Парламент • 11 Қыркүйек, 2018

Шекараны қорғау жайы талқыланды

423 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған комитет мүшелері «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасында, Ұлттық ұланның 5518 бөлімінде, Күршім шекара отрядында, шекара заставасында болды, сондай-ақ «Майқапшағай» өткізу бекетінің жұмысымен танысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Шекараны қорғау жайы талқыланды

Бөлім басшысы полковник Орал Батырғалиев депутаттарға шекарашылардың күнделікті әскери қызметі туралы айтып берді және шекарадағы өткізу бекетіндегі ахуал туралы баяндады. Сондай-ақ сенаторларға шекара күзетіндегі техникалық құралдар көрсетіліп, паспортқа бақылау жүргізу жұмысының барысы таныстырылды.

Сол күні 2535 әскери бөлімінің Күршім шекара отрядында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, еліміздің Ұлт­тық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, Қорғаныс минис­трлігінің, Ішкі істер минис­трлігі Ұлттық ұланның басшы­лығы, шекаралық аудандар әкім­дері қатысқан Сенат комитетінің отырысы болды. 

Отырыста мемлекеттік шека­раны күзету мәселелері талқы­ланды. Атап айтқанда, мемле­кеттік шекараның шығыс шебін­дегі қазіргі жағдай, әскери қызмет­шілердің әлеуметтік-тұрмыс жағ­дайын жақсарту туралы айтылды.

Ұлттық қауіпсіздік коми­теті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің дирек­торы Дархан Ділманов сенатор­ларға қаржыландырудағы жетіс­пеушіліктер туралы айтты. Шекарашыларға 1 миллиард 94 миллион теңгеге жуық қаржы керек. Бұл қаржы Қазақстан мен Қытай арасындағы мемле­кет­тік шекараның Шығыс Қазақ­стан облысы аумағынан өтетін бөлігінің бойында орна­ласқан бөлімшелердің инфрақұры­лым­дарын дамыту үшін қажет.

Сенаторлар Төлеубек Мұ­қа­шев, Серік Жақсыбеков, Мұх­тар Құл-Мұхаммед, Талғат Мұ­са­­­баев, Нұржан Нұрсипатов шешім­ін табуы тиіс бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Ал Д.На­зар­баева көшпелі отырыс­тың қоры­тындысы бойынша ұсы­ныс­тар әзірленіп, Үкіметке жі­бері­летінін атап өтті. «Көтерілген бар­лық мәселелер депутаттардың бақы­лауында болады», деді сенатор.

Шығыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан бірқатар әскери бөлімдерде болған депутаттар әскери қызметшілердің тыныс-тіршілігімен, азық-түлікпен қамтамасыз етілу жағдайымен танысты және әскери бөлімнің инфрақұрылымын дамыту мен тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.