Халықаралық телекоммуникациялар одағының форумы корпорациялар мен жоғары технологиялар өндіруші компаниялардың өзара іс-қимылын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған. Шара аясында сандық технологиялардың көрмесі өтеді деп күтілуде.
Дәурен Абаев бұл форумда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының іске асуымен бөлісті. Сондай-ақ ол шетелдік әріптестермен кездесіп, үкіметтік деңгейде сандық технологияларды дамыту және қауіп-қатерден сақтану жолдарын талқылады.