Жазғы спорт • 14 Қыркүйек, 2018

«Денсаулық» фестиваліне үш мыңнан астам адам қатысты

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласында өткен «Денсаулық» фестиваліне үш мыңнан астам адам қатысты. Саламатты өмір салтын серік еткен шаһар тұрғындары әсерлі әуеннің ырғағымен бой қыздырып, флешмоб пен спорт сайыстарында күш сынасты.

 «Денсаулық» фестиваліне үш мыңнан астам адам қатысты

Шара барысында спорт­сүйер қауымға денсаулық автобусы қызмет көрсетіп, ондағы арнайы мамандар фестивальға қатысушылардың қан қысымын өлшеп, қан құрамындағы қант пен холестеринді анықтады. Сонымен қатар оларға дұрыс тамақтану мен саламатты өмір салтын ұстану туралы жекелей кеңестер берілді.

Денсаулық фестивалін ұйымдастырушылардың бірі, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев бүгінде тұрғындар арасында дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықтың арта түскенін атап өтті.

– Облыста спорт алаңқайлары, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, бассейндер ашылып, жаңа спорт түрлері пайда болып жатыр. Мұның бәрі біздің тұрғындардың саламатты өмір салтын ұстануы үшін жасалып жатқан игіліктер, – деді Е.Нұрлыбаев.

Ұйымдастырушылар ауыр­майтын жолды нұсқар «Ден­саулық» фестивалінің жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратынын айтты.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды