады

Игорь Додонның айтуынша, қазіргі жағдайы жақсы. Ол бұл апатты кездейсоқ, түсініксіз жағдайға теңеді. Қазір төтенше жағдайға байланысты тергеу істері жүргізіліп жатыр.