Қызбелдің Қайсары

Жуырда Алматыдағы Ұлттық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағы, Алматы қаласының әкімдігі Мәдениет және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен Œткен кездесуде журналист, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты Қайсар ›лімнің бірнеше кітабының таныстырылымы өтті.

Егемен Қазақстан
17.09.2018 2564
2

Қазақ баспасөзінің дамуына өзіндік үлес қосып, шығармашылық жылдарында 34 кітаптың жарық көруіне табаны күректей 55 жылын арнаған, бүгінде 70-ті еңсерген журналист, жазушы Қайсар Әлімнің Алаш қозғалысының 100 жылдығына кәделі сый ретінде ұсынған «Міржақыптың оралуы. Возвращение Миржакипа», таңдамалы көркем шығармалары топтастырылған «Безінген ләйлек», «Өз өрмегім» деп аталатын күнделіктерінің қос томдығы көпшіліктің назарына ұсынылды.

Әдеби іс-шараны жүргізген жазушы, журналист Жақау Дәуренбеков автор шығармашылығының ерекше бір кезеңдеріне тоқталып, пікір білдірушілер арасында әңгіменің жігін жалғап отырды. Ал Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып әдеби ортаға киелі шаңырақтың ізгі тілегін жеткізіп, бүгінгі күні шығармашылығына 55 жыл толып отырған жазушының жаңа кітаптарына құтты болсын айтты. – Әрбір күннің оқиғасына ерекше мән беріліп топтастырылған «Өз өрмегім» - бұл тұлғалық қаламгердің күнделігі, оның өмірге деген көзқарасы, ал ««Міржақыптың оралуы» баршамызды елең еткізіп отыр. Міржақып мүрдесінің сонау Карелия жерінен табылған кезінен басталған оқиғалардың барлығын «Егемен Қазақстаннан» ары қарай не болар екен деп журналист Қайсардың жаңалықтарынан елеңдеп күтіп отырушы едік, – деді Бауыржан Жақып.

 Бүгінде Қайсар Әлім шығармашылығын Міржақып Дулатовтың өмірімен, Әзілхан Нұршайықов есімімен байланыстырмау әсте мүмкін емес.

«Уақыт алыстаған сайын Міржақыбы халқына жақындай түсер!.. Көп біліп қана қоймай, інжу-маржанның ең керектісін халқын оятуға арнаған ақкөмей, даңғыл ой, кесек тілді дара тұлға Міржақып бүгін ортамызда жүргендей, ертеңге бірге қанаттасып, қолтықтасып бара жатқандай!..» деп толғайтын жазушы алаш қайраткерінің бұрын-соңды жарық көрмеген, парақтары әлі ашылып үлгермеген өмірінің ерекше бір сәттерін оқырманмен қауыштырды. Ал Міржақып мүрдесінің туған топырағында жай табуына қосқан еңбегі өз алдына ерек.

 Ұлттық әдебиетте махабаттың жыршысына айналған Әзілхан ағамен алмасқан хаттар мазмұны әдеби әлемнің ерекше бір сәттерін толғайды. Бүгінде үлкен кітапқа арқау болған бұл тақырып әдебиет сүйер ортаға сырға толы мазмұнымен құнды.

Қайсар Әлімнің журналистік еңбек жолы көп жағдайда қайраткерлікпен ұштасып жатады, дейді  аға буын. Оның тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровпен сұхбаты да оқырмандар елеңдеп оқыған оқиғалардың біріне айналды.

«Қостанайдай топырағы киелі өңірде туып өскен Қайсардың тіл байлығы, ой өрісі, дарынды қарымы тектен-текке болмаса керек-ті. Туған топырақтан дарыған өжеттігі мен өткірлігі, соның арқасында ерекше шығармашылық иесі болуы жайдан-жай емес. Маған әсіресе, эсселері ұнайды. Сыр аға, Ғафу,  Сейіт Кенжахметов туралы жазғандары қайталанбас дүниелер дер едім. Мұнда жыр да, сыр да, көркемдік те көмкерілген. Журналист ретінде очерк жанрының санаулы шеберлерінің бірі. Осы ретте Кәмшат туралы жазылған шағын хикаятын айтсақ та жеткілікті. «Жаңағы бауырынан демеп желбіретіп жіберген ақ орамал нәзік қанаты талғандай, ұйыса өскен бір топ көденің өркешіне қонақтапты. Нәзік жанын піскілеген шөп тікенегінен қорынғандай үлп-үлп етеді...», міне, осы бір шөп үстіне түскен нәзік орамалды суреттеген сәтінен қасаң тілді көркем тілге айналдырған Қайсардың шеберлігін аңғарамын» деген Сарбас Ақтаев ағамыз жазушы шығармашылығына ерекше ілтипатын білдірді.

«Қайсар күнделікті тірлікте біздер байқай бермейтін, назар салмайтын дүниелерге тереңнен қарай білді. Алаш қайраткері Міржақыптың елімен қауышуына атсалысуының өзі оның қайсар қадамын білдірсе керек-ті. Қазақ әдебиетімізде айшықты орны бар Әзілхан Нұршайықовпен етене жақын болған да Қайсар. Қайсардың бойында нағыз журналистке сай қайсар мінез бар» деген ақжарма тілегімен бөліскен Қазақстанның Құрметті журналисі Мамадияр Жақып ағамыз қаламгерге сексен жасқа келгенше әлі талай дүниелер жаз деген тілегін арнады.

Әдеби кеш барысында ардагер журналист, ақын Жұмат Әнес, академик Сәбит Байзақов, сәулетші Әбдісағит Тәтіғұлов, ардагер-ұстаз Ағыбай Мұқатаев, ақын Шөмішбай Сариев, жазушы Зәкір Асабаев сынды зиялы қауым өкілдері жазушы шығармашылығы туралы қызықты естеліктерді ортаға салды.

Ал осы мәдени шараның өткізілуіне ұйытқы болған Ұлттық кітапхана директоры Жанат Сейдуманов шығармашыл тұлғаға ізгі тілегін білдіріп, қазақ қаламгерлеріне қандай кезде де қолдау білдіретіндігін жеткізді. 

Мәдени  шараның тағы бір мазмұнды бөлімі – елімізге белгілі кинорежиссер Қалила Омаров түсірген «Қалам киесі» деректі фильмінің көрсетілімі. Жазушы шығармашылығы мен өмірінің ерекше бір сәттерін бейнелейтін фильмде туған жер топырағынан бастау алған көріністерде қаламгердің тұлғалық келбеті жан-жақты қырынан ашылады.

«Анамның соңғы демі үзілерде «Қаламсабыңды қолыңнан тастама, ботам» деп айтып кеткен өсиет сөзі журналистік ғұмырымның айқын бағытына айналғандай... Соның айғағындай, шығармашылығымның 55 жылында еліміздің тарихына қатысты қадау-қадау оқиғалардың куәсі болыппын. Мәселен, тәуелсіздіктің  алғашқы таңын ақтаңгер ақын Ғафу Қайырбековпен бірге сапарлас болып жүріп Торғай елінде қарсы алсам, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровты Арқалық өңірінде көк аспаннан қарсы алдым. Алаш арысы Міржақып Дулатовтың Карелияда жатқан мүрдесін 57 жылдан соң туған жеріне әкеп қайта жерлеуге қатысуым, Чернобыль апатының қаһармандарына арналған алғашқы хикаятым, Кейкі батырдың бас сүйегін 93 жылдан кейін туған еліне әкеліп табыстауға қатысты мақалалар жазуым, астана Алматыдан Сарыарқа төріне қоныс аударғанда алғашқы келушілерді қарсы алып, («Егемен Қазақстанның» ұжымы да бар) 10 жыл бойы елорданың жаңа басталған құрылысын газет бетінде ұдайы көрсетуім сияқты, т.б. айшықты кезеңдер қаламгерлік ғұмырымның ұмытылмас сәттері» деген жүрекжарды пікірімен бөліскен «Қызбелдің Қайсары» тың тақырыптар сүрлеуіне қарай бет алды.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

22.01.2019

Жастар жылының логотипі бекітілді

22.01.2019

Жол азабына ұшырағандарға шекарашылар көмекке келді

22.01.2019

Р.Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

22.01.2019

Жаңақала ауданында жоғалған адам табылды

22.01.2019

Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

22.01.2019

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

22.01.2019

Төсек тартқан науқасты үйде күтетін «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алу керек

22.01.2019

Қарағанды облысында адасқандар құтқарылды

22.01.2019

Іскер әйелдер қауымдастығы – қайырымдылық бастамашысы

22.01.2019

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22.01.2019

Алуа Балқыбекова: Қазақтың боксшы қыздарымен әлемде барлығы да санасады

22.01.2019

Қасиетті қамшы

22.01.2019

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

22.01.2019

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жаңа жобаны таныстырды

22.01.2019

Ақырзаман жақын ба?

22.01.2019

Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

22.01.2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

22.01.2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

22.01.2019

Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу