Бизнес • 17 Қыркүйек, 2018

Арқалықта қуатты ет комбинатының құрылысы аяқталып келеді

515 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанай облысының оңтүстік өңірінің орталығына айналған Арқалық қаласында ет өңдеу кешені инвестициялық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Құны 2 миллиард теңгені құрайтын ет комбинаты тәулігіне 10 тонна ет өңдейтін болады. «Торғай ЕТ» жауапкершілігі шеуктеулі серіктестігі 120 қалалыққа жұмыс орнын береді.

Арқалықта қуатты ет комбинатының құрылысы аяқталып келеді

Қостанай облысының Кәсіпкерлікті қолдау жол картасына кіретін бұл жобаның бүгінге дейін 1 миллиард 800 миллион теңгесі игерілді. Қазірдің өзінде 60 адам жұмысқа орналасты. Кешен үстіміздегі жылдың қазан айында толық пайдалануға берілетін болады.

Торғай өңірін аралаған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов осы ірі жоба толық іс жүзіне асуына орай, облыстың оңтьүстік аудандарында мал шаруашылығын барынша дамыту керектігін айтты.Амангелді, Жангелдин, аудандары мен Арқалық қаласы маңайындағы мал шаруашылығының бүгінгі жағдайын көзімен көрді, әкімдерді тыңдады. Облыс басшысы оңтүстік өңірдегі мал шаруашылығының бүгінгі барысы әлі де көңіл көншітпейтінін еске салды, шұғыл міндеттер қойды. Мысалы, Амангелді ауданында жыл абсынан бері «Сыбаға» бағдарламасы арқылы барлығы 144 бас асыл тұқымды мал басын сатып алу қажет болса, бүгінгі күнге Аграрлық несие корпорациясына 4 шаруа қожалығынан 45 млн. теңгеге         90 бас асыл тұқымды мал басын сатып алуға өтінімдер тапсыруға құжаттары дайындалған. Облыс әкімі бұл көрсеткіштің жеткіліксіз екенін, аудан басшыларына бұл орайда тиянақты жұмыс істеуді тапсырды. 

«Торғай өңірінде, әсіресе Амангелді, Жангелдин, Науырзым аудандарында Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі секілді ірі өндіріс жоқ. Өңірді тек ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы арқылы дамыта аламыз. Сондықтан барынша мал басын көбейту керек, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалану қажет. Қазір шаруа қожалықтарының, жеке адамдардың мал алуына қолдау көрсетіңдер, бірер айдан соң оңтүстік өңірдегі мал шаруашылығын дамыту ісіне қатысты тағы да басқосу өткіземіз, озық тәжірибелерді ортаға салатын боламыз» деді Архимед Бегежанұлы.

Нәзира Жәрімбет,

Қостанай облысы,

Арқалық қаласы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше