Жаратылыстану пәндері ағылшынша оқытылады

Жаңа білімді терең меңгеру мектептердің материалдық-техника­лық жабдықталуына, оқытудың сапалық мазмұнын артты­руға, ұстаздардың біліктілігін жетілдіруге, заманауи техно­логияларды қолдануға тікелей байланысты екені талас тудырмайды.

Егемен Қазақстан
12.09.2018 3563
2

Жаратылыстану пәндері ағылшынша оқытылады

Елбасы «Төртінші өнеркә­сіп­­тік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында барлық жас­та­ғы азаматтарды қамтитын бі­лім беру ісінде өзіміздің озық жүйе­­мізді құруды жеделде­ту қа­жеттігін атап көрсеткен бо­ла­тын. Айталық цифрланды­ру­­ды, 3D-баспаға негіз­дел­ген Big­Dataны, биотехно­логия­лар­дың, жүргізушісіз автокөлік пен меди­цинаның жинақтау және талдау әдістерін дамыту, индустриялан­дыру талаптарына сәйкес жаңа ма­мандықтарды енгізу – бүгін­гі жаһандану үрдісіне тән құбы­лыстар.

Осыған орай білім беру бағдарламаларының басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болуға аударылып, жаңа білімді меңгеру қабілетін күшейту талап етіліп отыр. Инновациялық білім жүйе­сін дамыту мақсатында өңір ұстаз­дары биылдан бастап жерг­і­лікті Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін басқару, оқыту, білім беру және тәрбиелеу, сонымен қатар педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру істе­рін­де қолданбақ. Елімізде пе­дагог­терді аттестаттаудың жа­ңа жүйесі енгізілгені белгілі. Жа­ңа фор­маттағы аттестаттау нәти­жесінде облыста жаңа 1599 ұстаз­дың жалақысына үстеме қосыл­мақ. Ал келер жылы химия, био­логия, информатика, физи­ка пәндері жаңартылған бағдарлама бойынша ағылшын тілінде оқытылып, еңбекақы 30 процентке ұлғаяды. Оқушының білімі мен оқудағы табысы нақты критерий мен дескрипторлар бойынша сараланып, бағалау жүйесіндегі шынайылыққа қол жет­кізіледі. Қазіргі уақытта мек­­тептерде жаратылыстану ғы­лым­­дары пәндерін ағылшын тілін­де оқытуға басымдық беріле бас­­тады. Мұндай тәжірибені 57 мектеп қолданады. Алдағы жы­лы олардың саны 205-ке дейін кө­бей­мек. Түрлі байқауларға 1,5 мыңнан астам оқушы қаты­сып, 320 жүлделі орынға қол жет­кі­зілді. Жалпы білім беру пәндері бойынша өткен респуб­ли­калық олим­пиадада солтүстік­қазақ­стан­дық команда екінші орынды иеленді.

Ара мен жібек шаруашылығына даярлауда

 Жолдау талаптарының бірі – білім беру жүйесін «цифр­лы дәуір» кезеңіндегі индустрия­ландыру талаптарына бейімдеу. Облыста 12 жылдық білім беру моделіне негізделген ақпарат­тық-білім беру ортасы қалып­тас­қанын айта кеткен жөн. Цифр­лан­дырудың жол картасын жү­зеге асыру шеңберінде барлық білім ордаларындағы интернет жылдамдығы 20 мбит/с-ке дейін жеткізіледі. Қазір жылдам интернетке қосылған мектептердің үлесі 80%-ті құрайды. Жыл аяғына дейін осы жүйемен толық қамтамасыз етіледі. Ұстаздар «Білімland» сандық білім беру платформасы мен өзге де цифрлы ақпараттық ресурстарды тұрақты пайдалана бастады.

Облыс орта­лығында «смарт-балабақша» мен «смарт-мектеп» жобалары іске қосылды. №1 жалпы білім беру ли­цейінде ІТ-лицей жобасы енгізіліп, оқыту пәнаралық инте­г­рациялар негізінде атқары­лады. «БЭСТ» гимназиясында мем­лекет-жекеменшік әріптес­тігі негізінде «Е-асхана» моду­лі қолданылмақшы. Өзге білім ошақ­тарында да STEM-техно­ло­гияларын енгізу арқы­лы бас­қарудың негізгі процес­­те­рі автоматтандырылған жүйеге көшіріледі. 2016-2019 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағ­дар­ламада мектептерде инклю­зивті білім беру жүйесін жетіл­ді­руге және ерекше білім беру­ді қажет ететін балалар үшін инте­грациялық оқытудың модульдік жоспарын құруға ерекше назар аударылған. 339 мектепте инклюзивті білім беру үшін қажетті жағдай жасалған. 830 сыныпта ерекше білім беруді қажет ететін балалар өзге оқушылармен бірге оқиды. Алдағы уақытта ресурстық, инклюзивті қолдау сыныптары ашылады. «Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлық және қызмет көрсету» жекеменшік мекемесі алғаш рет «Ара өсіру және жібек шаруашылығы» ­ма­ман­дығына мемлекеттік тапсырыс алып, түлектерді осы кәсіп тү­рін игеруге бейімдейтін болады.

Оқушылар сарайы ашылады

Әр білім ошағында жеке тұл­­­­ғаның адамгершілік-руха­ни қасиеттерін дамытуға ықпал ете­тін орта құру – жаңа мазмұн­дағы білім берудің басты қағи­даттарының бірі. Осы орай­да жуырда пайдалануға бері­летін Оқушылар сарайы әлем­дегі ең озық техникалармен жаб­дықталған бірегей орталыққа айналмақ. Оның жұмысы жоба­лық-зерттеулерге, ғылыми-тех­никалық шығармашылықты да­мытуға бағытталады. Онда балалар мен жастардың бос уа­қытын пайдалы өткізуіне және дамуына ықпал ететін экспло­раториумды инновациялы IT-орталығы, «Multiplace Cowor­king» аймағы құрылады. Бағдар­ламалау және графикалық дизайн зертханалары, роботты техника құрылымдау, анимациялық студиялары, голография, каркасты-вакуумды кинотеатр, электромобильдер, басқа да технологиялар болады.

Кәсіптік және техникалық білім беру жүйе­сінің алдында да зор міндет­тер тұр. Мағжан Жұмабаев атын­дағы гуманитарлық колледж­ге қолданбалы бакалавриат, ал өзгелеріне модульді білім беру бағдарламасы енгізілуде. «Цифр­лы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде 6 колледжде ІТ-ма­­мандықтар бойынша кадр­лар даярлау ісі қолға алынды. Биз­нес-қауым­­дас­­тықтардың тех­никалық және кәсіптік білім беру мекеме­л­е­рінің жұмысына деген қызығушы­лы­ғын арттыру үшін колледж­дерді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен ком­мерциялық емес акцио­нер­лік қоғамдардың ұжым­дық басқаруына беру мәсе­лесі қа­растырылуда. Ірі кәсіп­ор­ын­дардың колледждерді бас­қару және мамандық иелерін даярлау ісіне қатысуы инвести­ция тартуға, нарықтық жағдай­ға бейімделуіне әсер етері сөз­сіз. Петропавл құрылыс-экономи­калық колледжінде жауапкер­ші­лігі шектеулі серіктестік ре­­­тінде құқықтық формасын енгі­­зу­дің алғышарттары жасал­ды. Жергілікті колледждер 4 жыл­дан бері «Серпін-2050» бағ­дарламасы бойынша оңтүстік өңір­лердің мектеп түлектерін қабылдап келеді. Оқу бітіргеннен кейін оларға жұмыс орындары ұсынылады.

Қазақ мектебі салынуда

Таяуда ұстаздар қауымының тамыз кеңесіне қатысқан өңір басшысы Құмар Ақсақалов Петропавл қаласында соңғы білім ғимараты 11 жыл бұрын салынғанын айтқан болатын. Қазір 1500 орынға лайықталған 2 қазақ мектебінің құрылысы басталды. Қызылжар ауданында мемлекеттік тілде білім беретін білім ордасын тұрғызу жоспарланған. Соңғы бес жылда жөндеу жұмыстарына жылына 300 миллион теңге бөлініп, ғимараттардың 10 проценті ғана қалпына келтірілсе, келесі жылы қаржы 10 есе артық бағытталады. Ал 2019 жылы 5 миллиард теңгеге 120 мектеп жөнделеді. Жыл сайын 300-400 компьютер жаңартылса, келесі жылы 4 мың компьютер сатып алынбақ.

 Білім үйлерінің 80 проценті шағын жинақты мектептер бол­ғандықтан қаржыландыру жа­ғынан тиімсіз екені жиі көте­ріліп жүр. Осы жағы ескеріліп, Құмар Іргебайұлы «Уақытша отбасы» жобасын жүзеге асырудың міндеттерін белгілеп берді. Оған сәйкес өзге ауылдарда оқитын оқушылар интернатта емес, патронатты отбасыларда тұрады. Ондай шаңырақтарға арнайы төлемақы беріледі. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойын­ша жұмысқа орналасқан жас мамандарға баспана салып беру жолдары да қарастырылған. Бұл мақсатқа жеке кәсіпкерлер тартылып, экономикалық әлеуеті зор елді мекендердің мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылмақ.

 

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.11.2018

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

20.11.2018

Қайырымды қала тұрғындары тегін дүкен ашты

20.11.2018

Гүлшара Әбдіқалықова Албания Республикасының Еуропа істері және сыртқы істер министрімен кездесті

20.11.2018

Қ.Тоқаев Албанияның Еуропа және сыртқы істер министрі Д.Бушатиді қабылдады

20.11.2018

Павлодардағы электр қуаты 4 процентке төмендеді

20.11.2018

Түркі киносын әлемге таныту тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

20.11.2018

Атырауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде көшелерді жарықтандыру жобасы іске асырылады

20.11.2018

Павлодарда Елбасының өмірі туралы көрініске әртістер таңдалуда

20.11.2018

Түркістанда «Agrofest – 2018» фестивалі өтті

20.11.2018

Албанияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді

20.11.2018

«Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Жетпіс мың адамның жалақысы өседі

20.11.2018

Алматыда жаңа комедиялық фильмнің тұсауы кесілді

20.11.2018

Түркістан аймағының Берлинде басылған көне картасы

20.11.2018

Алматыда «Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Талғат Ешенұлы. Жүрегі бар жалғыз үй

20.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Дінзухра Тілендиеваны қабылдады

20.11.2018

Қазақ ғалымы Швецияда су тазартудың экологиялық таза әдісін ойлап тапты

20.11.2018

«Қазақстан темір жолы» және «ҚазМұнайГаз» басқармаларының жаңа төрағалары тағайындалды

20.11.2018

Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея басшылығымен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу