Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2018

Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жаңа ресми өкіл тағайындалды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың бұйрығымен Жанна Бастарова агенттіктің ресми өкілі - қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жаңа ресми өкіл тағайындалды

Жанна Бастарова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «халықаралық журналистика» мамандығымен тәмамдаған. Сондай-ақ, жоғары экономикалық білімі бар.

2005-2014 жылдары ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Астана қаласы бойынша аймақтық департаментінің баспасөз хатшысы, аса маңызды істер бойынша бас инспектор, бас сарапшы, агенттіктің бас аппараты баспасөз қызметінің бас кеңесшісі болған. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарында 2014 жылдан бері жұмыс істейді.

Қазіргі тағайындауға дейін Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі болды. Бұдан бұрын Агенттіктің ресми өкілі - қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары болған Нұрлан Жахин Павлодар облысы бойынша Агенттіктің аймақтық департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Алик Шпекбаев Нұрлан Жахинге мемлекеттік қызметтің имиджі мен Агенттікке қоғамдық сенімнің нығаюына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

«Оларды тағайындау кезінде білімі, тәжірибесі, қабілеттері мен өз қызметтеріне деген жауапкершіліктері ескерілді», - деді Алик Шпекбаев.