Бізге қарттар үйі қажет пе?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мерейлі отбасы» ұлттық бай­­қауында «Егде жастағы 7 мың­нан астам адам қарттар үйін пана қылуда. Олардың көбінің дені сау, балалары бар. Қар­тайған ата-анасын тастап кету қазағымызға жат қылық, ата салтымызда болмаған. Бүгінгі қоғам туған баласы мен ата-ана­сын тастап кету секілді әрекет­терді қатыгездіктің ең жоғары деңгейі деп бағалауы тиіс», деп айтқан болатын.  

Егемен Қазақстан
12.09.2018 4758
2

Қарт десе, әркімнің көз алдына өз шаңырағына құт-береке кіргізіп отырған ақ жаулықты әже мен ақ сақалды қария елес­тері анық. Тілеуі­мізді тілеп, ба­ла­­­­лары мен немере­лерінің қы­­зы­­­­ғын көріп, ортамызда аман-есен отыра берсе екен дей­міз. Өкі­ніш­ке қарай, перзент атаулы­н­ың бәрі ата-анасын, ата-әже­­­лерін алақандарында аялап отыр­­ған жоқ. Түн ұйқысын төрт бө­ліп, махаббатын, жан шуа­­ғын аяма­ған ата-анасына қатыгез­­дік­пен қа­райтын адамдар көбейіп келеді.

Бүгінгі таңда елімізде қарт­тарға арналған жүзге жуық мекеме тір­келген. Ал оларды пана етіп отырған адамдар саны 35 мыңнан асып түседі. Олардың басым бөлігі қазақтар. Осы орайда «миллиондаған бюджет қаржысын қажет ететін қарттар үйі керек пе?» деген сауал туындайды. Жоғарыдағы жантүршігерлік статис­тиканы негізге ала отырып, өкініш­ке қарай, «керек болып тұр» деуге мәжбүрміз. Жалпы, қазақ қанында бұл сұмдық бұрын-соңды болмаған. Бірақ әр адам­ның тағдыры әрқилы. Сон­дықтан осындай үйлерді пана етіп жатқандардың жан дүние­сіне үңіліп, жүрек дүрсі­ліне құлақ түре жүру қай-қайсы­мыз­ға да артықтық етпейтіні анық. Өйткені халқымыздың «Жас күнімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» дейтін мақалы жай­дан-жай айтылмаса керек.

«Қарттар үйі» деп аталатын әлеу­меттік медициналық ме­ке­мелер Ақмола облысын­да да баршылық. Мұнда тірші­лік етіп жатқан қария­лар­дың бар­­лығы мүлде жалғыз­басты жан­­дар емес. Кей­біреуі­нің балалары ел танитын ауқатты адамдар. Олар­дың тарапынан «Бізге көнбейді, амал­сыздан алып келдік. Барып, хал-жағ­дайын біліп тұрамыз» дегендей уәж айтылатын көрінеді. Бірақ бар­лығы ондай еместігі де жасырын емес. Соңғы жылдары жекеменшік қарттар үйлері пайда бола бастады. Солардың бірінде КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, атақты геолог та бар...

Осы орайда, қарттар үйінің пайдалы және пайдасыз жақ­тарын саралап көргеніміз жөн. Туған балалары мен не­ме­ре­лері ата-әжелерімізді қадір­ле­мей, қарттар үйіне тапсырып, өмір­лерін сағыныш пен мұң-на­ла­ға толтырып жатқаны жат қы­лық, әрине. Бір мезет болсын бала­лары­ның жүзін көріп, мау­қын басу үшін құшағына алуды аңсаған қарттарды көрген кезде елжіремейтін жүрек қал­майды.

Бірақ бұл мекемелердің есі­гіне қария­ларды қатал өмір тағ­дыры ай­дап келетін жағдайлар да аз емес. Зейнет­ақысы дәрі-дәр­мекке де жетпейтін қарттар үшін аталған үйлерде барлық қолайлы жағдай жасалған. Жасы ұлғай­ған шақта төрт қабырғаға қама­лып, бұлыңғыр терезеге үмітсіз телмі­ріп отырудың қаншалықты қиын­ды­ғын түйсіну қиын емес. Жалғыздықтан жапа шегіп, зерігіп отырғанша, басқа қарттармен араласып, солармен бірге көңіл көтеруге де болады. Ішер ас, жатар төсегі де дайын. Денсаулықтарын медбикелер мен дәрігерлер қадағалап тұрады. Бұл да олар үшін көмек.

Біздің ойымызша, осының бәрі ұлт тәрбиесіне тіреліп тұр. Өз­­ге­­ден үлгі алатын бүгін­гі ұр­пақ са­на­сына «үлкенге – құрмет, кіші­ге – ізет» ұғымдарын, адам­гер­­ші­лік сезімдерін ұялату керек. Бізге тәрбие беріп, бү­гінге д­е­йін жеткізген ата-анамызды, ата-әже­­лерімізді құрметтеп, ала­қан­ы­­мызға салып, жан жылуы­мыз­ды молынан сыйлауымыз қажет.

Бұл мәселелер үнемі айтылып жататыны қоғамды толған­дыра­тыны анық. Бұлай болатын себептері жеткі­лі­кті. Мәселен, қарияларды қарттар үйіне баруға жетелейтін жағдайлар­дың тағы бірі – жастар тарапынан құр­мет­тің аздығы. Қазіргі жаһан­дану кезінде тәрбиенің тұт­қа­сы әлсіреп қалғаны мәлім. Бұқара­лық ақпарат құралдары, элек­тронды желілер, айфондағы ар­па­лыс болмысымызға жат әре­­­кет­т­ерді тоқтаусыз таратып жатыр. Балқұрақтай жас­өс­пірім мұны талғамсыз қабыл­дайды. Олар үл­кен­дердің ақыл-ке­ңесін құлаққа іле бермейді, құн­дылықтың мәніне тереңдемейді.

Өйткені бұл өсиеттерді өмір талаптарынан артта қалушылық санай­тындар баршылық. Ин­тер­неттің құла­ғында ойнайтын бүгінгі жастарды былай қой­ған­да, аяғын енді басып, тілі жаңа шық­қан балақайлардың өзі компью­терден, ұялы телефоннан бас алмайды. Олар ұлт­тық қалып, әдеп-ғұрып қағи­дат­тарын ұғынуға ұмтыл­май­­тынын көріп жүрміз. Үлкен­дер­дің әңгімесі жерде қалуда. Ай­на­ламыз ғаламторға тел­мі­ріп отыр. Осы ретте мектеп оқу­шы­ларын, жас­тар­ды қарт­тар үйіне алып барып, он­дағы қария­­­лардың өмірімен таныс­­тыру­дың, қарттарға қамқор болуды наси­хат­таудың игі әсері болар еді. Мей­рам­дарда кіріп-шы­ғып, бір мезет­тік сый­лық үлестір­ген­нен гөрі мұның ұтым­ды жақ­тары көп екендігі анық.

 

Ботакөз АМАЛБЕК,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика факультетінің студенті

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

19.11.2018

Аза Шәден. Кесілген бұрым

19.11.2018

Бөдене шаруашылығының бәсі жоғары

19.11.2018

Алаңсыз өмір сүрудің жаңа кезеңін бастаймыз

19.11.2018

Kúmis latyn – altyn latyn

19.11.2018

Зайнидин ҚҰРМАНОВ: Назарбаев батыл реформалар жасады

19.11.2018

Барымташылар неге басынады?

19.11.2018

Елбасы Татарстан Республикасының Тұңғыш Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда өткен ел біріншілігінде Н. Жарылғапов «түйе палуан» атанды

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда «Қозыбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

18.11.2018

Қор нарығы ел экономикасына серпін береді

18.11.2018

Қостанайда Батырбек Байназаровтың «Қобыз – аңыз» атты жеке концерті өтті

18.11.2018

Мәулен Әшімбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

18.11.2018

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

18.11.2018

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша екі спорт кешені ашылды

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу