Кино • 14 Қыркүйек, 2018

Жақсылықтың жеңісті жолы

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткенде Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сара­йының жаттығу залына кездейсоқ бас сұққан жандар қызық оқиғаның куәгері болды. Оқиға дегенде, қазіргі заманғы озық үлгімен бой көтерген спорт ғимаратының іші бір күнде өзгеріп, өткен ғасырдың 80-жылдардағыдай сәулет кейпіне енгенін көріп, таңырқаған еді... 

Жақсылықтың жеңісті жолы

Шын мәнісінде бұл көркем фильмге лайықталып жасалған декорация болатын. 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпия ойын­­дарының чемпионы, балуан, бүгінгі Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіров жайлы фильмнің негізгі түсіру жұмыстары Тал­­­ды­қорғанда жалғасуда. Же­ті­су­да түсірілген фильм эпизоды­на балуанның Олимпиада ал­дындағы дайындық кезеңі мен әлемдік дода үстіндегі тең­­­дес­сіз жеңіс сәті арқау болған. Үш­­кем­­­піровтің жалынды ша­ғын жас актер Олжас Сақ сомдайды.

– Жақсылық ағамыздың рөлін сомдау әрі жеңіл, әрі қиынға соқты. Жеңіл болатыны, өмірі нұрлы, жолы жар­қын ғой ол кісінің, өзі де үне­мі ақыл кеңесін айтып, қам­қор болып қасымда жүр. Қиналғаным, балуанның боз кілемдегі әдіс-айласын айнытпай қайталауға тиіспін. Өзім еркін күреске қатысқан едім, Жақсылық аға классикалық күрестің шебері. Екі ай бойы жаттығу залынан шықпай да­йындалуға тура келді, – дейді актер.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы