Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2018

Басымдық – өңдеу саласына

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2016 жылы  Қазақстан мен Түркия сауда айналымы 3,5 млрд АҚШ долларының шамасында еді. Сондықтан мемлекеттер бас­шы­лары сауда айналымын 5 млрд дол­ларға жеткізу жөніндегі ме­­же­ні белгіледі. 

Басымдық – өңдеу саласына

Іс жүзінде біздің ел түркиялық инвесторлардың көптеп келуі­не мүдделі. Мәселен, қазір Қазақ­стан­ның экспорт көлемі ұлғайып келеді. Түркияға 2017 жылы 1 млрд 145 млн АҚШ долларының өні­мі экспортталды. 
Егер импортты қарайтын болсақ, 130 млн АҚШ долларының шамасында болса да, Түркиядан тасығанымыз шикізаттық емес өнім­дер емес. Оның ішінде ма­ши­­на жабдықтары, құралдар мен құрыл­ғылар, матаның үлесі басым. Енді Қазақстанның алдында экспорттағы шикізаттың үлесін азайтып, өңделген өнімді сату міндеті тұр. 
Осыған орай, Мемлекет бас­шысы­ның ресми сапары кезін­де көптеген салада ынтымақ­тас­­тық­ты тереңдете түсу ұсы­ныл­ды. Қазір байыптап қарай­тын бол­сақ, Түркияда өңдеу өнеркәсібі жақ­сы дамы­ған. Әлемдік деңгейде жеңіл өнеркә­сіптің, қайта өңдеу өнер­­­кәсі­­бінің дамуы бойынша Қытай алдың­ғы орында тұрса, Түр­кия содан кейінгі орындарда орналасқан. 
Міне, Мемлекет басшысы осы мәсе­лелерге назар ауда­рып, Түр­кия кәсіпкерлерін Қазақ­­станға инвестиция салуға ша­қырды. Оның ішінде қайта өң­деу саласына маңыз берілуде. Өйт­­­кені, елімізде 2017 жылы қа­был­­­­данған Экспорттық стратегия бойынша 2022 жылға де­йін шикізат экспортынан бірті­ндеп арылып, өңдел­ген өнім экспортын ұлғайту міндеті қойылды. Осы межеден шығу үшін бізге Түркияның көмегі қажет.

Мадияр КЕНЖЕБОЛАТ,
экономика ғылымдарының кандидаты