Қыркүйекте қайда демалса болады?

Міне, жадыраған жаз да аяқ­талды. Күн көзін жиі-жиі бұлт торлап, жел соғып, соңы жаң­бырға ұласуда. Жазғы демалыс күндері де мәресіне жетіп келеді. Әлеуметтік желілер теңіздегі күннің батуымен, фламинго жүзген бассейндер мен құмдағы жазулармен толығып жатыр. 

Егемен Қазақстан
11.09.2018 1007
2

Бірақ жазғы күннің аясында қыздырына алмағандар, қыр­күйекте демалатын орындарды таңдап, қолайлы жерлерді есіне түсіре бастайды. Бұл таңдауда, әдетте, барлық жағынан қо­лай­лы – табылуы, баруы, қонуы, қы­­­­зық­ты тамашалайтын орын­­да­ры­­ның болуы және бірінші кезекте, қаражат жағынан қолжетімді болуы қажет. 

Сіз миллионды қала Шымкент жайлы не айтқан болар едіңіз? Күтпеген ұсыныс па? Ал неге болмасқа? Жетіп алу оп-оңай: ұшақпен, пойызбен, автобуспен, көлікпен. Кез келген талғам мен қалтаға сай келетін варианттар бар және бағасы да қолжетімді. Қайда тоқтауға болады: ыңғайлы заманауи хостелден бастап бес жұлдызды белгілі желінің қо­нақ­үйіне дейінгі ұсыныстар бар.

Соңғы тармақ – не көруге болады? Бұл тармақта шексіз мүмкіндіктер бар: сансыз жасыл бақтар, бірегей экспонатты мұражайлар, бас айналдырар шеберлікке ие цирк артис­те­рі­нің өнері, ең ұзын сужолақты аквобақ, африкалық белдеулі зообақ және басқа да толып жат­қан көрнекті орындары бар. Ал Шымкенттің ең басты артық­шылығы – ғажайып киелі орындары. Тарихтың рухы, ерекше архи­тектуралық құрылыстар, жұмбақты аңыздар нағыз саяхатшыларды өзіне сөзсіз тартады.

Қаланың күш-қуатын сезі­ну үшін, бірінші кезекте, Шым­кенттің тап ортасында орналас­қан киелі бұлақтың орнында болған дұрыс. Аңыз бойынша ерте заманда бұл жерде данышпан және емші Қошқар ата өмір сүріпті, қазір бұлақ атаның атымен аталады. Халық аңызына жүгінсек, Қошқар ата елді керемет қасиеті бар бұлақтың суымен емдеген екен. Емші ата өзеннің бастауы болатын Шымкенттегі бұлақтарды тазалап отырған. Қайтыс болғаннан кейін ел атаны бұлақтың жағасына жерлеп, сол жерге атын беріпті. Ке­ремет факт – бұлақ суының тем­пе­ратурасы жылдың кез келген мезгілінде +11 градусты құрайды.

Қазіргі уақытқа дейін жергі­лікті халық бұл жерді қасиетті деп құрметтейді. Ескі замандарда осы жерде халық сейілдері, үлкен жәрмеңкелер, дәстүрлі құрбандық шалулар өткізілген. Қазіргі күнде 1917 жылға дейін өте танымал болған Сейіл Қошқар ата мерекесі қайта қалпына кел­тіріле бастады. Ертеде өзеннің жағасында киіз үйлі қалашық орнатылып, сауда орындары ұйымдастырылған, көшпенділер тауарлар алмастырып, үлкен қошқарды құрбандыққа шалып, Қошқар атаның рухына жүгініп, бейбітшілік, молшылық пен береке-бірлік сұраған.

2015 жылдан бастап жергілікті белсенділер мен биліктің қолда­уымен шымкенттіктердің өмі­ріне Қошқар ата қайта оралды. Дәстүр бойынша мерекеде ең үлкен қошқар таңдалып, оның иесіне ақшалай сыйлық бері­леді. Түрлі спорттық ойындар ұйым­дастырылады, мысалы, иығын­дағы қошқармен отырып, тұру жергілікті ер азаматтардың күші мен шыдамдылығын көрсетеді.

Киелі орындардың тағы бірі – қаладағы ең ескі мешіттің ғимараты. Оны «Жәми» мешіті деп атайды. Оны XIX ғасырдың ортасында Қоқан хандығы салтанат құрған дәуірде Ферғана өңірінің шеберлері ферғана-ташкент әдісімен құрған. Бұл ғимараттың құрылғанына 200 жыл шамасы болды деген сөз. Оның қабырғалары тарихтың рухымен құнарланған, оның ішіне кіру ерекше бір сезімдерді оятады. Мешіттің құрылған кездегі қалпы сақталмағанымен, ғимараттың тарихи маңызды мәртебеге ие екені сөзсіз.

Шымкентте тағы бір аудан бар, оның бүкіл аумағы киелі орын­дарға тұнып тұр, бұл – Сай­рам. Орта ғасырларда бұл аумақ­тың басты қаласы Испид­жаб болған. Сайрам өзінің тарихи кескінін әлі де сақтаған. Бұл үшін баурайынан екі жаққа кететін қорғанды қаланың «бас қақпасы» қалпына келтірілген.

Сайрамның киелілері жайлы ондаған аңыздар бар, халықтың оларға деген сүйіспеншілігі он­даған кесенелерге айналып, аудан­ды тұндырып тұр. Соның ішін­дегі маңыздылары – Ибрагим ата мен Қарашаш ана кесенелері.

Ибрагим ата ерекше құрметті Ахмет Ясауидің әкесі, уағызшы болған. Ибрагим ата бейітінің ба­сындағы кесене бірнеше рет қайта жөнделген. Біріншісін уа­қыт бұзса, екіншісін жер сілкі­нісі зақымдаған. Кесене қайта жөн­делгеннен кейін ол бастапқы кескінін жоғалтқан.

Қарашаш ананың шын аты Айша Бибі, Ахмет Ясауидің анасы. Бай адамның қызы болғанына қарамастан, мұқтаждарға әрда­йым жәрдем қолын созған. Қа­рашаш ананың кесенесі де талай бүлінген. Бірнеше қайта жөндеуден кейін кесене өзінің бұрынғы қалпына келді.

Түркістандағы Ахмет Ясауи­дің кесенесіне жол тартардан бұрын Сайрамға келіп, оның ата-анасына құрмет көрсету дұрыс деп саналады. 

Ерте замандарда Сайрамның аумағында Қызыр пайғамбардың мешіті де орналасқан болатын. Қазір оның орнында тарихшылар ІХ-ХII ғасырлар деп белгілеген мұнара-минарет қана қалды. Қызыр ата пайғамбар болатын. Аңыз бойынша ол мешіттен 60 жыл бойына шықпай, осыдан кейін тағы біраз өмір сүріп, ас­пан­­ға тірілей қабылданған екен.

Тағы бір киелі орын – XVI ғасырдың соңында салынған Әбділ Азиз бабтың кесенесі. Ол ислам дінін таратып, тәңірлікпен күрескен араб әскерінің туын ұс­таушының құрметіне салын­ған. Әбділ Азиз «дінсіз» түргеш­тердің қолынан қаза тапқан соң әулиелер деңгейіне көтерілген.

Қаланың аумағында, вокзал­дың жанында ескі Шымкент қалашығы орналасқан. Бұл бі­регей орын қаланың қазіргі заманғы орнынан табылған. Мұнда табылған артефактілер Шымкенттің жасының 2 мың жылға дейін екендігін көрсетіп отыр. Барлық қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан соң бұл жер заңды негізде Шымкенттің туристер үшін ең үлкен де көз­тартар жері болатындығы сөз­сіз. Қалашық ашық аспан астындағы мұражайға айналады. Қабырғалардың бойымен тақырыптық кварталдар, шығыстық үлгідегі жаяу жү­ру­шілер табан жолы, қолөнер шебер­лерінің сауда нүктелері, кәдесыйлар дүкендері, ресторандар және басқа да мәдениет ошақтары мен демалыс орындары ашылады. Қабырғалардың ішінде болса ескілік жанкүйер­лерін галереялар мен қаланың барлық нүктелеріне көз жеткі­зетін бақылау нүктелері күтеді. Тәуелсіздік бағынан тура келуге болатын қаланың ескі қақ­пасына кіру жолы қалпына келтіріледі. Сонымен бір уақытта тарихи объектіде археологиялық ізденістер жалғасып жатыр.

Ал қаланың аумағында ғана қалғысы келмейтіндерге адам­заттың бесігі саналатын қасиетті Қазығұрт қорғанына бару керек-ақ. Ол Шымкенттен бар-жоғы 40 шақырым жерде орналасқан.

Қазығұрттың киелі болуының себебі, аңыз бойынша, бүкіләлем­дік су тасқыны болған кезде Қа­зығұрттың төбесін ғана су алмай қалыпты. Сол жерге Нұх пайғамбардың кемесі тоқтапты. Оның символы қазір таудың басына қойылған. Ол жерде сопақша келген алаңшаны көруге болады. Көлемі бойынша ол Библияда жазылған Нұх пайғамбардың кемесінің кескініне толық сәйкес келеді. Шынында оқиға осы жерде болған болса, бізді керемет бір сиқырлы саяхат әлемі күтіп тұрғаны анық! 

Қазығұрттың төменгі жағын­да Адам Ата мен Хауа Ананың немесе Адам Ата мен Жер Ананың символы болған биік жартас бар. Тұтас жартас қылышпен шауып жасалғандай. Ойпаңның ішінде екінің бірі өте алмайтындай шатқал бар. Ал оны кесіп өту адамның күші мен дене құ­ры­лысына емес, оның жан-дү­ниесінің тазалығына байланыс­ты. Ондай адамдар шатқалды оп-оңай кесіп өтеді. Ал кімнің ойы таза болмаса, тастардың арасында қыстырылып қалады. Бұл нағыз рухты сынайтын, бас тарта алмайтын сынақ емес пе?!

Байқап отырғаныңыздай, Шым­кент пен оның айнала­сын­дағы әрбір жер бай тарихқа тұнып тұр. Адамның қиялында ортағасырлық шым-шытырман оқиғаларды, үлкен шайқастарды, таңғажайып оқиғаларды оятады. Бұл – сіздің Шымкент пен оның айналасындағы көретін­де­ріңіздің тек аз ғана бөлігі. Көптеген киелі орындарды, тарихи ғимараттарды, табиғат ғажайыптарын бүкіл оңтүстік өңірден көруге болады. Оларды өз көзіңмен көру уақыт маши­­на­сымен саяхат жасауға тең ғани­бет! Бүгінгі күні сізде мұндай мүмкіндік бар! Шымкент сізді құшақ жая қарсы алады! 

Диана БАТИЩЕВА

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда өткен ел біріншілігінде Н. Жарылғапов «түйе палуан» атанды

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда «Қозыбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

18.11.2018

Қор нарығы ел экономикасына серпін береді

18.11.2018

Қостанайда Батырбек Байназаровтың «Қобыз – аңыз» атты жеке концерті өтті

18.11.2018

Мәулен Әшімбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

18.11.2018

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

18.11.2018

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша екі спорт кешені ашылды

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу