Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2018

Биыл Торғай өңірінде «Бастау-бизнес» жобасы бойынша 132 адам оқыды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік бірнеше бағдарламалар бар. 2010 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді. 

Биыл Торғай өңірінде «Бастау-бизнес» жобасы бойынша 132 адам оқыды

Бірақ Қостанай облысының оңтүстігіндегі аудандардың оларға қатысуы шабан. Сондықтан облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Торғай өңіріне барған сапарында осы мәселені қарады.Ол бойынша облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бағдарлама шеңберінде микрокредит алу үшін жұмысты жаңа бастаушы кәсіпкерлер бизнесті жүргізу негіздері, соның ішінде «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқулары қажет екенін атап өтті.

«Өткен жылы жобаға облыстың оңтүстік өңірлері қатыспады, биыл барлық аудандар мен қалаларда оқыту жүргізілуде. Жалпы 2 268 адамды оқыту жоспарлануда, бұл өткен жылға қарағанда 2 есе көп.  Осы күнге дейін 1 177 адам оқып шықты, олардың 693-і өздерінің бизнес-жобаларын қорғап, оқудан өткендігі туралы сертификатқа ие болды, 484 адам жобаға қатысқаны туралы сертификат алды. Ағымдағы жылы облыстың оңтүстік өңірлерінен 132 адам оқыды» деді Мейіржан Иябайұлы.

 Облыс басшысы өңір мүмкіндікті, мемлекеттік қолдауды барынша пайдалану керектігін айтты.

«Бизнеспен айналысамын дегендер мемлекет тарапынан барлық қолдауды ала алады. Сол мақсатта бағдарламалар жетерлік. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына  қатысу өте төмен. Арқалық қаласынан шамалы бар, Жангелдин ауданынан 2 жоба, Амангелді мен Науырзымнан бір де біреу жоқ.Аудан басшылары, тиісті қызметкерлер мемлекеттік бағдарламаларды тұрғындарға мүмкіндігінше таныстырып, түсіндіруі керек» деді Архимед Бегежанұлы.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай облысы