Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2018

«balapan» телеарнасының күзгі телемаусымы басталды

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Қазақстан»  РТРК»  АҚ  «balapan» телеарнасының  күзгі телемаусымы   басталды. Бұл аптада   көрермендердің назарына 8 жаңа жоба  ұсынылып отыр.

«balapan» телеарнасының күзгі телемаусымы басталды

Солардың бірі – арнаның ең кішкентай көрермендеріне арналған, екі бүлдіршіннің басынан кешкен қызық хикаяларынан тұратын  «Еркелер» мультхикаясы. Сәбилердің қолына түскен ғажайып пульттің әсерінен  аулада түрлі оқиғалар орын алады.

«Дара тұлға» анимациялық-танымдық жобасы арқылы еліміздің тарихында ерекше орын алған тұлғаларымыздың болмысы, мұрасы, өмірі жаңа қырынан ашылады.  Тың деректер мен анимациялық ұтымды шешім жас ұрпақтың  тұлғаларымызға деген  айрықша көзқарасын қалыптастырмақ.

Ерекше атап өтерлігі, арнада тұңғыш рет әлеуметтік жобаның тұсауы кесілді. Мүмкіндігі шектеулі балақайлардың шын мәнінде шексіз мүмкіндікке ие екенін «Дос болайық!» әлеуметтік ток-шоуы дәлелдейді. Мақсатымыз – осы қоғамның кішкентай мүшелерінің «ерекше» адамдарға деген оң көзқарасын және оларды шеттетпейтін ізгі орта қалыптастыру.  

Ал «Әмиян» реалити-шоуы жеткіншектерді қаржылық сауаттылыққа тәрбиелейді. Әр бағдарламада қатысушыларға тапсырма беру арқылы қаржыға жауапты болу, оны жұмсаудың, үнемдеудің негізгі қағидаларын үйретеді.

Республиканың түкпір-түкпіріндегі талантты, әлемдік сахналарда өнер көрсетіп, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген жас дарындардың өнерін «Viva, classica!» коцертінен тамашалауға болады.

Көрермен назарына ұсынылатын «Көке» комедиясы балаларды күлдіріп қана қоймай, отбасылық құндылықтарды да насихаттайды. Сондай-ақ, мектеп қызықтарына толы «Сынық сынып»  жобасы көрермендердің көңіл-күйін көтеріп, балалық шақтың ең тәтті сәттерін бағалауға шақырады.

Жоғарыда көрсетілгендерден  бөлек,  әртүрлі жанрдағы өзге де жобалар жыл соңына дейін көрерменге жол тартады.