Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2018

Бурабайда «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы сапарға аттанды

625 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Бурабай баурайынан «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы үмітті сапарға аттанды.

Бурабайда «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы сапарға аттанды

Абылай хан алаңынан сапарға шыққан экспедиция он күн ішінде ХVІІІ ғасырдағы «Көкшетау-Ақмола-Ұлытау-Түркістан» керуен жолымен жүріп өтпек. Тағылымды экспедиция Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің тікелей қолдауымен және қоғам қайраткері Мұрат қажы Ыдырысұлының бастамасымен ұйымдастырылып отыр.

Экспедиция құрамына белгілі ғалымдар мен тарихшылар, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кірген. Олар он күн бойы Абылай ханның табан ізі қалған «Көкшетау-Ақмола-Ұлытау-Түркістан» керуен жолымен жүріп өтіп, тарихи мәліметтер, тың деректер жинамақ.

Алдағы уақытта Абылай мен оның заманы туралы жинақталған материалдар арнайы жинақ болып жарық көретін болады. Сондай-ақ, «Абылай ханның қара жолы» атты көркем фильмде түсіру де жоспарланған.

Экспедиция қорытындысы бойынша Ақмола облысы және Көкшетау қаласының табиғи және топонимдік ланшафтасын қолдана отырып жиналған, елімізде теңдессіз топографиялық карта құрастыру межеленген. .

Шара барысында «Ақмола-Тіршілік» серіктестігінің директоры, жазушы-драматург, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев пен қоғам қайраткері Мұрат қажы Ыдырысұлы жиналғандарға тарихи экспедицияның маңыздылығы туралы айтып берді. Сонымен қатар, Абылай ханның ұрпағы Сансызбай Мұхитанов және Мәдениет ауылының ақсақалы Дулат Әміров сөзі алып, экспедиция мүшлеріне ақ батасын беріп, ақжолтай сәт-сапар тіледі.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы,

Бурабай ауданы

Соңғы жаңалықтар