Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2018

Солтүстік Қазақстан тұрғындары банктерге 6,5 млрд теңге қарыз

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандықтар екінші деңгейлі банктерге несие бойынша  5,6 трлн теңге қарыз болса, 6,5 млрд теңгесі солтүстікқазақстандықтарға тиесілі. Ұлттық банк СҚОФ-ның басшысы Диас Мэлс БАҚ өкілдерімен кездесуде осындай мәлімет таратып, валюта нарығындағы ахуалға тоқталды.

Солтүстік Қазақстан тұрғындары банктерге 6,5 млрд теңге қарыз

Облыс тұрғындары былтырғы жылға қарағанда биыл несиені көп алған.  Араларында берешектерін мезгілімен өтей алмаушылардың үлесі аз емес. Осы себепті банктерге 6,5 млрд теңге қарыз жинақталып қалған.  

«Несие және депозит нарығы көрсеткіштері бойынша өсу байқалады. 7 айда несие мөлшері 77,4 млрд теңгеге жетіп, былтырға қарағанда 14 процентке өскен. Кредиттер бойынша доллар мөлшері төмендеп, 1,9 процентті құраған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 4,2 процент болған.

Ал депозит нарығы 15 процентке көбейген. Жеке тұлғалардың салымы біршама молайған. Облыс бойынша жыл басынан бері инфляция деңгейі 3,3 процентті құраса, тамыз айында 0,1 процент болды», дейді  Ұлттық банкі облыстық филиалының директоры Диас Мэлс.

Ол облыста «7-20-25»  жаңа ипотекалық бағдарламасы бекітіліп,1326 өтініш қаралғанын, 15,7 млрд. теңгеге тапсырыс берілгенін, өңірде жұмыс істейтін 6 банк  арқылы несие рәсімдеуге болатынын жеткізді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар