Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2018

«Жартас-2018» ІІІ арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

357 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2018 жылғы 10-11 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Алматы облысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы уәкілетті органдары бөлімшелерінің қатысуымен «Жартас-2018» ІІІ бірлескен арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

«Жартас-2018» ІІІ арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Оқу-жаттығуға ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің – Армения республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасының төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы уәкілетті органдарының құтқару бөлімшелері қатысты.

Оқу-жаттығудың бірінші күні (ағымдағы жылғы 10 қыркүйек) оқу-жаттығудың 2 кезеңі пысықталады, оның аясында командалық-штабтық ойын форматында жер сілкінісінің қатері мен туындау кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының топтарын нақтылау бойынша жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды.

2018 жылғы 11 қыркүйекте  ҰҚШҰ құтқару бөлімшелерін даярлау саласындағы «Жартасты қала – Астана» базалық полигонында (Алматы облысы, Іле ауданы, Тамғалы Тас шатқалы) оқу-жаттығудың практикалық бөлігі өтті.

Оқу-жаттығудың 3-кезеңі аясында авариялық-құтқару техникалары мен жабдықтарының көрмесі өтті.

Практикалық іс-қимылдарды пысықтау үшін тоғыз оқу орны анықталды, онда әртүрлі төтенше жағдайларға имитация жасалды. Әрбір орынның өз мақсаты, кезеңдері және өткізу шарттары бар.

Оқу-жаттығудың аңызы бойынша елді мекен аумағында жойқын жер сілкінісі салдарынан өнеркәсіптік ғимараттар мен құрылыстар қирады, көпір бұзылды, қауіпті және радиоактивті заттар төгілді, екінші факторларға байланысты әртүрлі өрттер орын алды, зардап шеккендер бар.

Құтқарушылар әуе кемелерін қолдану арқылы жер сілкінісі аймағына барлау, кинологиялық есептері бар арнайы белгіленген топтарды десанттау жұмыстарын жүргізді, құрылыс конструкциялары аймағында және химиялық зақымдану шарттарында авариялық-құтқару жұмыстар көрсетілді, төңіректі газсыздандыру және зардап шеккен адамдарды арнайы тазалау жұмыстарын жүргізді.

Бұдан басқа өрттерді сөндіру және теміржол көлігінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу, зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шеккен халық үшін дала лагерін, химиялық дала зертханасын  орнату және оның жұмысын ұйымдастыру бойынша бірлескен іс-қимылдар пысықталды.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері, құтқару авиациясы, тікұшақ түріндегі ұшқышы жоқ ұшу аппараты, робот техникалық құрылғылар жұмылдырылды. Оқу-жаттығуға барлығы 633 өрт сөндіруші мен құтқарушы, 151 бірлік арнайы техника, 5 тікұшақ қатысты.

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқарушылары оқу-жаттығу барысында жойқын жер сілкінісі салдарын жою кезіндегі практикалық дағдыларды жетілідіріп қана қоймай, құтқару операцияларын жүргізу тәжірибесімен де алмасты.

Жалпы алты ел құтқару бөлімшелерінің маневрлері бірлескен күштер төтенше жағдайларды жою кезінде ойдағыдай өзара іс-қимыл жасауға қабылетті екенін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар