Елбасы мемлекет-жекеменшік әріптестігі маңыз бергені белгілі. Осы жағдай қалада өткен семинар-кеңесте талқыланды.
– Келер жылдан бастап «Білім туралы» Заңға сәйкес мектепке 6 жастан балаларды қабылдау нормасы күшіне енеді. Ол кезде үш ауысымдық мектептердің туындау қаупі бар. Мұны мемлекет тарапынан қойылып отырған талап – жекеменшік мектептерді дамыту арқылы шешеміз, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Майра Меделбекова.
Облыстың бас мұғалімі студенттерге жатақхананың жетіспеушілігі мәселесін де жеткізді. 1,5 мың студентке кем дегенде бес жатақхана салынуы керек екен. Мұны да мемлекеттік тапсырыспен қатар жекеменшік әріптестігі аясында шешуге әбден болады. Айтқандай, облыс жастарына қажетті 5 жатақхананың екеуінің құрылысын кәсіпкерлер салып жатыр
– Мемлекет қазір мемлекеттік тапсырыс арқылы әр жататын орынға жаңа құрылыс болса, 122 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлейді. Ал модернизацияға, болмаса қайту құру, реконструкция тәсілімен жасалатын болса 47 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әр студентке төленеді. Бұдан басқа жатақханаларды бұрынғы жатақхана ұғымында емес, қазіргі жаңа ұғымда – студенттер үйін жасау керек деп ұсынуда», – дейді «Қазақстандық мемлекет-жекеменшік әріптестігі орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Матаев.
Осылайша екі жаққа да тиімді бағыт бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бүгінде «Маған Отаным не берді деп емес, мен Отаныма не бердім деп ойла» деген тәмсілге ұқсас ой жиі айтылады. Әлеуметтік мәселелердің бәрін мемлекеттің иығына артып қойып, кетпеннің сабынан қарауыл қарау жаныашымастың ісі. Шын жанашырлардың пиғылы осындай кездерде танылады.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы