Өңір өнерін ұлықтаған

Осы бір адам аяғы үзіл­мейтін, көпші­лі­ктің көкі­регіне Сары­арқа­ның самалындай жайлап ескен жылылық құйып тұратын «Көкшетау» мәдениет са­райының табаны күректей қырық жылдан астам тарихы бар. Тағылымды жол, тамаша үрдіс бүгін ай­рықша реңмен ажарлана түскен. Мәдениет сарайында 28 көркемөнерпаздар үйір­месі тұрақты жұмыс істей­ді. Бұл үйірмелерге мың­нан астам адам қа­тысады. Мәде­ниет оша­ғының 14 ұжымы Мә­де­ниет министрлігінің құр­мет­ті «Халықтық» және «Үлгілі» атағына ие. 

Егемен Қазақстан
11.09.2018 1475
2

Өнер мен мәдениетті өріс­тетіп отырған мәдениет ошағы «Рухани қазына» бағдарламасы ая­сын­дағы асқаралы міндет­тер­ді жүзеге асыру үшін ұлты­мыз­дың рухани болмысын, хал­қы­мыздың жан дүниесін байыта түсер басым бағыттарды анықтап, алдағы міндеттерді саралап алған.

– Мәдениет сарайының беде­лін көтеру үшін бұрыннан жүзе­ге асып келе жатқан мәдени жұ­мыс­тар­ды екшеп, жаңалап, заман та­лабына лайықтап ширату қажет болды, – дейді мәдениет сара­йы­ның директоры Күміс Біләлова, – жанды жұмыстың арқа­сын­да табысымыз да аз емес. Ең бас­тысы мәдениет сарайы көкше­тау­лықтардың рухани орталығына айналды. Жұрт тек мәдени шара­ларды тамашалауға ғана емес, өз­дері де қатысуға ынталы. Ал бұл ел бірлігі деген сөз. 

Айтса айтқандай, мәдениет сарайының көркемөнерпаздары қатарынан бірнеше жыл бойы дәстүрлі облыстық «Ақмола жұл­дыз­дары» байқауының бас жүл­десін еншілеп, бірнеше авто­көлікке ие болған. Өнер бәйгесі де бақ пен бап шабатын аламан ғой. Жарыс жолында делебеңді қоздырар, бүйір қыздырар соны соқпақтың болғаны қандай жақсы. Тыңнан жол іздеген бұлар «Жас батыр», «Ретро әуен­дері», «Сұлу ханшайым», «Алтын дауыс» тәрізді сайыстарды дәс­түрге айналдырды. Жылт еткен жаңалық халықты өзіне бау­рай түсті. Сөйтіп көпшілік сүйіп тың­дай­тын, тыңдап қана қой­май жан жүректерінде шуақ­ты жылы­лық естіртетін көрер­мен­дердің көзайымына айналған мәдени шараларға айналды. 

Келер күндердің көкжиегі арай­лана түсу үшін де алыс­қа арнап жоспар жасаған сарай басшысы «Көкшетау», «Он алты қыз», «Шалқыма» және «Кербез сұлу» халықтық би ансам­бль­деріне тәжірибелі ба­лет­мейс­тер­лер мен дирижерлер­ді ша­қыр­ды. Сөйтіп жаңа бағ­дар­лама­­лар құрылды. 2010 жылы дом­­бы­раны насихаттау мақса­тын­да «Көркемтау» балалар ор­ке­с­трін құрып, соныға соқ­пақ салды. Оркестр бүгін­де киелі күй әлеміне нық қа­дам басқан ұжым­ға айнал­ды. Көк­ше­таулық ба­ла­лар да тыл­сым өнер­дің қыр-сырын ұғу­ға құмар­та түсті. Оны осы ұжым­ға мү­ше болуға өтініш білдіру­шілердің саны­нан-ақ аңғаруға бола­д­ы. Әуел бас­тағы мақсат баба­­лар­­дың көкі­ре­гін тербеткен бағзы өнер­дің бағы ашылып келе жатқан­ды­ғын ала­қайлап айтуға әбден болады. 

Бүгінгі заманның мүмкін­дік­терінен де құралақан қалып отырған жоқ. Интернет фес­ти­вальдар мен сайыстар ұйым­дастыру ар­қылы көкшетаулық көркем­өнер­паздардың кемел өнерін әлемдік кеңістікте жүйелі насихаттау жолға қойылды. Әрқилы тақырыптағы интернет конференциялар мен салмақты пікір айтылатын семинарлар ұйым­дас­ты­рылып, коммуника­циялар мен ақ­паратты өңдеу әдістерін игеріп, әлеуметтік желілермен де жұмыс істеуде. 

Бүгінде сарай ішінде би өнері биік деңгейде дамып келе жатыр. Елімізді былай қойған­да, шетелдің талай талғампаз көрер­менін там­сант­қан «Он алты қыз» халық­тық би ансамблінің өнер­дегі өрісі – жас толқынға жақ­сы өнеге. «Шал­қыма», «Тұмар», «Полянка», «Суве­нир» би ан­самбль­дерінің жұмы­сы жаңа сипатқа ие болды. Бір қы­­зы­ғы, мәдениет сарайының көр­­­­ке­м­­­­өнерпаздар үйірмелеріне ең­бек­­теген баладан еңкейген кәрі­ге дейін, яки бес жастан сексен жасқа дейінгі адамдар қатысады екен. Осындағы ардагерлер хоры жа­рты ғасыр бойы үзбей жұмыс істеп келеді. 

Көкшетау – әуелеген әнімен аты шыққан өлке. Ілкіден жалға­сып келе жатқан әдемі өнерді насихаттау, талапты балаларды тәрбиелеу оң жолға қойылған. Мәселен, мәдениет сарайындағы «Жұлдыз», «Шамшырақ», «Бал­дәурен» ән студияларында талант­­ты балалар тәрбиеленуде. Ола­р­дың өнердегі өрісін облыс орталығының тұрғындары көріп, тыңдап, тәнті болып жүр. 

Тағы бір айта кетерлігі, ел ішінде елеулі істерге мұрындық болған «Рухани жаңғыру» бағ­­дар­­ламасы аясында жаңа жоба­­лар жүзеге асырылуда. Со­ның бірі «Әлем» жобасы шең­берінде халықаралық фестиваль­дарға қатысып, ұлттық өнердің ұла­ға­тын насихаттау қолға алын­ған. Жастар арасын­да бұрынғы қалыптасқан сананы өзгерту, ақыл-ой қабілет­те­рін арттыру, ең бастысы Ота­ны­мызға деген от жалындай лапыл­даған патриоттық сезімді қалыптастыру жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында өткен жылы «Полянка» үлгілі ұжымы Санкт-Петербург, Финляндия, Швеция мемлекеттерінде өткен халықаралық байқауларда бас жүлдені еншіледі. Үстіміз­дегі жылы Польшада өткен халық­аралық байқауда «Шалқыма» би ансамблі бірінші орынға және «Үздік хореография» аталымына ие болды. Тағы бір жоба тура­лы таратып айта кетуге бо­ла­ды. Бұл жоба «Өнеріміз өңір­лерге» деп аталатын. Шын­ды­ғын айт­қанда, өңірдегі кейбір шал­ғай­дағы шағын ауылдар рухани азыққа сусап отыр. Осы бір олқылықтың орнын толайым тол­тыра алмағанымен, қар­лы­ғаш­тың қанатына су құйып өрт сөн­дір­гені тәрізді шарапатымыз тисін деген ұйымшыл ұжым ел ішіне гастрольдік сапармен шығып, концерттер мен кездесулер ұйымдастыруда. Мақсат – барлық аудандарды қамту. 

– Мәдениет саласында іс­теліп жатқан жұмыс ауқымын көңіл таразысымен ғана екшеуге болар, – дейді Күміс Әбді­бекқызы, – зауыт­тар мен фабрикалар өз өні­мін жарқыратып көрсете алса, біз ел жүрегіндегі ұлы өнердің үр­ді­­сімен ғана ұқ­тыра аламыз. Әр­бір өткізген іс-шара­мыздан көрер­мен рухани азық алса, біз үшін сол бақыт. 

Осы саланың сан жылдан бері пұшпағын илеп келе жатқан іскер жанның пайымына біздің де алып-қосарымыз жоқ. 

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан» 

Ақмола облысы 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Egemen Qazaqstan алғашқылардың бірі болып Chartbeat құралын пайдаланады

13.11.2018

Жаңақорған ауданында 116 бас қой белгісіз аурудан қырылып қалды

13.11.2018

Қызылордада қауіпті аймақтар анықталып, даярлық мәселелері күшейтілді

13.11.2018

Ақтөбеде жоғары жылдамдықтағы интернет желісі ұлғаяды

13.11.2018

Елбасы Астана клубының төртінші отырысына қатысты

13.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті

13.11.2018

«Айша бибі» мен «Ақыртас» әлемдегі ерекше туристік нысандардың тізіміне енді

13.11.2018

Павлодарда Португалиялық профессор студенттерге дәріс беріп жүр

13.11.2018

Т.Сүлейменов ел өңірлеріндегі жылу бағасының әртүрлілігін түсіндірді

13.11.2018

Тайваньда таеквондодан Президент кубогі додасы аяқталды

13.11.2018

Елордалықтар 14 қарашада жалпыхалықтық диктант жазуға қатысады

13.11.2018

Үкіметте 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

13.11.2018

Б.Сағынтаев өңірлердегі халықтың нақты табысының көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды

13.11.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтар адамдардың қажетіне жарай бастады

13.11.2018

Шымкентте 5 000 000 теңгеге бағаланған көгершін көрмеге қойылды

13.11.2018

Қызылорда облысында газ құбыры құрылысы басталады

13.11.2018

Елбасы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті

13.11.2018

Венгрияда синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы бірінші орынды иеленді

13.11.2018

Тарифтерді көтерген монополистер заң алдында жауап береді

13.11.2018

Алматыда мектеп оқушылары арасында шешендік өнер байқауы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу