Өнер • 11 Қыркүйек, 2018

Домбыра тартатын қырғыз қыздары

785 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көшпенділер ойындарының мәдени іс-шаралары өтіп жатқан Қыршын жайлауындағы этноқалашықтың «Ыстықкөл облысының ордасында» қырғыздың ұлттық киімдерін киіп, шаштарын салалап өріп алған оқушы қыздарды суретке түсіргелі жандарына барғанымда, менің қазақ газетінен екенімді білген соң, олар жарысып: «Бәйке (аға дегендері), біз домбыра тартқанды білеміз!», деп жаныма үйіріле қалысты. 

Домбыра тартатын қырғыз қыздары

Өзін Жазгүл Бұлалова деп таныстырған қарындас: «Біз, осы Ыстықкөл облысы Ақсу ауданының Керегеташ ауылындағы Жумағұл Алыш­­паев атындағы орта мектептің оқу­шыларымыз. Мек­тебі­міздің 120 өнерпазынан құралған қо­мызшылар ан­самблі бар. Олардың отызы домбыра тартуды үй­рен­ген», деп мақтана сөй­ле­ді. Содан әңгімеге Аде­ли­на Шаршембаева деген оқушы араласып: «Біз «Адай», «Балбырауын» және «Келіншек» күйлерін шер­те­міз, «Еркем-ай» және басқа ән­дерді домбыраға қо­сылып ай­тамыз. Бізге домбыра тарту­ды музыкадан са­бақ беретін Ай­­ганыш Ма­мы­ралиева апайы­­­мыз үй­рет­ті»,  деді ол жы­миып.

Бауырлас халықтың балауса таланттарының ізгі ниетіне біз де ілтипатымызды білдірдік. 

Назарбек БАЙЖІГІТОВ,

арнайы «Егемен Қазақстан» үшін 

Қырғыз Республикасы, 

Шолпан-Ата қаласы