Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2018

Тамара Дүйсенова Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметшілермен кездесті

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалында «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенованың мемлекеттік қызметшілермен кездесуі ұйымдастырылды.

Тамара Дүйсенова Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметшілермен кездесті

Кездесу барысында Т.Дүйсенова мемлекеттік қызметшілерге қонақдәріс оқып, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті, мемлекеттік қызметшілердің сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында мемлекеттік қызметшілердің арасында «Оқы, жетіл және бөліс» атты челленджі бастау алды.

Аталған челлендж барысында Т.Дүйсенова және Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Р.Медетов әрбір мемлекеттік қызметшінің оқуы тиіс кітаптарды табыстады.

Акция аясында мемлекеттік қызметші қысқа мерзімде кітапты оқып, болғаннан кейін оны келесі мемлекеттік қызметшіге береді.

Жыл соңында аталған кітаптардың мазмұны бойынша пікір алмасу өткізіліп, үздік мемлекеттік қызметшілер алғыс хаттармен және электрондық кітаптармен марапатталады.

Негізгі міндет - кітап оқу арқылы мемлекеттік кызметшілердің ой-санасын, өзін-өзі тануын арттыру,  олардың мемлекеттік басқарудың оң тәжірибесін игеруі.