Президент • 12 Қыркүйек, 2018

Словениядағы Халықаралық форумда Елбасының бітімгершілік рөлі атап өтілді

348 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және елдің беделі мемлекеттің халықаралық медиациядағы жетістігінің кепілі болып табылады. Бұл ретте осындай күш-жігердегі орташа деңгейдегі мемлекеттердің рөлі болашақта объективті түрде өсетін болады. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко 10-11 қыркүйекте Словенияда өтіп жатқан «Bridging the Divide» (алшақтықты жеңу) тақырыбы бойынша 13-ші жыл сайынғы Блед стратегиялық форумында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Словениядағы Халықаралық форумда Елбасының бітімгершілік рөлі атап өтілді

Р. Василенко «Әлемдегі жаңа көпполярлы медиация - үміт пен шындық арасында» панельдік сессиясындағы сөзінде форумға қатысушыларды көпжақты дипломатияны дамытуға және ынтымақтастыққа, сондай-ақ жанжалдарды бейбіт және алдын ала реттеуге бағытталған Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтары туралы хабардар етті.

Осыған байланысты Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, сонымен қатар шиеленісті жағдайларды саяси және дипломатиялық тәсілдер арқылы  бейбіт жолмен шешуге елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.

Қазақстан дипломаты Астананың шиеленіс аймақтарындағы мәселелерді халықаралық құқықтың  нормаларына сәйкес ықпалды халықаралық тетіктерді қабылдау арқылы бейбіт жолдармен шешуді қолдайтынын баса айтты.  Қазақстанды әлемде өңірлік медиатор ретіндегі рөлін жоғары деңгейде мойындауы біздің еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) және Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) төрағалық етуі, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы бастамасын әлемдік қоғамдастықтың қолдауы болды.  

 «Президентіміздің бітімгершілік негізінде оның жеке көзқарасы мен ұстанымдары арқау болады. Оның күш-жігерінің арқасында әртүрлі елдер арасындағы қарым-қатынастардағы шиеленістер азаюда», - деді Р.Василенко.

Президент Н. Назарбаевтың жеке медиациялық жігерінің арқасында 2016 жылы Ресей мен Түркия көшбасшылары арасындағы қарым-қатынас қалпына келтірілді және 2017 жылдың басынан бастап Сирия бойынша Астана процесі іске қосылды.

Осы ретте, Астана келіссөздері жиынға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Қазақстан дипломаты қазіргі кезге дейін ұйымдастырылған келіссөздердің он раундының басты жетістігі –  жауынгерлік әрекеттерді тоқтату тәртібін үш жақты бақылау тетігін орнату, Сириядағы шиеленісті әлсіреті аймақтарын құру, сондай-ақ ұсталғандармен алмасу, қаза тапқандарды тапсыру және хабарсыз кеткен адамдарды іздеу бойынша жұмыс топтарының құру екендігін атап өтті.

Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар туралы жалпы айта келе, дипломат Қазақстан өңірдегі барлық акторлар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты дамытуды жақтайтынын, өткен «үлкен ойынға» қарағанда «барлығы үшін үлкен ұтыс» парадигмасының нақтылығы мен артықшылығына сенімді болып отырғанын атап өтті.

Отырыс оған қатысқан барлық мемлекеттердің өңіраралық өзара іс-қимылға және ұсынылған форматтағы белсенді диалогты жалғастыруға, Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыруға үлкен қызығушылығын танытты. Иран ядролық бағдарламасы бойынша көп жылдық келіссөздерге тікелей қатысқан Еуропа сыртқы іс-әрекеттер қызметінің (ЕСВД) Бас хатшысы Хельга Шмид панельдегі өз сөзінде «алты қосу бір» форматында халықаралық топтың келіссөздерді жүргізудегі, сондай-ақ Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарын (БКҚЖ) имплементациялаудағы ҚР сындарлы рөлін атап өтті. Бұл ретте, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуді қоса алғанда, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуде Еуропа Одағының Қазақстанмен және өңірмен одан әрі сындарлы ынтымақтастығының әлеуеті туралы атап өтілді.

Форум аясында Р. Василенко мен Х. Шмид арасында және бірқатар Еуропа және Азия елдеріндегі әріптестерімен екіжақты кездесулері өтті. Еуропа сыртқы байланыстар қызметі басшысымен ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері, оның ішінде Қазақстан мен ЕО арасындағы визалық режимді жеңілдету перспективалары, сондай-ақ Орталық Азия елдерімен қарым-қатынас бойынша ЕО жаңа стратегиясын әзірлеу барысы талқыланды.